Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по ветеринарной медицине

Бұйрық · № 20/39 · қабылданған 21.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82694/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по ветеринарной медицине Күшін жойған Бұйрық ·№ 20/39 ·21.01.2014
20.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по ветеринарной медицине

Күшін жойған Бұйрық ·№ 20/39 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по ветеринарной медицине
Атауы (қаз.)
Ветеринариялық медицина бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/39
Қабылданған күні
21.01.2014
Көрсетілген редакция
20.12.2020 82694_502706.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009451
ЭКБ идентификаторы
82694
Редакция идентификаторы
82694_502706
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:06

0 Ветеринариялық медицина бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Ветеринариялық медицина бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.

2 2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті (Г.С. Нуртазина), Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (Р.Ж. Құрманов) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.

3 3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова ___________
2014 жылғы 7 сәуір

0 Ветеринариялық медицина бойынша қызметтегі кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қантардағы
№ 20/39 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринариялық медицина бойынша қызметтегі кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Ветеринариялық медицина бойынша қызметтегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

1 1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

2 2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын белгілеуге;

3 3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарын белгілеуге;

4 4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

5 5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;

6 6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

7 7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;

2 2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3 3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.

4 4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;

2 2) біліктілік деңгейі\білікті деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

3 3) еңбек заты - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдерісімен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

7 7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

9 9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

10 10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

11 11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;

12 12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

13 13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14 14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15 15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 75.00 жануарлардың ауруларын алдын алу және емдеу.

6 6. Экономикалық қызмет (кәсіби саласының) түрінің негізгі мақсаты: жануарлар ауруларын алдын алу және емдеу, адамдар мен жануарларға ортақ ауруларынан алдын ала сақтандыру, эпизоотияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

КС мал дәрігерлік саласында кәсіби қызмет саласында: ұсталуына, сапасына, еңбек жағдайларына қызметкерлер біліктілігі мен құзыреттеріне талаптарды белгілейді.

7 7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.

Стандарт талаптары қызмет түріне және осы облыстағы келесі кәсіптерге жатады:
жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы;
мал дәрігерлік фельдшер;
мал дәрігері.

3 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіби) карточкасы

1 1-параграф. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы

8 8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-5

9 9. Лауазымның мүмкін атаулары: жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы.

10 10. «Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы» кәсібі субъектіні жануарлар ауруларын алдын алу және емдеуге байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді.

11 11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

12 12. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

13 13. Еңбек функцияларын айқындайтын, жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

14 14. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторының орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

15 15. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5, 6-кестелерінде көрсетілген.

2 2-параграф. Мал дәрігерлік фельдшер

16 16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-5.

17 17. Лауазымның мүмкін атаулары: мал дәрігерлік фельдшер.

18 18. «Мал дәрігерлік фельдшер» кәсібі субъектіні мал дәрігерлік ауруларын алдын алу шараларына байланысты жануарлар мен құстардың ауруынан және өлуінен ескерту міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді.

19 19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

20 20. Мал дәрігерлік фельдшердің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

21 21. Еңбек функцияларын айқындайтын, мал дәрігерлік фельдшер орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

22 22. Мал дәрігерлік фельдшердің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

23 23. Мал дәрігерлік фельдшердің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген.

3 3-параграф. Мал дәрігері

24 24. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 5-7.

25 25. Лауазымның мүмкін атаулары: мал дәрігері, бас мал дәрігері

26 26. «Мал дәрігері» кәсібі субъектінің жануарлар ауруларын алдын алу, мал дәрігерлік-санитарлық шараларға байланысты жануарлар мен құстардың ауруынан және өлуінен ескерту міндеттерді білуге және атқара білуге, ауыратын мал мен құсты емдеуге міндеттейді.

27 27. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

28 28. Мал дәрігерінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

29 29. Еңбек функцияларын айқындайтын, мал дәрігері орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 4-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

30 30. Мал дәрігерінің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 4-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

31 31. Мал дәрігерінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 5, 6,7 - кестелерінде көрсетілген.

4 4. КС әзірлеушілері

32 32. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

33 33. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 5 - қосымшасында көрсетілген.

1 Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Ветеринариялық медицина бойынша
қызметтегі кәсіби стандартының
1-қосымша
Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
№ р/с
Қыз­мет тү­рі ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы үр­ді­сте­рін есеп­ке ал­ған­да­ғы кә­сіп ата­уы
01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші­сіне сәй­кес кә­сіп­тер ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі
1.
Мал дә­рі­гер­лік ме­ди­ци­на
Жа­ну­ар­лар­ды мал дә­рі­гер­лік да­у­а­лау жө­нін­де­гі опе­ра­то­ры
Жа­ну­ар­лар­ды мал дә­рі­гер­лік да­у­а­лау жө­нін­де­гі опе­ра­то­ры
4-5
2.
Мал дә­рі­гер­лік ме­ди­ци­на
Мал дә­рі­гер­лік фельд­шер
Мал дә­рі­гер­лік фельд­шер
4-5
3.
Мал дә­рі­гер­лік ме­ди­ци­на
Мал дә­рі­ге­рі
Мал дә­рі­ге­рі
5-7

2 Ветеринариялық медицина бойынша

қызметтегі кәсіби стандартының
2-қосымша
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
6121 Жа­ну­ар­лар­ды мал дә­рі­гер­лік да­у­а­лау жө­нін­де­гі опе­ра­то­ры
Жұ­мыс­шы­лар кә­сіп­те­рі мен жұ­мыста­ры­ның бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ғы­шы (БТ­БА)
Шы­ға­ры­лым, БТ­БА та­ра­уы
64-шы­ға­ры­лым, Мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы жұ­мыс­шы­ның кә­сі­бі мен қыз­ме­ті
БТ­БА бой­ын­ша кә­сі­бі
Жа­ну­ар­лар­ды мал дә­рі­гер­лік да­у­а­лау жө­нін­де­гі опе­ра­то­ры
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
4-5
5
2-кесте. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы кә­сі­по­рын­да­ры, мал ша­ру­а­шы­лы­ғы үй-жай­ла­ры, мал дә­рі­гер­лік объ­ек­ті­лер, фер­мер­лік және ша­руа қо­жа­лық­та­ры.
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жа­ра­қат алу қа­уіп­ті­лі­гі, мал ау­ру­ла­ры бой­ын­ша қо­лай­сыз ай­мақ­тар­да қыз­мет көр­се­ту­де ау­ру­ды жұқ­ты­ру қа­уі­пі
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
4
Жо­ғар­ғы дең­гей­лі тех­ни­ка­лық (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық) және кә­сі­би бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Тә­жі­ри­бе­сі 1 жыл­дан кем емес неме­се кә­сі­би дай­ынды­ғы бар бол­са, та­лап етіл­мей­ді.
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би (ор­та буын ма­ма­ны), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім, неме­се жо­ғар­ғы бі­лім
Та­лап етіл­мей­ді
3-кесте. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы (кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Жа­ну­ар­лар мен құ­стар­дың ау­руын және өлу­ін ал­дын алу бой­ын­ша мал дә­рі­гер­лік ал­дын алу іс-ша­ра­ла­рын орын­дау. Вак­ци­на­лау
2
Жа­ну­ар­лар­дың жа­ра­қат­та­нуы, ула­нуы ке­зін­де ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­ту
3
Ау­ру жа­ну­ар­лар­ды изо­ля­тор­да бап­тау. Жа­на­у­ар­лар­ды ем­де­уде мал дә­рі­гер­лік ма­ман­дар­ға кө­мек көр­се­ту
4-кесте. Жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер (ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Жа­ну­ар­лар, құ­стар
Са­ры­су­лар, вак­ци­на­лар, дә­рі-дәр­мек­тер,шпри­ці­лер, егу ине­ле­рі, про­бир­ка­лар, тер­мо­метр­лер, дә­рі­лік пре­па­рат­тар, дә­ке, мақ­та
1-1) Жа­ну­ар­лар мен құ­стар­дың ау­руын және өлу­ін ал­дын алу бой­ын­ша мал дә­рі­гер­лік іс-ша­ра­ла­ры
1-2) Вак­ци­на­лау ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын қа­да­ға­лау
2
Жа­ну­ар­лар, құ­стар
Дә­рі-дәр­мек­тер, шпри­ці­лер, егу ине­ле­рі, дә­ке, мақ­та.
2-1) Ау­ру жа­ну­ар­лар­ды изо­ля­тор­да бап­тау. Тер­мо­мет­рия. Жа­ра­қат­тар­ды да­у­а­лау.
2-2) Жа­ну­ар­лар­дың жа­ра­қат­та­нуы, ула­нуы ке­зін­де ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­ту
5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторын құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Жа­ну­ар­лар мен құ­стар­дың ау­руын және өлу­ін ал­дын алу бой­ын­ша мал дә­рі­гер­лік ал­дын алу іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу­де­гі функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер шең­бе­рін­де жа­у­ап­кер­ші­лік
Жа­ну­ар­лар­дың және құ­стар­дың ау­ру­ла­ры бой­ын­ша мал дә­рі­гер­лік ал­дын алу іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу бі­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры
Жа­ну­ар­лар мен құ­стар­дың ау­руын және өлу­ін ал­дын алу бой­ын­ша мал дә­рі­гер­лік ал­дын алу іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу ере­же­ле­рін бі­лу
1-2)
Жұ­мыс про­це­сін жос­пар­ла­уды қо­са­тын ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет­ті тү­сі­ну
Жос­пар­лан­ған нәти­же­ге қол жет­кі­зу және алын­ған нәти­же­нің са­па нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гін қам­та­ма­сыз етуі бі­лі­гі
Вак­ци­на­лау ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік іс-ша­ра­ла­рын қа­да­ға­ла­у­ын бі­лу
2-1)
Ау­ру жа­ну­ар­лар­ды изо­ля­тор­да бап­тау, жа­ра­қат­тар­ды да­у­а­лау тә­сіл­де­рін жақ­сар­ту үшін иде­я­лар ұсы­на­ды
Ау­ру жа­ну­ар­лар­ды изо­ля­тор­да бап­тау, жа­ра­қат­тар­ды да­у­а­лау тә­сіл­де­рін бі­лі­гі мен қол­да­на бі­луі
Ау­ру жа­ну­ар­лар­ды изо­ля­тор­да бап­тау, жа­ра­қат­тар­ды да­у­а­лау ере­же­ле­рін бі­луі
6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі жануарларды мал дәрігерлік дауалау жөніндегі операторын құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Жа­ну­ар­лар мен құ­стар­дың ау­руы­нан және өлу­і­нен ес­кер­ту бой­ын­ша мал дә­рі­гер­лік ал­дын алу іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу­де­гі функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер шең­бе­рін­де жа­у­ап­кер­ші­лік
Жа­ну­ар­лар­дың және құ­стар­дың ау­ру­ла­ры бой­ын­ша мал дә­рі­гер­лік ал­дын алу іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу бі­лі­гі мен дағ­ды­ла­рын бі­лі­гі
Жа­ну­ар­лар мен құ­стар­дың ау­руы­нан және өлу­і­нен ес­кер­ту бой­ын­ша мал дә­рі­гер­лік ал­дын алу іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу ере­же­ле­рін бі­луі
1-2)
Жұ­мыс про­це­сін жос­пар­ла­уды қо­са­тын ат­қа­ру­шы­лық қыз­ме­тін тү­сі­ну
Жос­пар­лан­ған нәти­же­ге қол жет­кі­зу және алын­ған нәти­же­нің са­па нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гін қам­та­ма­сыз ету­ін бі­лі­гі
Вак­ци­на­лау ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік іс-ша­ра­ла­рын қа­да­ға­ла­у­ын бі­луі
2-1)
Ау­ру жа­ну­ар­лар­ды изо­ля­тор­да бап­тау, жа­ра­қат­тар­ды да­у­а­лау тә­сіл­де­рін бі­лу­ін жақ­сар­ту үшін иде­я­лар ұсы­на­ды
Ау­ру жа­ну­ар­лар­ды изо­ля­тор­да бап­тау, жа­ра­қат­тар­ды да­у­а­лау тә­сіл­де­рін бі­луі мен бі­лі­гі
Ау­ру жа­ну­ар­лар­ды изо­ля­тор­да бап­тау, жа­ра­қат­тар­ды да­у­а­лау ере­же­ле­рін бі­луі

3 Ветеринариялық медицина бойынша

қызметтегі кәсіби стандартының
3-қосымша
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
3227 Мал дә­рі­гер­лік фельд­шер
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сы­ның бас­шы­ла­ры және ма­ман­да­ры ла­у­а­зым­да­ры­ның үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2013 жы­л­ғы 1 шіл­де­де­гі № 17/308 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гін­де 2013 жы­лы 8 та­мы­зда № 8614 тір­кел­ді)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Са­нат­тар
4
Са­нат­сыз, II, I
5
Са­нат­сыз, II, I
2-кесте. Мал дәрігерлік фельдшердің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы кә­сі­по­рын­да­ры, мал ша­ру­а­шы­лы­ғы үй-жай­ла­ры, мал дә­рі­гер­лік объ­ек­ті­лер, фер­мер­лік және ша­руа қо­жа­лық­та­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жа­ра­қат алу қа­уіп­ті­лі­гі, мал ау­ру­ла­ры бой­ын­ша қо­лай­сыз ай­мақ­тар­да қыз­мет көр­се­ту­де ау­ру­ды жұқ­ты­ру қа­уі­пі
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
4
Тех­ни­ка­лық және жо­ға­ры дең­гей­лі кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Тә­жі­ри­бе­сі 1 жыл­дан астам, неме­се кә­сі­би дай­ынды­ғы бар бол­са, та­лап етіл­мей­ді
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би (ор­та буын ма­ма­ны), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, неме­се жо­ға­ры бі­лім
Ма­ман­дық бой­ын­ша 4-дең­гей­де 3 жыл­дан ке­ме емес, неме­се жо­ғар­ғы бі­лі­мі бар бол­са, та­лап етіл­мей­ді
3-кесте. Мал дәрігерлік фельдшер орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы (кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Жа­ну­ар­лар­мен құ­стар­дың ау­руын және өлу­ін ал­дын алу мақ­са­тын­да мал дә­рі­гер­лік ал­дын алу іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу және ау­ру мал мен құ­стар­ды ем­деу. Жа­ну­ар­лар­ды жаю, су­ға­ру орын­да­ры­ның, та­мақ­та­ры­ның, үй-жай­ла­ры­ның және құ­рал-жаб­дық­тар­дың са­ни­тар­лық жағ­дай­ы­на қа­рау, мал ша­ру­а­шы­л­ғы үй-жай­ла­рын са­ни­тар­лық да­у­а­лау жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету
2
Мал дә­рі­гер­дің бас­шы­лы­ғы­мен жа­ну­ар­лар­дың өлек­се­ле­ріне па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық со­ю­лар жүр­гі­зу. Көң­ді био­тер­ми­я­лық за­лал­сыздан­ды­ру ре­гла­мент­те­рін қа­да­ға­лау, сон­дай-ақ жа­ну­ар­лар мен құ­стар­ды та­сы­мал­да­ған­нан кей­ін кө­лік­тер­ді және ыдыс­тар­ды жуу және за­лал­сыздан­ды­ру­ды жүр­гі­зу. Дә­рі-дәр­мек­тер­дің, за­лал­сыздан­ды­ру­шы құ­рал­дар­дың және бас­қа ма­те­ри­ал­дар­дың ке­ліп тү­су­іне және жұм­са­луы­на есеп жүр­гі­зу, олар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету
3
Мал дә­рі­ге­рі­нің нұс­қа­уы бой­ын­ша есеп жүр­гі­зе­ді және мал дә­рі­гер­лі­гі бой­ын­ша бел­гі­лен­ген есеп­ті­лік­ті дай­ын­дай­ды. Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау заң­на­ма­сын, ең­бек­ті қор­ғау қа­ғи­да­ла­ры мен нор­ма­ла­рын, өрт қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­ді
4-кесте. Мал дәрігерлік фельдшер орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Жа­ну­ар­лар, құ­стар және ба­лық­тар
Вак­ци­на­лар, са­ры­су­лар, дә­рі-дәр­мек­тер, шпри­ці­лер, мақ­та, спирт, егу ине­ле­рі, про­бир­ка­лар, жа­ну­ар­лар­дың өлек­се­ле­рі, қол­ғап­тар, ал­жап­қы­штар, скаль­пель, спирт, мақ­та, ше­лек
1-1) Жа­ну­ар­лар мен құ­стар­дың ау­руы­нан және өлу­і­нен ес­кер­ту бой­ын­ша мал дә­рі­гер­лік-са­ни­тар­лық ал­дын алу іс-ша­ра­ла­ры­на ба­қы­лау, ау­ру жа­ну­ар­лар мен құ­стар­ды ем­деу
1-2) Мал дә­рі­ге­рі­нің бас­шы­лы­ғы­мен жа­ну­ар­лар­дың өлек­се­ле­ріне па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық сою жүр­гі­зі­ле­ді
2
Жа­ну­ар­лар, құ­стар және ба­лық­тар
Дә­рі-дәр­мек­тер, за­лал­сыздан­ды­ру­шы пре­па­рат­тар, көң, кө­лік, ыдыс
2-1) Көң­дер­ді био­тер­ми­я­лық за­лал­сыздан­ды­ру ре­гла­мент­те­рін қа­да­ға­лау, сон­дай-ақ жа­ну­ар­лар мен құ­стар­ды та­сы­мал­да­ған­нан кей­ін кө­лік­тер­ді және ыдыс­тар­ды жуу және за­лал­сыздан­ды­ру­ды жүр­гі­зе­ді. Дә­рі-дәр­мек­тер­дің, за­лал­сыздан­ды­ру­шы құ­рал­дар­дың және бас­қа ма­те­ри­ал­дар­дың ке­ліп тү­су­іне және жұм­са­луы­на есеп жүр­гі­зе­ді, олар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­ді
3
Жа­ну­ар­лар, құ­стар және ба­лық­тар
Өрт­ке қар­сы қал­қан­дар, құ­мы бар ыдыс­тар, кү­рек, ба­гор, тех­ни­ка­лық қа­уіп­сіз­дік бой­ын­ша жур­нал
3-1)Мал дә­рі­гер­лі­гі бой­ын­ша есеп жүр­гі­зу және бел­гі­лен­ген есеп­ті­лік­ті дай­ын­дау, қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау заң­на­ма­сын, ең­бек­ті қор­ғау ере­же­ле­рі мен нор­ма­ла­рын, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі заң­да­рын ба­қы­лау
5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі мал дәрігерлік фельдшердің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет: Қой­ы­л­ған мақ­сат­ты ес­ке­ре оты­рып тап­сыр­ма­ны анық­тау және қыз­мет­ті жос­пар­лау.Тап­сыр­ма­лар­ды өзді­гін­ше анық­тау қа­рас­ты­ры­ла­ды
Жа­ну­ар­лар өлі­мін және ау­ру­ла­рын ал­дын алу бой­ын­ша мал дә­рі­гер­лік және са­ни­тар­лық ша­ра­лар­ды жүр­гі­зу ке­зін­де прак­ти­ка­лық дағ­ды­лар­ды қол­да­ну қа­бі­ле­ті
Жа­ну­ар­лар өлі­мін және ау­ру­ла­рын ал­дын алу бой­ын­ша про­фи­лак­ти­ка­лық, мал дә­рі­гер­лік және са­ни­тар­лық ша­ра­лар­ды ба­қы­ла­уды жүр­гізу­ге ар­нал­ған бі­лі­мі
1-2)
Ал­дын-ала бел­гі­лен­ген кри­те­рий­лер­ге сә­кес қыз­мет­ші­лер­дің нәти­же­ле­рін ба­ға­лай­ды
Кә­сі­би қыз­мет шең­бе­рін­де есеп жүр­гі­зе алу
Жа­ну­ар­лар өлік­те­рін па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық сою ке­зін­де қол­да­ны­ла­тын құ­рал-жаб­дық­тар­ды қол­да­ну бі­лі­мі
2-1)
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау заң­на­ма­сын, ең­бек­ті қор­ғау қа­ғи­да­ла­ры мен нор­ма­ла­рын, өрт қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­та­уды өзді­ге­нен қам­та­ма­сыз ете­ді
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау, ең­бек­ті қор­ғау және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры мен нор­ма­ла­ры бой­ын­ша прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу дағдысы
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау, ең­бек­ті қор­ғау және өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры мен нор­ма­ла­рын сақ­та­уды ба­қы­лау қа­ғи­да­ла­ры
6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі мал дәрігерлік фельдшердің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
3-1)
Ал­дын ала құ­ра­с­ты­ры­л­ған жос­пар, са­па нор­ма­ла­ры, жұ­мысты орын­дау кесте­сіне сәй­кест­і­гін са­лы­сты­рып жұ­мыс ба­ры­сын ба­қы­лай­ды, же­ке жа­у­ап­кер­ші­лік, ко­ман­да­мен жұ­мыс іс­те­у­ге бей­ім­де­ну
Жа­ну­ар­лар өлі­мін және ау­ру­ла­рын ал­дын алу бой­ын­ша про­фи­лак­ти­ка­лық, мал дә­рі­гер­лік және са­ни­тар­лық ша­ра­лар­ды дер­бес жүр­гі­зу қа­бі­ле­ті, жұ­мысты ба­ға­лау, жағ­дай­ды тал­дау, өзін-өзі тек­се­ру, ше­шім­дер­жді қа­бы­дау және олар­ды жү­зе­ге асы­ру үшін жағ­дай жа­са­уды жос­пар­ла­уда дағ­ды­лар­ды қол­да­ну
Жа­ну­ар­лар өлі­мін және ау­ру­ла­рын ес­кер­ту бой­ын­ша про­фи­лак­ти­ка­лық, мал дә­рі­гер­лік және са­ни­тар­лық ша­ра­лар­ды ке­зін­де­гі прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе мен тео­ри­я­лық бі­лім, жан-жақ­ты бі­лі­мі бар, мал дә­рі­гер­дің бас­шы­лы­ғы­мен жа­ну­ар­лар­дың өлек­се­ле­ріне па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық со­ю­лар жүр­гі­зе­ді

4 Ветеринариялық медицина бойынша

қызметтегі кәсіби стандартының
4-қосымша
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
2212 Мал дә­рі­ге­рі
1221 Бас мал дә­рі­ге­рі
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сы­ның бас­шы­ла­ры және ма­ман­да­ры ла­у­а­зым­да­ры­ның үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2013 жы­л­ғы 1 шіл­де­де­гі № 17/308 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гін­де 2013 жы­лы 8 та­мы­зда № 8614 тір­кел­ді)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Са­нат­тар
5
Мал дә­рі­ге­рі (жо­ғар­ғы бі­лім) – са­нат­сыз, II, I
6
Мал дә­рі­ге­рі (жо­ғар­ғы оқу орын­нан кей­ін­гі бі­лім) – са­нат­сыз, II, I
7
Бас дә­рі­гер
2-кесте. Мал дәрігердің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы кә­сі­по­рын­да­ры, мал ша­ру­а­шы­лы­ғы үй-жай­ла­ры, мал дә­рі­гер­лік объ­ек­ті­лер, фер­мер­лік және ша­руа қо­жа­лық­та­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жа­ра­қат алу қа­уіп­ті­лі­гі, мал ау­ру­ла­ры бой­ын­ша қо­лай­сыз ай­мақ­тар­да қыз­мет көр­се­ту­де ау­ру­ды жұқ­ты­ру қа­уі­пі
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би (ор­та буын ма­ма­ны), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, неме­се жо­ға­ры бі­лім
Та­лап етіл­мей­ді
6
Жо­ға­ры бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Тә­жі­ри­бе­сі 3 жыл­дан кем емес
7
Жо­ға­ры бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе. Жо­ғар­ғы оқу орын­нан кей­ін­гі бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Тә­жі­ри­бе­сі 5 жыл­дан кем емес
3-кесте. Мал дәрігері орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын,КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Жа­ну­ар­лар­ға қа­рау жүр­гі­зіп, олар­дың ау­ру­ла­ры­на және жа­ра­қат­та­ры­на ди­а­гноз қою,оның функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рін са­па­лы орын­дау үшін қа­жет­ті ақ­па­рат алу, мал дә­рі­гер­лік қыз­мет көр­се­ту, ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру­ды жақ­сар­ту үшін же­тіл­ді­ру са­па­сы бой­ын­ша бас­шы­лық­тар­ға ұсы­ныс жа­сау
2
Өзіне ар­ты­л­ған тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу­ге ма­ман­дар­ды тар­ту,мал дә­рі­гер­лік кли­ни­ка­ның кі­ші қыз­мет­ші­сіне тап­сыр­ма бе­ру, олар­дың ат­қар­ған жұ­мыста­ры­ның са­па­сын және кө­ле­мін ба­қы­лау. Ұй­ым­ның бас­шы­сы­нан оның ла­у­а­зым­дық қыз­ме­тін және мін­де­тін ат­қа­ру­ға кө­мек көр­се­ту­ді та­лап ету
3
Жа­ну­ар­лар­дың ау­руы және өлу­ін ал­дын алу мал дә­рі­гер­лік іс-ша­ра­лар жүр­гі­зу, жа­ну­ар­лар­ды ұстау, бап­тау ке­зін­де зо­оги­ги­е­на­лық және мал дә­рі­гер­лік ере­же­лер та­лап­та­рын қа­таң қа­да­ға­лау, мал­дың және құ­стың мал дә­рі­гер­лік-са­ни­тар­лық са­рап­та­ма­ла­рын жүр­гі­зу, жа­ну­ар­лар­ды ем­деу және қа­рау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ке­ңес бе­ру, зо­оги­ги­е­на­лық та­лап­тар­ға сәй­кес жа­ну­ар­лар­ды қа­рау және ұстау, кә­сі­би құ­зы­рет­ті­лі­гіне қа­ты­сты ке­ңе­стер, кон­фе­рен­ци­я­лар, сек­ци­я­лар, қа­уым­да­стық­тар жұ­мыста­ры­на қа­ты­су, маз­мұ­ны бой­ын­ша жа­қын мін­дет­тер­ді орын­дай­ды, қыз­мет­ші­лер­ге бас­шы­лық ету
4-кесте. Мал дәрігері орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Жа­ну­ар­лар, құ­стар және ба­лық­тар
Фо­нен­до­скоп, сте­то­скоп, плес­си­метр, пер­кус­си­он­ды бал­ға, жа­ну­ар­лар­ды ем­деу және ди­а­гно­сти­ка­сы үшін құ­рал­дар және ас­пап­тар, дә­рі-дәр­мек­тер
1-1) Жа­ну­ар­лар­ға қа­рау жүр­гі­зіп, олар­дың ау­ру­ла­ры­на және жа­ра­қат­та­ры­на ди­а­гноз қою. Қол­мен ба­сып кө­ру
1-2) Мал дә­рі­гер­лік қыз­мет көр­се­ту, ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру­ды жақ­сар­ту үшін же­тіл­ді­ру са­па­сы бой­ын­ша бас­шы­лық­тар­ға ұсы­ныс жа­сау
2
Жа­ну­ар­лар, құ­стар және ба­лық­тар
Жа­ну­ар­лар­ды ем­деу және ди­а­гно­сти­ка­сы үшін құ­рал­дар және ас­пап­тар, дә­рі-дәр­мек­тер
2-1) Өзіне ар­ты­л­ған тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу­ге ма­ман­дар­ды тар­ту. Мал дә­рі­гер­лік кли­ни­ка­ның кі­ші қыз­мет­ші­сіне тап­сыр­ма бе­ру
2-2) Олар­дың ат­қар­ған жұ­мыста­ры­ның са­па­сын және кө­ле­мін ба­қы­лау
3
Жа­ну­ар­лар, құ­стар және ба­лық­тар
Жа­ну­ар­лар­ды ем­деу және ди­а­гно­сти­ка­сы үшін құ­рал­дар және ас­пап­тар, дә­рі-дәр­мек­тер
3-1) Жа­ну­ар­лар­дың ау­руын және өлу­ін ал­дын алу мал дә­рі­гер­лік іс-ша­ра­лар жүр­гі­зу, жа­ну­ар­лар­ды ұстау, бап­тау ке­зін­де зо­оги­ги­е­ни­ка­лық және мал дә­рі­гер­лік ере­же­лер та­лап­та­рын қа­таң қа­да­ға­лау
3-2) Мал­дың және құ­стың мал дә­рі­гер­лік-са­ни­тар­лық са­рап­та­ма­ла­рын жүр­гі­зу, жа­ну­ар­лар­ды ем­деу және қа­рау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ке­ңес бе­ру
3-3) Кә­сі­би құ­зы­рет­ті­лі­гіне қа­ты­сты ке­ңе­стер, кон­фе­рен­ци­я­лар, сек­ци­я­лар, қа­уым­да­стық­тар жұ­мысы­на қа­ты­су, маз­мұ­ны бой­ын­ша жа­қын мін­дет­тер­ді орын­дай­ды. Қыз­мет­ші­лер­ге бас­шы­лық ету
5-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі мал дәрігердің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Жа­ну­ар­лар­ды қа­ра­уда және жа­ра­қат­та­ры мен ау­ру­ла­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­уда жұ­мыс жа­сау то­бы­ның бас­шы­лы­ғы және олар­дың қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рі­нің жа­у­ап­кер­ші­лі­гі
Жа­ну­ар­лар­ды қа­ра­уда және жа­ра­қат­та­ры мен ау­ру­ла­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­уда, прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу­де­гі дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­ті­лі­гі
Жа­ну­ар­лар­ды қа­ра­уда және жа­ра­қат­та­ры мен ау­ру­ла­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­уда тә­жі­ри­бе­лік, тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім
1-2)
Тех­ни­ка­лық дай­ын­дық, жұ­мыс­шы­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гі, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сын сақ­та­уда, ги­ги­е­на­лық нор­ма­лар­ды, қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғауда және олар­дың жұ­мыс жа­са­уы­на то­лық түр­де жа­у­ап­кер­ші­лі­гі
Ве­те­ри­нар­лық са­па­ны же­тіл­ді­ру­де та­ным­ды­лық және прак­ти­ка­лық дағ­ды­лар­ды қол­да­ну, ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру­ды жақ­сар­ту
Ве­те­ри­нар­лық са­па­ны же­тіл­ді­ру­де, ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру­ды жақ­сар­ту­да қа­жет­ті ше­шім үшін ак­па­рат жи­на­уда жан-жақ­ты­лық бі­лім­ге қа­бі­лет­ті бо­лу
2-1)
По­ли­ти­ка мен мақ­сат­тар­ды ұй­ым­да­сты­ру, тұ­жы­рым­да­ма шең­бе­рін­де оқу қыз­ме­ті мен жұ­мыс үде­рі­сін өзін­дік ба­қы­лау және бас­қа­ру қа­бі­лет­ті­лі­гі
Кә­сі­би қыз­мет көр­се­ту шең­бе­рін­де құ­жат­тар мен есеп жүр­гі­зе­ді
Ве­те­ри­нар­лық кә­сі­би қыз­мет көр­се­ту жұ­мысын орын­дау үшін, тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау үшін қа­жет­ті ма­ман­дар­ды қа­ты­сты­ру үшін өзін­дік ақ­па­рат­тар­ды із­деу
2-2)
Жа­сал­ған жұ­мыстың кө­ле­мі мен са­па­сы­на ба­қы­лау жүр­гі­зу­де қо­ры­тын­ды­ны дәлел­деп кә­сі­би қыз­мет үде­рі­сін бас­қа­ра­ды және ба­қы­лай­ды
Шы­ғар­ма­шы­лық тә­сіл­де­ме, тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім­ді қол­да­нып кә­сі­би мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің әр түр­лі нұс­қа­ла­рын өзді­гі­нен әзір­леу және ұсы­ну бі­лік­ті­лі­гі мен дағдысы
Жа­сал­ған жұ­мыстың кө­ле­мі мен са­па­сын ба­қы­ла­уда жос­пар­ла­удың негіз­гі үр­ді­сте­рін са­нау және тап­сыр­ма­лар қа­та­рын анық­тау
3-1)
Тұ­ты­ну­шы­ның ба­ға­сын ес­ке­ре оты­рып, ал­дын ала қой­ы­л­ған ес­керт­пе­лер мен нор­ма­лар­ға сай нәти­же­ні ба­ға­лау және қыз­мет көр­се­ту­дің кә­сі­би тәр­ті­бін құ­жат­тау
Жа­ну­ар­лар­ды асы­рау мен кү­ті­мін­де зо­оги­ги­е­на­лық және ве­те­ри­нар­лық ере­же­лер­ді орын­да­уын ба­қы­лау, өн­ді­рі­стік үде­рі­сте ше­шім­дер­ді бас­қа­ру жос­пар­ла­ры­ның әр түр­лі нұс­қа­ла­рын құ­ра­с­ты­ру және ұсы­ну
Жа­ну­ар­ладың өлім-жі­ті­мі мен ау­ру­ла­рын ал­дын алуын үшін ве­те­ри­нар­лық ша­ра­лар­ды жүр­гі­зу бі­лік­ті­лі­гі, жа­ну­ар­лар­ды асы­рау, жем бе­ру мен кү­ті­мін­де зо­оги­ги­е­на­лық және ве­те­ри­нар­лық ере­же­лер­ді орын­дау
3-2)
Шы­ғын­дар құ­нын­да ай­ыр­ма­шы­лық­тар­дың бо­лу мүм­кін­ді­гін ес­ке­ріп, жо­ға­ры­да­ғы бас­шы­лық­қа өн­ді­рі­стік мә­лі­мет­тер­ді ұсы­на­ды және тү­сін­ді­ре­ді
Жа­ну­ар­лар мен құ­стар өнім­де­ріне ве­те­ри­нар-са­ни­тар­лық сы­нақ жүр­гі­зу­де қыз­мет көр­се­ту­ді тү­зе­ту және ба­ға­лау, ағым­ды және қо­ры­тын­ды ба­қы­лау
Жа­ну­ар­лар­дың ұдайы өн­ді­рі­сін­де және ем­деу сұ­рақ­та­ры бой­ын­ша ке­ңес бе­ру­де, құ­стар мен жа­ну­ар­лар­дың өнім­де­ріне ве­те­ри­нар-са­ни­тар­лық тал­дау жүр­гі­зу бі­лік­ті­лі­гі
6-кесте. СБШ біліктіліктің 6-деңгейлі мал дәрігердің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Нақ­ты учас­кі­де тех­но­ло­ги­я­лық үде­ріс нәти­же­сі­нің жа­у­а­кер­ші­лі­гін ес­ке­ре оты­рып жұ­мыс­шы­лар­ды бас­қа­ру
Жа­ну­ар­лар­ды қа­ра­уда және ау­ру­ла­ры мен жа­ра­қат­та­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­уда прак­ти­ка­лық және те­ро­ри­я­лық ар­найы син­тез­ді та­лап ете­тін қыз­мет көр­се­ту
Ау­ру­лар мен жа­ра­қат­тар­ды ди­а­гно­сти­ка­ла­уда прак­ти­ка­лық және те­ро­ри­я­лық ар­найы син­тез­ді та­лап ете­тін қыз­мет көр­се­ту бі­лі­мі­нің бі­лік­ті­лі­гі
1-2)
Же­ке жұ­мыс­шы­лар­дың кә­сі­би да­муын бас­қа­ру.
Жа­ну­ар­лар­ды асы­рау мен кү­ті­мін­де зо­оги­ги­е­на­лық және ве­те­ри­нар­лық ере­же­лер­ді орын­да­уда учас­кі­де бе­рі­л­ген жұ­мысты ке­лі­сті­ру
Жа­ну­ар­лар­ды асы­рау мен кү­ті­мін­де зо­оги­ги­е­на­лық және ве­те­ри­нар­лық ере­же­лер­ді орын­да­ған­да кә­сі­би жағ­дай­лар­да ше­шім қа­был­да­уды ба­ға­лау және жо­ба­ла­уды тал­дау
Жа­ну­ар­лар­ды асы­рау мен кү­ті­мін­де зо­оги­ги­е­на­лық және ве­те­ри­нар­лық ере­же­лер­ді орын­дау, сақ­тау кә­сі­би жағ­дай­лар­да бі­лік­ті­лі­гі
2-1)
Учас­кі пер­со­на­лы­ның қыз­мет көр­се­ту­ін бас­қа­ру, учас­ке­нің қыз­мет тұ­жы­рым­да­ма­сы­ның шең­бе­рі­ен­де ме­недж­мент­тің жа­ңа фор­ма­ла­рын ен­гі­зу­ді жос­пар­лай­ды.
Өмір қа­уіп­сіз­ді­гі жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды қам­та­ма­сыз ету­де­гі жа­у­ап­кер­ші­лі­гі
Қой­ы­л­ған тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу­де ма­ман­дар қа­ты­сты­рып, қыз­мет көр­се­ту ең­бе­гін­де
ма­те­ри­ал­дық, ада­ми тех­но­ло­ги­я­лық ре­сур­стар­дың қар­жы­лық нәти­же­ле­рі мен қол­да­ну мүм­кін­ді­гі­нің та­би­ға­тын тү­сі­ну
Қой­ы­л­ған тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу­де ма­ман­дар қа­ты­сты­ру үшін кә­сі­би жәйт­тар мен ше­шім қа­был­да­уды ба­ға­лау және жо­ба­ла­уды тал­дау
2-2)
Кә­сі­би қыз­мет­тің шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­на бей­ім­ді­лі­гі, бас­қа­ру­ға ын­та­сы­ның бо­луы, кә­сі­би қыз­мет­тің нәти­же­сі және кә­сі­би бі­лім­нің да­муы үшін жа­у­ап­кер­ші­лік
Қыз­мет көр­се­ту­дің осы тү­ріне сай қа­уіп­тер­ді тү­сі­ну, олар­ды ба­қы­лау және ама­лын­ша ке­мі­ту
Жа­сал­ған жұ­мысы­ның кө­ле­мін және са­па­сын ба­қы­ла­уда көз­қа­рас­тар­дың ке­лі­суі мен ал­ма­су әді­сте­рін анық­тау
3-1)
Кә­сі­би қыз­мет­ті ұй­ым­да­сты­ру және бас­қа­ру үшін қа­жет­ті ада­ми ре­сур­стар мен ма­те­ри­ал­дар­ды бө­лу және іс­кер­лік жос­пар­ла­уды жүр­гі­зу
Кә­сі­би қыз­мет көр­се­ту­де бас­қа­ру тә­сіл­де­рі мен әді­сте­рін, құқық­тық және тех­ни­ка­лық қа­ғи­да­ла­рын, жан-жақ­ты бі­лік­ті­лі­гін қол­да­ну
Жа­ну­ар­ладың өлім-жі­ті­мі мен ау­ру­ла­ры­ның ал­дын алу үшін ве­те­ри­нар­лық ша­ра­лар­ға қа­ты­сты ма­те­ри­ал­дық, ада­ми және тех­но­ло­ги­я­лық ре­сур­стар­дың қар­жы­лық нәти­же­ле­рі мен қол­да­ну мүм­кін­ді­гі­нің та­би­ға­тын тү­сі­ну.
Жа­ну­ар­лар­ды асы­рау мен та­мақ­тан­ды­ру­да және олар­дың кү­ті­мін­де зо­оги­ги­е­на­лық және ве­те­ри­нар­лық ере­же­лер бі­лік­ті­лі­гі
3-2)
Жұ­мыс­шы­лар­дың бі­лік­ті­лі­гі мен кә­сіп­қой­лы­ғын кө­те­ру­де ше­шім қа­был­дау.
Қо­ры­тын­ды нәти­же­ге ба­ғыт­тал­ған, жа­ңа тә­сіл­дер мен әді­стер­ді қол­да­ну
Жа­ну­ар­лар­дың ұдайы кө­бе­юі және ем­деу сұ­рақ­та­ры бой­ын­ша ке­ңес бе­ру, құ­стар мен жа­ну­ар­лар­дың өнім­де­ріне ве­те­ри­нар-са­ни­тар­лық тал­дау жүр­гі­зу бой­ын­ша дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­ті­лі­гі
Қыз­мет көр­се­ту­дің осы тү­ріне сай қа­уіп­тер­ді тү­сі­ну, олар­ды ба­қы­лау және ама­лын­ша ке­мі­ту
7-кесте. СБШ біліктіліктің 7-деңгейлі мал дәрігердің құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Нәти­же­ге же­ту­ді ес­ке­ре оты­рып, бө­лім дең­гейі нәти­же­сі­нің жа­у­ап­кер­ші­лі­гін өзіне алып, жұ­мыс­шы­лар­дың қыз­мет көр­се­ту­ін бас­қа­ру
Жа­ңа амал­дар­ды құ­ра­с­ты­ру­ды та­лап ете­тін тех­но­ло­ги­я­лық тұр­ғы­да мә­се­ле­лер­ді ше­ше бі­лу
Жа­ну­ар­лар­ды қа­ра­удың және жа­ра­қат­та­ры мен ау­ру­ла­рын ди­а­гно­сти­ка­ла­удың ере­же­ле­рін бі­лу
1-2)
Ве­те­ри­нар­лық қыз­мет көр­се­ту са­па­сын же­тіл­ді­ру­де қыз­мет көр­се­ту стра­те­ги­я­ла­рын анық­тау
Ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру­ды жақ­сар­ту үшін әді­стер­ді таң­дау және мақ­сат қою қа­бі­лет­ті­лі­гі­нің ғы­лы­ми бі­лік­ті­лі­гі
Ве­те­ри­нар­лық са­па­ны же­тіл­ді­ру­де та­ным­ды­лық және прак­ти­ка­лық дағ­ды­лар­ды қол­да­ну, ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру­ды жақ­сар­ту
2-1)
Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге және ше­шім­дер­ге өз дең­гей­іне қа­рай және жа­у­ап­кер­ші­лі­гі
Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді ше­шу­де ин­но­ва­ци­я­лық әді­стер­ді қол­да­ну бі­лік­ті­лі­гі
Мін­дет­тер­ді ше­шу ша­ра­ла­ры­ның жүр­гі­зу ере­же­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гі, бе­рі­л­ген тап­сыр­ма­лар­ды кі­ші пер­со­нал­ға бө­лу
2-2)
Жұ­мыстың са­па­сы мен кө­ле­мін ба­қы­лау бой­ын­ша жа­ңа әді­стер­ді, амал­дар мен тә­сіл­де­рін құ­ра­с­ты­ру
Қыз­мет көр­се­ту бө­лі­мі­нің жа­сал­ған жұ­мыс са­па­сы мен кө­ле­мін ес­ке­ре оты­рып қыз­ме­тін тү­зе­ту бі­лік­ті­лі­гі
Жа­сал­ған жұ­мыстың кө­ле­мі мен са­па­сын ба­қы­лау ере­же­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гі
3-1)
Ин­но­ва­ци­я­лық амал­дар­ды, тұ­жы­рым­да­ма­ның қой­ы­лым әді­сте­рін, қыз­мет көр­се­ту стра­те­ги­я­сын қол­да­на оты­рып тап­сыр­ма­лар мен мә­се­ле­лер­ді анық­тау
Ве­те­ри­на­ри­яда бас­қа­ру қыз­ме­тін орын­дау үшін ағым­да­ғы сы­нақ­тар мен зерт­те­ме­лер­ді жүр­гі­зу бі­лік­ті­лі­гі
Зо­оги­ги­е­на­лық та­лап­тар­ға сәй­кес, жа­ну­ар­лар­ды асы­рау мен та­мақ­тан­ды­ру­да, ұдайы кө­бе­юі мен ем­дік сұ­рақ­та­рын­да ке­ңес бе­ру бі­лік­ті­лі­гі. Шәу­ет са­па­сын ба­қы­лау
3-2
Кә­сі­бі құ­зы­рет­ті­лік­ке жа­та­тын мә­се­ле­лер­ді қа­рас­ты­ру
Жа­ну­ар­лар­дың ұдайы кө­бе­юі мен ем­дік сұ­рақ­та­рын­да ке­ңес бе­ру­де нәти­же­ге же­ту үшін бас­шы­лық­ты ұй­ым­да­сты­ру
Са­ла құ­ры­лы­мы­ның қыз­ме­ті мен да­муы­ның стра­те­ги­я­сын ұй­ым­да­сты­ру, ең­бек шар­тта­ры мен нәти­же же­ті­сті­гіне жа­у­ап­кер­ші­лік
Жа­ну­ар­лар­дың ұдайы өн­ді­рі­сін­де және ем­деу сұ­рақ­та­ры бой­ын­ша ке­ңес бе­ру­де, құ­стар мен жа­ну­ар­лар­дың өнім­де­ріне ве­те­ри­нар-са­ни­тар­лық тал­дау жүр­гі­зу­де жұ­мыс­шы­лар­ды бас­қа­ру үшін мін­дет­те­ме­лер­дің қыз­мет­тік жағ­дай­ы­ның бі­лік­ті­лі­гі

5 Келісу парағы

Ветеринариялық медицина бойынша
қызметтегі кәсіби стандартының
5-қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым­ның ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС тіркелді ____________________________________________________
Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу № ____________________
Хат (хаттама) № ____________________ Күні____________________________

Қолданыстағы