Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Чеховского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

Ереже · № 203 · қабылданған 08.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82549/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Чеховского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 203 ·08.08.2014
13.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Чеховского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 203 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Чеховского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
203
Қабылданған күні
08.08.2014
Көрсетілген редакция
13.01.2020 82549_438684.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NQ005018
ЭКБ идентификаторы
82549
Редакция идентификаторы
82549_438684
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:51

0 Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1.

Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2 2.

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3.

Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы
Сарыкөл ауданының Чехов
ауылдық округінің әкімі
_____________ М. Кулубеков

4 Сарыкөл аудандық мәслихатының

2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 203 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінде Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Чехов ауылдық округ ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Чехов ауылдық округінің аумағындағы ауылдардың тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Чехов ауылдық округінің әкімі шақырады.

Сарыкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Чехов ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Чехов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Чехов ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Чехов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Чехов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Чехов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Сарыкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Чехов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қойып оны Чехов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

17 Сарыкөл аудандық

мәслихатының
2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 203 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің Анновка ауылының тұрғындары үшін
1
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің Урожайное ауылының тұрғындары үшін
7
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің Ақшакөл ауылының тұрғындары үшін
1

Қолданыстағы