Құжат мәтініне өту

О штандарте и порядке официального использования знаков отличия Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 2736 · қабылданған 29.12.1995
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82187/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О штандарте и порядке официального использования знаков отличия Президента Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 2736 ·29.12.1995
31.10.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О штандарте и порядке официального использования знаков отличия Президента Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 2736 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О штандарте и порядке официального использования знаков отличия Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы және оның айырым белгiлерiнiң ресми пайдаланылу тәртiбi туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2736
Қабылданған күні
29.12.1995
Көрсетілген редакция
31.10.2012 AI82187_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U950002736_
ЭКБ идентификаторы
82187
Редакция идентификаторы
AI82187_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:27

0 Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы және оның айырым белгiлерiнiң ресми пайдаланылу тәртiбi туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1 1. Республика Президентiнiң байрағы мен омырау белгiсi мемлекеттiң ең жоғары лауазымды адамының ресми айырым белгiлерi болып табылады деп белгiленсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Президентi байрағының сипаттамасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

3 3. Былай деп белгiленсiн:

1 1) Қазақстан Республикасы Президентi байрағының эталоны орналасатын жер Қазақстан Республикасының астанасындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясындағы қызмет кабинетi болып табылады;

2 2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы Республика астанасындағы Мемлекет басшысы тұратын Резиденцияда, оларда Республика Президентi болған уақытта басқа резиденциялар үстiнде, Республика Президентiнiң көлiк құралдарында орнатылады.

4

4. Республика Президентiнiң омырау белгiсi мемлекеттiк мекемелер құрметiне, әскери парадтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми адамдарын қабылдау, Республика Президентi атынан өткiзiлетiн ресми қабылдаулар, Парламент сессиясын ашу, мемлекеттiк наградаларды тапсыру кезiнде, сондай-ақ Республика Президентi салтанатты кеште немесе концертте құрметтi қонақ болған не қатысқан, ресми телевизиялық сұхбат берген кезде, шетелдiк сапарлар уақытында қабылдаушы тараптың хаттамасына сәйкес тағылуы мүмкiн деп белгiленсiн.

5 5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

1 Қазақстан Республикасы Президенті байрағының СИПАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2736 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президенті байрағының СИПАТТАМАСЫ
📌 Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.10.31 № 414 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы - көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес) тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден біріне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында Қазақстан Республиткасының алтын түсті Мемлекеттік Туы бейнеленген.
Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған.
Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Байрақтың сабы "қошқар мүйіз" түріндегі сретті қола кескіндемемен тұйықталған, оған көбілмелі шашақ бекітілген.
Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілде тегі, аты мен әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсететін даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.

Қолданыстағы