Кіру
Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 1283 · қабылданған 26.09.1995
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82243/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1283 ·26.09.1995
26.09.1995 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1283 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1283
Қабылданған күні
26.09.1995
Көрсетілген редакция
26.09.1995 AI82243_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.1995
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P950001283_
ЭКБ идентификаторы
82243
Редакция идентификаторы
AI82243_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:31

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қосымшаға сәйкес кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

0 Үкiметтiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң Т I З Б Е С I

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 26 қыркүйектегi
N 1283 қаулысына
ҚОСЫМША
Үкiметтiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
Т I З Б Е С I
"Монополист кәсiпорындардың еркiн (нарықтық) бағалар бойынша өткiзетiн өнiмдерiне бағаларды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 қыркүйектегi N 814 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 37, 570-бап).
"Қой шаруашылығын дамытуды экономикалық тұрақтандыру және ынталандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 шiлдедегi N 612 қаулысының 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 29, 346-бап).
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 маусымдағы N 547 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 25, 304-бап).
"Дәрi-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың барлық түрлерiнiң бөлшек сауда бағаларын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 қарашадағы N 939 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 44, 645-бап).
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 қарашадағы N 1176 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне енгiзiлген өзгертудiң 2-тармағының "б" тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 46, 550-бап).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ұлттық валютаны енгiзу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөнiндегi төтенше шаралар туралы" 1993 жылғы 12 қарашадағы N 1121 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 желтоқсандағы N 1302 қаулысының 1-тармағының бесiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 50, 604-бап).
"Импорттық дәрi-дәрмек заттарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және химиялық реактивтердi сату кезiндегi сауда үстемелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 наурыздағы N 259 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 13, 126-бап).
"Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енетiн Өзгерiстердiң 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 474-бап).
"Мұнай бағасын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1416 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 530-бап).

Қолданыстағы