Кіру
Құжат мәтініне өту

О присоединении Республики Казахстан к Международным конвенциям, принятым под эгидой Международной морской организации (ИМО), и к конвенции об ИМО

Қаулы · № 244 · қабылданған 04.03.1994
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82258/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О присоединении Республики Казахстан к Международным конвенциям, принятым под эгидой Международной морской организации (ИМО), и к конвенции об ИМО Қолданыста Қаулы ·№ 244 ·04.03.1994
04.03.1994 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.1994. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присоединении Республики Казахстан к Международным конвенциям, принятым под эгидой Международной морской организации (ИМО), и к конвенции об ИМО

Қолданыста Қаулы ·№ 244 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присоединении Республики Казахстан к Международным конвенциям, принятым под эгидой Международной морской организации (ИМО), и к конвенции об ИМО
Атауы (қаз.)
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢIЗ ҰЙЫМЫНЫҢ (ИМО) ҚАМҚОРЫМЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ЖӘНЕ ИМО ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
244
Қабылданған күні
04.03.1994
Көрсетілген редакция
04.03.1994 AI82258_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.1994
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P940000244_
ЭКБ идентификаторы
82258
Редакция идентификаторы
AI82258_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:41

0 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢIЗ ҰЙЫМЫНЫҢ (ИМО) ҚАМҚОРЫМЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ЖӘНЕ ИМО ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының теңiз кемелерiнде теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қатысты қабылданған жалпыға бiрдей халықаралық ережелер мен нормаларды орындауды және теңiз ортасының ластануына жол бермеудi, сондай-ақ республиканың халықаралық сауда кеме қатынасын үкiметтiк реттеу жөнiндегi ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының мына халықаралық конвенцияларға қосылуы туралы Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын:

а) Халықаралық теңiз ұйымы туралы конвенцияға, 1948 жыл;

б) Жүк маркасы туралы Халықаралық конвенцияға, 1966 жыл;

в) Кемелердi өлшеу жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1969 жыл;

г) Мұнаймен ластанудан келтiрген зияны үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Халықаралық конвенцияға, 1969 жыл;

д) Теңiзде кемелердiң соқтығысуынан сақтандырудың Халықаралық ережелерi туралы конвенцияға, 1972 жыл;

е) 1978 жылғы Хаттамамен (МАРПОЛ 73/78) өзгертiлген, теңiздiң кемелерден ластануына жол бермеу жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1973 жыл;

ж) 1978 жылғы Хаттамамен (СОЛАС 74/78) өзгертiлген Теңiзде адам өмiрiн қорғау жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1974 жыл;

з) Теңiзшiлердi даярлау, оларға дипломдар беру және вахта атқару туралы Халықаралық конвенцияға, 1978 жыл;

и) Қауiпсiз контейнерлер жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1972 жыл.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 1-тармақтың "б" - "и" тармақшаларында аталған конвенцияларға Қазақстан Республикасының қосылғаны туралы құжатты ИМО-ның Бас хатшысы және Халықаралық теңiз ұйымы туралы Конвенцияға қосылғаны жөнiндегi құжатты БҰҰ-ның Бас хатшысына жiберсiн.

3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi негiзгi сыныптаушы қоғамдарға куәландыру жүргiзудi және конвенциялық құжаттар берудi тапсыру туралы шешiмдер қабылдауға қоса тиiстi халықаралық конвенцияларда көзделген куәландыру мен куәлiк беру тәртiбiн анықтасын.

Қолданыстағы