Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 505 · қабылданған 07.04.1997
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82293/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 505 ·07.04.1997
07.06.2012 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 505 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
505
Қабылданған күні
07.04.1997
Көрсетілген редакция
07.06.2012 AI82293_16.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P970000505_
ЭКБ идентификаторы
82293
Редакция идентификаторы
AI82293_16
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:09

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы

"Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың көрсеткен қызметтерi үшiн төлемдер алуды ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1745 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 514-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi кейбiр шешiмдерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.

3 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкестендiрсiн.

4 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 8 сәуiрдегi
N 505 қалысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1 1.

📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1999.04.26. N 476 қаулысымен .

2

2. "Жол қозғалысы хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 23 қарашадағы N 967 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 45, 654-құжат) бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы туралы Ережедегi:
14-тармақта:
жиырма жетiншi абзацтағы "сондай-ақ жол қозғалысы саласында кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және азаматтарға әртүрлi ақылы қызмет көрсетуге" деген сөздер алынып тасталсын;
отыз бiрiншi абзац алынып тасталсын.

3 3.

📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкіметінiң 2003.04.17. N 367 қаулысымен .

4 4. "Республикадағы машина-трактор паркiнiң техникалық жайына мемлекеттiк қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 тамыздағы N 735 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 33, 383-құжат) 5-тармағының екiншi абзацы алынып тасталсын.

5 5. (5-тармақтың күші жойылды - Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен .)

6 6. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен .

7 7.

📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен .

8 8.

📌 ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. N 124 қаулысымен .

9 9.

📌 Ескерту. 9-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.01.06. N 168 қаулысымен.

10

10. "Стандарттау және сертификаттау мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N 1259 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 30, 377-құжат) 1-тармағының төртiншi, жетiншi-оныншы абзацтары алынып тасталсын.

11 11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

12 12. "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 ақпандағы N 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 9, 64-құжат) 6-тармағының екiншi абзацы алынып тасталсын.

13

13. "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 ақпандағы N 225 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 9, 64-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы Ереженiң 5-тармағының жиырма алтыншы абзацы алынып тасталсын.

14

14. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 наурыздағы N 370 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 13, 106-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы Ереженiң 6-тармағының жиырмасыншы және жиырма екiншi абзацтары алынып тасталсын.

15 15.

📌 ЕСКЕРТУ. 15-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. N 124 қаулысымен .

16

16. "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 985 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 312-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясы туралы Ереженiң 11-тармағындағы "сондай-ақ осы ережеге сәйкес басқа да қызмет түрлерiнен алынған табыстар есебiнен жүзеге асырылады" деген сөздер алынып тасталсын.

17 17.

📌 ЕСКЕРТУ. 17-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. N 124 қаулысымен .

18 18.

📌 ЕСКЕРТУ. 18-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 2002.03.29. N 373 қаулысымен .

23 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 8 сәуiрдегi
N 505 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI

1

1. "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бөлiмшелерiнiң бiрлестiктерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға және басқа да шаруашылық субъектiлерiне ақылы қызмет көрсетуi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 924 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 43, 639-құжат).

2

2. "Табиғат қорғау Заңдарын сақтау жөнiндегi бақылау - инспекциялық қызметтен алынатын қаржыны қалыптастыру тәртiбi мен жұмсау бағыттары жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 қазандағы N 112 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 41, 447-құжат).

3

3. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1395 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 46, 517-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылыс, кеңейту, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және объектiлер мен кешендердi күрделi жөндеуге арналған сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне енгiзiлiп отырған өзгерiстердiң 3-тармағы.

Қолданыстағы