Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Веселоподольского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

Ереже · № 197 · қабылданған 08.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82367/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Веселоподольского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 197 ·08.08.2014
10.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Веселоподольского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 197 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Веселоподольского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселый Подол ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
197
Қабылданған күні
08.08.2014
Көрсетілген редакция
10.04.2018 82367_319649.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NQ005012
ЭКБ идентификаторы
82367
Редакция идентификаторы
82367_319649
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:51

0 Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселый Подол ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселый Подол ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2 2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселый Подол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы
Сарыкөл ауданының Веселый Подол
ауылдық округінің әкімі
_______________ Қ. Аликбашев

4 Сарыкөл аудандық мәслихатының

2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 197 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселый Подол
ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселый Подол ауылдық округінде Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Веселый Подол ауылдық округ ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Веселый Подол ауылдық округінің аумағындағы ауылдардың тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Веселый Подол ауылдық округінің әкімі шақырады.

Сарыкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Веселый Подол ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Веселый Подол ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Веселый Подол ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Веселый Подол ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Веселый Подол ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Веселый Подол ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Сарыкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Веселый Подол ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қойып оны Веселый Подол ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

17 Сарыкөл аудандық мәслихатының

2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 197 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Веселый Подол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселый Подол ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселый Подол ауылдық округінің Веселый Подол ауылының тұрғындары үшін
14
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселый Подол ауылдық округінің Ананьевка ауылының тұрғындары үшін
2

Қолданыстағы