Кіру
Құжат мәтініне өту

О транснациональном автомобильном консорциуме "Алга-Автомоторс"

Қаулы · № 703 · қабылданған 21.06.1994
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82364/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О транснациональном автомобильном консорциуме "Алга-Автомоторс" Қолданыста Қаулы ·№ 703 ·21.06.1994
21.06.1994 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.1994. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О транснациональном автомобильном консорциуме "Алга-Автомоторс"

Қолданыста Қаулы ·№ 703 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О транснациональном автомобильном консорциуме "Алга-Автомоторс"
Атауы (қаз.)
"Алға-Автомоторс" ұлттараралық автомобиль консорциумы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
703
Қабылданған күні
21.06.1994
Көрсетілген редакция
21.06.1994 AI82364_0.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.1994
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P940000703_
ЭКБ идентификаторы
82364
Редакция идентификаторы
AI82364_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:39

0 "Алға-Автомоторс" ұлттараралық автомобиль консорциумы туралы

Халық шаруашылығын және халықтың автокөлiк құралдары жөнiндегi сұранысын қанағаттандыру үшiн кәсiпорындардың қазiргi бос өнеркәсiп алаңдары, өндiрiстiк қуаттары және еңбек ресурстары негiзiнде меншiктi автомобиль жасау өнеркәсiбiн құру мақсатында, сондай-ақ республиканың экономикасын дамытудың шикiзаттық бағытталуын жою үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, "Дженерал Моторс", "Дженерал Беринг" және "Қазақстан" корпорацияларының, "Павлодартрактор" мемлекеттiк концернiнiң мемлекет, жеке меншiк капитал және шет ел инвесторлары қатысатын "Алға-Автомоторс" ұлтаралық автомобиль консорциумын құру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
Осы консорциумның тұратын жерi Алматы және Павлодар қалалары болып анықталсын.

2. "Қазақ КСР-iндегi меншiк туралы" Қазақ КСР Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуi бойынша "Алға-Автомоторс" ұлтаралық автомобиль консорциумының жарғылық қорына қаражат қосуына рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi аталған консорциумның құрамына кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттiк меншiгiнiң үлесiн анықтап, оған әлгi үлестi иелену, пайдалану және басқару құқығын республиканың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес табыстайтын болсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1607 K941607_ қаулысына сәйкес автомобиль жасауды дамыту үшiн "Алға-Автомоторс" ұлтаралық автомобиль консорциумына сыртқы заемдардың кепiлдiгiн берiп, олардың пайдаланылуын және уақтылы өтелуiн бақылауды жүзеге асырсын.

4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Консорциумға кiретiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырсын.

5. Министрлiктер, ведомстволар, облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасында автомобиль жасау өнеркәсiбiн құру iсiнде Консорциумға көмектесiп отырсын.

6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң халық тұтынатын тауарлар жөнiндегi Департаментi (Басқармасы) туралы Ереженi бекiту туралы" 1994 жылғы 11 сәуiрдегi N 367 p940367_ қаулысы 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.

Қолданыстағы