Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тайыншинского района

Қаулы · № 392 · қабылданған 18.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82383/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тайыншинского района Күшін жойған Қаулы ·№ 392 ·18.07.2014
21.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тайыншинского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 392 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тайыншинского района
Атауы (қаз.)
Тайынша ауданы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
392
Қабылданған күні
18.07.2014
Көрсетілген редакция
21.12.2015 82383_42079.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SK002914
ЭКБ идентификаторы
82383
Редакция идентификаторы
82383_42079
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:05

0 Тайынша ауданы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тайынша ауданы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.

2

2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 93 «Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау туралы» қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 13-11-145 тiркелдi, 2009 жылғы 17 сәуірдегі «Тайынша таңы» аудандық газетiнде, 2009 жылғы 17 сәуірдегі «Тайыншинские вести» аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің өнеркәсіп, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов
2014 жыл

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 18 шілдедегі
№ 392 қаулысына
қосымша
Тайынша ауданы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесі

1 1. Денсаулық сақтау саласында мамандарының лауазымдары:

дәрігер;
медициналық бике;
диетикалық бике.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында мамандарының лауазымдары:

үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші;
жұмыспен қамту орталығының маманы.

3 3. Білім беру саласында мамандарының лауазымдары:

мемлекеттік мекеменің басшысы,
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары,
мемлекеттік мекеме басшысының бірінші орынбасары,
қазыналық кәсіпорынның басшысы,
қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары,
қазыналық кәсіпорын басшысының бірінші орынбасары;
мұғалім;
социолог;
психолог;
тәрбиеші;
музыкалық жетекші;
нұсқаушы;
әдістемелік кабинеттің жетекшісі;
әдіскер;
шебер;
оқытушы;
вожатый;
кітапхана меңгерушісі,
жатақхана меңгерушісі,
шеберхана меңгерушісі.

4 4. Мәдениет саласында мамандарының лауазымдары:

мемлекеттік мекеменің басшысы,
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары,
мемлекеттік мекеме басшысының бірінші орынбасары,
қазыналық кәсіпорынның басшысы,
қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары,
қазыналық кәсіпорын басшысының бірінші орынбасары;
бөлімше басшысы;
кітапхананың меңгерушісі,
мәдениет үйінің меңгерушісі;
әдіскер;
кітапханашы,
аға кітапханашы;
библиограф;
режиссер;
аккомпаниатор;
мәдени ұйымдастырушы;
хореограф.

5 5. Спорт саласында мамандарының лауазымдары:

бас маман,
аға маман,
нұсқаушы,
әдіскер,
жаттықтырушы.

6 6. Ветеринария саласында мамандарының лауазымдары:

ветеринарлық дәрігер;
ветеринарлық фельдшер.

Қолданыстағы