Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно - исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно - исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1195
- Қабылданған күні
- 31.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2016 82463_Some(105838).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VB003462
- ЭКБ идентификаторы
- 82463
- Редакция идентификаторы
- 82463_Some(105838)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:56
0 Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қылмыстық–атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 5-2-152 болып тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 5, «Вести Семей» газетінде 2012 жылғы 17 наурыздағы № 5 сандарында жарияланған) 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1473, «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 2680 болып тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2012 жылғы 5 қазандағы № 80, «Вести Семей» газетінде 2012 жылғы 5 қазандағы № 80 сандарында жарияланған) 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1095 әкімдік қаулыларының күші жойылған деп танылсын.