Құжат мәтініне өту

Об утверждении предупреждения о вреде курения, размещаемого в местах, осуществляющих продажу табачных изделий

Қаулы · № 1367 · қабылданған 22.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82339/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении предупреждения о вреде курения, размещаемого в местах, осуществляющих продажу табачных изделий Күшін жойған Қаулы ·№ 1367 ·22.11.2011
02.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении предупреждения о вреде курения, размещаемого в местах, осуществляющих продажу табачных изделий

Күшін жойған Қаулы ·№ 1367 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении предупреждения о вреде курения, размещаемого в местах, осуществляющих продажу табачных изделий
Атауы (қаз.)
Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1367
Қабылданған күні
22.11.2011
Көрсетілген редакция
02.10.2015 AI82339_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001367
ЭКБ идентификаторы
82339
Редакция идентификаторы
AI82339_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:05

0 Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің 159-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 қарашадағы
№ 1367 қаулысына
қосымша
Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту

1 1. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескертуді темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті болып табылады.

2 2. Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы осы ескерту (бұдан әрі – Ескерту) темекі шегудің зияны туралы сурет пен жазудан тұрады.

3 3. Сурет осы Ескертуге қосымшаға сәйкес болуы тиіс.

4 4. Жазулардың мәтіні мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1 1) екі тілде басылуы тиіс: жоғарғы жағында – мемлекеттік тілде, төменгі жағында – орыс тілінде;

2 2) Ескертудің негізгі төменгі бөлігінің 20% (жиырма пайызын) алып жатуы тиіс;

3 3) қаріптердің атауы – тілге сәйкес Helvetica kz және Helvetica;

4 4) қаріптің көлемі – 20 пт;

5 5) бағыты – төменгі жиегіне қатарластыра, солдан оңға қарай;

6 6) түсі – қара, СMYK C52.M41.Y40.K100 спектрі.

5 5. Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындардағы орналастырылатын Ескерту келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1 1) орналасу алаңы – А4 форматы және одан үлкен;

2 2) еденнен кемінде 150 см және 200 см аспайтын деңгейде орналасу;

3 3) сауда орнына тікелей жақын жерде орналасу.

6 6. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Ескерту алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік төрт күннен кешіктірмей ескертудің электрондық нұсқаларын www.mz.gov.kz сайтында орналастырады.

1 Темекі бұйымдарын сату

жүзеге асырылатын орындарда
орналастырылатын
темекі шегудің зияны
туралы ескертуге
қосымша

Қолданыстағы