Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества на территории Зайсанского района

Ереже · № 26-4 · қабылданған 18.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82442/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества на территории Зайсанского района Күшін жойған Ереже ·№ 26-4 ·18.07.2014
06.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества на территории Зайсанского района

Күшін жойған Ереже ·№ 26-4 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества на территории Зайсанского района
Атауы (қаз.)
Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26-4
Қабылданған күні
18.07.2014
Көрсетілген редакция
06.11.2023 82442_665142.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VK003461
ЭКБ идентификаторы
82442
Редакция идентификаторы
82442_665142
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:05

0 Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

Зайсан аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 шілдедегі № 26-4
шешімімен бекітілген
Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Зайсан ауданының аумағында Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1106 қаулысына сәйкес жасалды және Зайсан ауданының аумағында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

2. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиыны (әрі қарай – бөлек жиын) Зайсан қаласының, ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындар өткізу тәртібі

3. Бөлек жиынды Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі шақырады.

Зайсан ауданының әкімінің жергілікті қоғамдастық жиын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің бөлек жиынға қатысуға құқығы бар қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағидаға қосымшадағы сандық құрамға сәйкес ұсынады.

Жергілікті қоғамдастың жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиынға қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

16 Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдері кандидатураларының саны

Зайсан ауданының аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу және
жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі
тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің
санын айқындау қағидасына қосымша
Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй
тұрғындарының өкілдері кандидатураларының саны
Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының саны (адам)
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің саны (адам)
30
1
30-150
1-5
150-300
5-10
300-900
10-30
900-1500
30-50

Қолданыстағы