О присоединении Республики Казахстан к международным конвенциям, принятым под эгидой международной организации гражданской авиации (ИКАО)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присоединении Республики Казахстан к международным конвенциям, принятым под эгидой международной организации гражданской авиации (ИКАО)
- Атауы (қаз.)
- АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ (ИКАО) ДЕМЕУIМЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 506
- Қабылданған күні
- 12.05.1994
- Көрсетілген редакция
- 12.05.1994 AI82248_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.1994
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P940000506_
- ЭКБ идентификаторы
- 82248
- Редакция идентификаторы
- AI82248_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:40
0 АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ (ИКАО) ДЕМЕУIМЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ
Әлемдiк әуе көлiгi қатынауына Қазақстан Республикасын онан әрi бiрiктiру, сондай-ақ азаматтық авиация ұшуларының қауiпсiздiгiне қатысты ережелер мен нормаларды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасын мына төмендегi халықаралық конвенцияларға қосу туралы:
Токио қаласында 1963 жылғы 14 қыркүйекте жасалған Әуе мекемелерiнiң бортында iстелген қылмыстар мен басқа да актiлер туралы конвенцияға;
Гаага қаласында 1970 жылғы 16 желтоқсанда жасалған Әуе кемелерiн заңсыз алып кетумен күрес туралы конвенцияға;
Монреаль қаласында 1971 жылғы 23 қыркүйекте жасалған Азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен күрес туралы конвенцияға;
Монреаль қаласында 1991 жылы 1 наурызда жасалған Пластикалық жарылыс заттарын оларды табу мақсатында таңбалау туралы конвенцияға;
Монреаль қаласында 1971 жылғы 23 қыркүйекте қабылданған Азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлерiмен күрес туралы конвенцияны толықтыратын, Монреаль қаласында 1988 жылғы 24 ақпанда жасалған Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсетушi әуежайлардағы заңсыз зорлық актiлерiмен күрес туралы Хаттамаға қосу туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Көлiк министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.