Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Проведение идентификации сельскохозяйственных животных"

Қаулы · № 3/637 · қабылданған 30.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82536/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Проведение идентификации сельскохозяйственных животных" Күшін жойған Қаулы ·№ 3/637 ·30.07.2014
29.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Проведение идентификации сельскохозяйственных животных"

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/637 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Проведение идентификации сельскохозяйственных животных"
Атауы (қаз.)
"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/637
Қабылданған күні
30.07.2014
Көрсетілген редакция
29.09.2015 82536_134074.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14R0001080
ЭКБ идентификаторы
82536
Редакция идентификаторы
82536_134074
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:58

0 "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 «Ветеринария саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Алматы қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 30 шілдедегі N 3/637
қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген. Мемлекеттік қызметті Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125, Жароков көшесінің қиылысы мекенжайында орналасқан Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын өтінім және құжаттар тізбесі мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі (сырғалау).

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы негізде чиптердің құнын қайтару жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған чиптердің құнын екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – келесі әдістердің бірі (сырғалау, таңба басу, чип салу) бойынша жануарларға жеке нөмір және ветеринариялық төлқұжат беру.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуді бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінімі және Стандарттың 9 тармағымен көзделген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – жергілікті атқарушы орган бекіткен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады;

2 2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;

4 4) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) кезде қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет (телнұсқаны алу) жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің ветеринария бөлімінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық дәрігері.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттестігінің реттілігін сипаттау, әрбір әрекеттің (рәсімнің) өтуі қоса беріліп отырған жиынтық-схемада (1 қосымша) келтірілген.

22 Әрбір әрекеттің (рәсімнің) өтуінің жиынтық-схемасы

«Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Әрбір әрекеттің (рәсімнің) өтуінің жиынтық-схемасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыстардың барысы, ағымы)
1.
Іс-әрекеттің (жұмыстар барысының, ағымының) №
1
2
3
4
2.
Құрылымдық-
функционалдық бірліктердің
атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің ветеринария бөлімінің басшысы
Көрсетілетін
қызметті
берушінің
ветеринариялық
дәрігері
3.
Іс-әрекеттің
(үдерістің,
рәсімнің,
операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
Өтінім мен қажетті құжаттарды қабылдау
Құжаттарға бұрыштама қою және көрсетілетін қызметті алушының өтінімін көрсетілетін қызметті берушінің ветеринария бөлімінің басшысына жолдау
Ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау және көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық дәрігеріне орындау үшін жолдау
Көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық дәрігері орынға барып, ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді
4.
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
өкімдік
шешім)
Құжаттар
топтамасын
тіркеу,
олардың
қабылданған
күні мен
уақытын
көрсете
отырып, оның
көрсетілетін
қызметті
берушінің
кеңсесінде
тіркелгені
туралы
өтінімнің
көшірмесіне
белгі қою
Қарар
Құжаттар топтамасын беру
Келесі
әдістердің
бірі
(сырғалау,
таңба басу,
чип салу)
бойынша
жануарларға
жеке нөмір
және
ветеринариялық
төлқұжат беру
5.
Орындалу мерзімі
15 минуттан
артық емес
15 минуттан
артық емес
30 минуттан
артық емес
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – жергілікті атқарушы орган бекіткен ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады;
2) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) кезде қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет (телнұсқаны алу) жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Қолданыстағы