Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении норм базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности

Қаулы · № 670 · қабылданған 20.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82188/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении норм базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности Күшін жойған Қаулы ·№ 670 ·20.06.2011
23.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норм базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности

Күшін жойған Қаулы ·№ 670 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норм базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности
Атауы (қаз.)
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
670
Қабылданған күні
20.06.2011
Көрсетілген редакция
23.08.2023 82188_650690.kaz
Соңғы өзгеріс
23.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000670
ЭКБ идентификаторы
82188
Редакция идентификаторы
82188_650690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:10

0 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 670 қаулысымен
бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық
қаржыландыру нормалары

1. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жетекші ғалымдарының, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеуге, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.

2. Ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар мыналарды қамтиды:

1) коммуналдық қызметтерге (су, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету) ақы төлеу;

2) байланыс қызметтеріне және әмбебап байланыс қызметтеріне ақы төлеу;

3) көлікті жалға алу;

4) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

5) негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу, өзге тауарларды сатып алу шығындары, өзге де ағымдағы шығындар, күзет (жеке және заңды тұлғалардың объектісін және (немесе) мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету) шығындары, күзет сигнализациясына арналған шығындар;

6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметте пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуы (амортизация), ғимаратты, жабдықты ағымдағы жөндеу.

Бұл шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің:

1) басқару органдарының ғимараттары үшін бекітілген үлестік нормалар бойынша «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118;

2) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулыларында белгіленген нормативтерге ұқсас нормативтерге сәйкес айқындалады.

3. Жетекші ғалымдардың, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеуді, оның ішінде өтемақы төлемдерін (сауықтыру үшін жәрдемақы төлеуді) қамтиды.
Әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді қамтиды.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар үшін осы шығыстар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі – № 1193 қаулы) сәйкес айқындалады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін еңбекке ақы төлеу шығыстары № 1193 қаулыға сәйкес ең төменгі төлем мөлшерінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарына сәйкес меншікті кірістер есебінен ең төменгі төлемнен жоғары мөлшерде айқындалады.

4. Ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі шығыстар нақты шығындар бойынша қалыптастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қамтиды.

5. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.

___________________

Қолданыстағы