Құжат мәтініне өту

О вводе в действие котировки денежных единиц республик бывшего Союза ССР

Қаулы · № 611 · қабылданған 14.07.1993
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82593/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О вводе в действие котировки денежных единиц республик бывшего Союза ССР Қолданыста Қаулы ·№ 611 ·14.07.1993
14.07.1993 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.1993. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вводе в действие котировки денежных единиц республик бывшего Союза ССР

Қолданыста Қаулы ·№ 611 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вводе в действие котировки денежных единиц республик бывшего Союза ССР
Атауы (қаз.)
Бұрынғы КСР Одағы Республикаларының ақша өлшемдерiнiң бағамын қолданысқа енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
611
Қабылданған күні
14.07.1993
Көрсетілген редакция
14.07.1993 AI82593_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.1993
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P930000611_
ЭКБ идентификаторы
82593
Редакция идентификаторы
AI82593_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:44

0 Бұрынғы КСР Одағы Республикаларының ақша өлшемдерiнiң бағамын қолданысқа енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының басқа да республикаларының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы есептесулердi тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi қаулы етедi:

1

1. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi шарттар жасасқанда және сауда мәмiлелерiн жүргiзгенде бұрын КСРО-ға кiрген әрбiр республикада өздерiнiң есептi сомдары мен ұлттық валютасының қолданылатындығын, сондай-ақ олардың есептi "қазақстандық соммен" бағаланатын курсын ескеретiн болсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Валюта биржасының кезектi саудаластығында қалыптасқан есептi "қазақстандық сомның" курсын Ұлттық банк ресми курс ретiнде бекiтетiн және жаңа курс жарияланғанға дейiн мерзiмдi баспасөз бетiнде жария етiлген сәтiнен бастап қолданылатын болып белгiленсiн.

3 3. Ұлттық банкте бұрын КСРО-ге кiрген республикалар валютасының Мемлекеттiк резерв қоры құрылсын.

Республиканың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң атына келiп түскен экспорт түсiмiнiң кемiнде 30 процентiн Ұлттық банк осы аталған қорға түсiретiн болып, сонымен бiр мезгiлде ол келiп түскен күнi Ұлттық банк белгiлеген ресми курсы бойынша есептi "қазақстандық сомдық" шоттарда оның тең баламасы көрсетiлетiн болып белгiленсiн.
Мемлекеттiк резерв қорынан шетел валютасын сатуды Валюта биржасы арқылы Ұлттық банк жүзеге асырады. Шетел валютасын сатып алу үшiн республика төлемшiлерi коммерциялық банкке өтiнiм бередi, ол жиынтық өтiнiмдi кезектi саудаластыққа шығарады. Саудаластық нәтижелерi бойынша сатылған шетел валютасы коммерциялық банктердiң Ұлттық банктегi шоттарына түсiрiледi. Коммерциялық банктер есептi "қазақстандық сомдардың" тиiстi сомасын Ұлттық банктiң шотына аударады.
Сатып алынған шетел валютасы он жұмыс күнi iшiнде шетелдiк өнiм берушiлермен контракттарды төлеуге пайдаланылуға тиiс. Бұл мерзiм өткеннен кейiн ол мiндеттi түрде ресми курсы бойынша Ұлттық банкке сатылады.
Есептi валютаны сатып алудың басымдық құқымен экспортқа өнiм шығарушы - шаруашылық жүргiзушi субъектiлер пайдаланады.

4 4. Осы қаулыны жүзеге асырудың әдiстемелiк және консультациялық қамтамасыз етiлуiн Ұлттық банк iске асырады.

5 5. Осы қаулы 1993 жылғы 15 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн.

Қолданыстағы