Кіру
Құжат мәтініне өту

"Об установлении упрощенного порядка приобретения гражданства в Республике Казахстан"

Жарлық · № 1470 · қабылданған 23.12.1993
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82437/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
"Об установлении упрощенного порядка приобретения гражданства в Республике Казахстан" Күшін жойған Жарлық ·№ 1470 ·23.12.1993
03.10.1995 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"Об установлении упрощенного порядка приобретения гражданства в Республике Казахстан"

Күшін жойған Жарлық ·№ 1470 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Об установлении упрощенного порядка приобретения гражданства в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында азаматтық алудың оңайлатылған тәртібін белгілеу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1470
Қабылданған күні
23.12.1993
Көрсетілген редакция
03.10.1995 AI82437_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.1995
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U930001470_
ЭКБ идентификаторы
82437
Редакция идентификаторы
AI82437_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:42

0 Қазақстан Республикасында азаматтық алудың оңайлатылған тәртібін белгілеу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. № 2477жарлығымен.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенiп, әрi Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайлардан басқа кезде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамның басқа мемлекеттiң азаматы болып танылмайтынын ескере отырып, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы Республикаларының арасында қалыптасқан тарихи қатынастарды одан әрi нығайту және Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Отбасылық қатынастарды қалпына келтiру үшiн Қазақстан Республикасының азаматтығына Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жақын туыстары, атап айтқанда:

балалары (оның iшiнде асырап алған балалары), жұбайы және ата-анасы (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы мен әжесi бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары қабылдануы мүмкiн.
Аталған адамдар "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы берген өтiнiштерiнiң негiзiнде қабылданады, бұл өтiнiштер берiлген күннен алты айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.

2. Осы Жарлықтың бiрiншi тармағында көрсетiлмеген адамдар үшiн Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшiн заңдарда белгiленген қажеттi он жыл тұрақты тұру мерзiмi бес жылға дейiн кемiтiлсiн.

3. Өздерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығына тұрғысы келмейтiнi туралы жергiлiктi iшкi iстер органына жазбаша нысанда өтiнiш бiлдiруге Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы болатын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiм 1995 жылғы 1 наурызға дейiн бiр жылға ұзартылсын.

4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдарға тиiстi өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзетiн болсын.

5. Осы Жарлықтың Заңмен бiрдей күшi бар және ол Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдарына тиiстi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылатын болады.

6. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы