Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта в зооинженерной деятельности

Бұйрық · № 20/48 · қабылданған 21.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82699/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта в зооинженерной деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 20/48 ·21.01.2014
20.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта в зооинженерной деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 20/48 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта в зооинженерной деятельности
Атауы (қаз.)
Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/48
Қабылданған күні
21.01.2014
Көрсетілген редакция
20.12.2020 82699_502708.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009447
ЭКБ идентификаторы
82699
Редакция идентификаторы
82699_502708
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:06

0 Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.

2 2. Мал шаруашылығы департаменті (Е.Қ. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.

3 3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова ___________
2014 жылғы 7 сәуір

0 Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20/48 бұйрығымен
бекітілген
Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1. Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС):

1 1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

2 2) кәсіби қайта даярлау, біліктілікті көтеру және дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын белгілеуге;

3 3)аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарын белгілеуге;

4 4) кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

5 5)персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;

6 6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

7 7)мамандарды кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;
ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3 3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және тағы да басқалар әзірленуі мүмкін.

4 4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – жұмысшының еңбектің нақты түрін орындауда кәсіби дайындық дәрежесі;

2 2) біліктілік деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

3 3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында жұмысшының әрекеттері бағытталған зат;

4 4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде жұмысшының қолданатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіліктердің тұтас жиынымен құрамдастырылған кәсіби қызмет саласының құрама бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үрдісімен анықталатын және еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

7 7) кәсіби қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) КС– кәсіби іс-әрекеттің нақты саласындағы біліктілік деңгейлерге, құзыреттіліктерге, сонымен қатар еңбек мазмұны, сапасы және шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;

9 9) КС бірлігі – КС еңбек қызметінің нақты түрі бойынша маңызды, қатысымды дербес, аяқталған, бүтін нақты еңбек функциясының толық сипаттамасының құрылымдық элементі;

10 10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен куәландырылатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

11 11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;

12 12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

13 13) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асырумен және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;

14 14) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ мекемелер мен ұйымдардың жиыны;

15 15) салалық біліктілік шеңбері – салада танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығындағы танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5

5. Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 01.41 Жануарлардың сауын тұқымын өсіру, 01.42 Жануарлардың және енекенің басқа да тұқымдарын өсіру, 01.43 Жылқы және басқа да тұяқты тұқымдарды өсіру, 01.44 Түйелерді және түйе тұқымдастарды өсіру, 01.45 Қойлар мен ешкілерді өсіру, 01.46 Шошқалар мен торайларды өсіру, 01.47 Құс шаруашылығы, 01.49 Жануарлардың басқа да түрлерін өсіру.

6 6. Экономикалық зооинженерлік қызмет түрінің негізгі мақсаты – өсіру,тұқымдық малдарды тиімді қолдану және қорғау, олардың денсаулығы мен өскелеңдігін сақтау.

КС ҚР МЖ 03-2007: 01 өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аң аулау және осы салалардағы қызметтерді көрсету кәсіби қызмет саласында еңбек мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

7 7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.

Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:
зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты;
бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі;

3 3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы

1 1-параграф. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты

8 8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3-4

9 9. Лауазымның мүмкін атаулары: зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты.

10 10. «Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: жануарларға күтім, оларды тамақтандыру, оларды ұстау жерін тазалау. Зоогигиеналық ережелерді орындау.

11 11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

12 12. Зертханалық жануарлар тәлімбағы зоолаборантының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

13 13. Еңбек функцияларын айқындайтын, зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

14 14. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

15 15. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборантың құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген.

2 2-параграф. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі

16 16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 5-7.

17 17. Лауазымның мүмкін атаулары: бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі.

18

18. «Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: мал шаруашылығын үдету бойынша, өнеркәсіптік негізге оны ауыстыру. Табынның ұрпағын өсіруін жақсарту және төл шығуын көтеру бойынша жұмыс.

19 19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

20 20. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

21 21. Еңбек функцияларын айқындайтын, бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

22 22. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

23 23. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5, 6, 7- кестелерінде көрсетілген.

4 4. КС әзірлеушілер

32 32. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

33 33. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.

1 Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Зооинженерлік қызметтегі
кәсіби стандартының
1-қосымшасы
Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

р/с
Қыз­мет тү­рі ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы тен­ден­ци­я­ла­рын есеп­ке ал­ған­да­ғы кә­сіп ата­уы
01-2005
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші­сіне сәй­кес кә­сіп­тер ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі
1.
Зо­о­ин­же­нер­лік қыз­мет
Зерт­ха­на­лық жа­ну­ар­лар тә­лім­ба­ғы­ның зоо­ла­бо­ран­ты
Зерт­ха­на­лық жа­ну­ар­лар тә­лім­ба­ғы­ның зоо­ла­бо­ран­ты
3-4
2.
Бө­лім­ше (ке­шен­нің, ауыл ша­ру­а­шы­лық учас­ке­сі­нің, фер­ма­ның) зоо­тех­ни­гі
Бө­лім­ше (ке­шен­нің, ауыл ша­ру­а­шы­лық учас­ке­сі­нің, фер­ма­ның) зоо­тех­ни­гі
5-7

2 Зооинженерлік қызметтегі

кәсіби стандартының
2-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
6129 Зерт­ха­на­лық жа­ну­ар­лар тә­лім­ба­ғы­ның зоо­ла­бо­ран­ты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы жұ­мыс­шы­лар кә­сіп­те­рі мен жұ­мыста­ры­ның бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ғы­шы (БТ­БА)
Шы­ға­ры­лым, БТ­БА та­ра­уы
29-шы­ға­ры­лым, Дә­рі-дәр­мек, дә­ру­мен, ме­ди­ци­на­лық, бак­те­ри­я­лық және био­ло­ги­я­лық пре­па­рат­тар мен ма­те­ри­ал­дар­ды өн­ді­ру
БТ­БА бой­ын­ша кә­сі­бі
Зерт­ха­на­лық жа­ну­ар­лар тә­лім­ба­ғы­ның зоо­ла­бо­ран­ты
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
3
4-5
4
6
2-кесте. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборантының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Мал ша­ру­а­шы­лық кә­сі­по­рын­дар, мал ша­ру­а­шы­лық жай­ла­ры, мал дә­рі­гер­лік ны­сан­дар, фер­мер­лік және ша­руа қо­жа­лық­та­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жа­ра­қат­та­ну­шы­лық қа­уі­пі, жа­ну­ар­лар­дың қо­лай­сыз зо­оноз­дық ау­ру­ла­ры бой­ын­ша қыз­мет көр­сет­кен кез­де ау­ру­ды жұқ­ты­ру қа­у­пі
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз негіз­гі ор­та бі­лім ба­за­сын­да жал­пы ор­та бі­лі­мі неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лі­мі болған жағ­дай­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се кә­сі­би дай­ын­дық (бір жы­л­ға дей­ін кә­сі­би дай­ын­дық­ты ұй­ым­да­сты­ру ба­за­сын­да­ғы кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту)
Та­лап
етіл­мей­ді
3-кесте. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Жа­ну­ар­лар­ға кү­тім, олар­ды та­мақ­тан­ды­ру, олар­ды ұстау же­рін та­за­лау. Мал мен құ­стар­дың ау­руы мен жап­пай құ­ры­лу­дың ал­дын алу бой­ын­ша зо­оги­ги­е­на­лық ере­же­лер мен про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­ла­ры
2
Жа­ну­ар­лар­дың ас үле­сін құ­ру­ға қа­ты­са­ды. Жаб­дық­ты, жай­лар­ды, ме­ха­ни­за­ция құ­рал­да­рын және бас­қа қор­ла­рын ти­ім­ді пай­да­ла­ну­ды қам­та­ма­сыз ете­ді. Зоо­тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны тол­ты­ра­ды. Жа­ра­қат­тан­ған­да, улан­ған­да жа­ну­ар­лар­ға ал­ғаш­қы жәр­дем көр­се­те­ді
3
Жа­ну­ар­лар­дың өнім­ді­лі­гін кө­те­ру, та­бын­ның ұр­пақ өсі­ру­ін жақ­сар­ту және төл шы­ғуын кө­те­ру бой­ын­ша жұ­мысты жүр­гі­зе­ді
4-кесте. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты орындайтын
КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Жа­ну­ар­лар
Ха­лат, ре­зең­ке етік, қол­ғап, ал­жап­қыш және т.б.
1-1) Мал­ға кү­тім, олар­ды та­мақ­тан­ды­ру, су­а­ру
2
Жа­ну­ар­лар
Ар­қан, ха­лат, ре­зең­ке етік, қол­ғап, ал­жап­қыш және т.б.
2-1) Мал күй­іне ба­қы­лау жа­сау, олар­ды ұстау жер­ле­рін та­за­лау
3
Жа­ну­ар­лар
Ар­қан, ха­лат, ре­зең­ке етік, қол­ғап, ал­жап­қыш және т.б.
3-1) Жа­ну­ар­лар­дың өнім­ді­лі­гін кө­те­ру, та­бын­ның ұр­пақ өсі­ру­ін жақ­сар­ту және төл шы­ғуын кө­те­ру бой­ын­ша жұ­мыс
5-кесте. СБШ біліктіліктің 3- деңгейлі зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборантының құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Ті­ке­лей бас­шы­лық­пен негіз­гі прак­ти­ка­лық және та­ным­дық ма­шық­тар қол­да­нуы­мен стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу
Стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­ше бі­лу
Кә­сі­би дай­ын­дық ба­ры­сын­да алын­ған прак­ти­ка­лық- ба­ғыт­тал­ған кә­сі­би бі­лім­де­рі
2-1)
Нәти­же­лер мен жұ­мыс са­па­сы­на жа­у­ап­кер­ші­лік, мал күй­іне ба­қы­лау жа­сау, олар­ды ұстау жер­ле­рін та­за­лау
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және бі­лі­мі негі­зін­де іс-әре­кет­тер әді­сін таң­дау дағдысы
Қа­уіп­сіз­дік және ең­бек­ті қор­ғау са­ла­сын­да­ғы бі­лім­дер
6-кесте. СБШ біліктіліктің 4- деңгейлі зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборантының құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Ті­ке­лей бас­шы­лық­пен негіз­гі прак­ти­ка­лық және та­ным­дық ма­шық­тар қол­да­ну­мен стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу
Стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу бі­лу
Кә­сі­би дай­ын­дық ба­ры­сын­да алын­ған прак­ти­ка­лық- ба­ғыт­тал­ған кә­сі­би бі­лім­де­рі
2-1)
Нәти­же­лер мен жұ­мыс са­па­сы­на жа­у­ап­кер­ші­лік, мал күй­іне ба­қы­лау жа­сау, олар­ды ұстау жер­ле­рін та­за­лау
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және бі­лі­мі негі­зін­де іс-әре­кет­тер әді­сін таң­дау ды­ғдысы
Қа­уіп­сіз­дік және ең­бек­ті қор­ғау са­ла­сын­да­ғы бі­лім­дер
3-1)
Жұ­мыс ке­зін­де өз ден­са­улы­ғы мен қаіп­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне жа­у­ап бе­ре­ді. Та­бын­ның ұдайы өсу­ін жақ­сар­ту және төл са­нын кө­бей­ту бой­ын­ша жұ­мыс
Та­бын­ның ұдайы өсу­ін жақ­сар­ту және төл са­нын кө­бей­ту бой­ын­ша жос­пар­лан­ған нәти­же­ге же­ту­ді қам­та­ма­сыз ету
Мал өнім­ді­лі­гін арт­ты­ру, та­бын­ның ұдайы өсу­ін жақ­сар­ту және төл са­нын кө­бей­ту бой­ын­ша жұ­мыс

3 Зооинженерлік қызметтегі

кәсіби стандартының
3-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
2211 Бө­лім­ше (ке­шен­нің, ауыл ша­ру­а­шы­лық учас­ке­сі­нің, фер­ма­ның) зоо­тех­ни­гі
1221 Бас зоо­тех­ник;
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сы­ның бас­шы­ла­ры және ма­ман­да­ры ла­у­а­зым­да­ры­ның үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2013 жы­л­ғы 1 шіл­де­де­гі № 17/308 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гін­де 2013 жы­лы 8 та­мы­зда № 8614 тір­кел­ді)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Са­нат­тар
5
Бө­лім­ше (ке­шен­нің, ауыл ша­ру­а­шы­лық учас­ке­сі­нің, фер­ма­ның) зоо­тех­ни­гі (жо­ғар­ғы бі­лім)– са­нат­сыз, II, I
6
Бө­лім­ше (ке­шен­нің, ауыл ша­ру­а­шы­лық учас­ке­сі­нің, фер­ма­ның) зоо­тех­ни­гі (ЖОО-дан кей­ін­гі бі­лім) – са­нат­сыз, II, I
7
Бас зоо­тех­ник
2-кесте. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі, бас зоотехниктің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Мал ша­ру­а­шы­лық кә­сі­по­рын­дар, мал ша­ру­а­шы­лық жай­ла­ры, мал дә­рі­гер­лік ны­сан­дар, фер­мер­лік және ша­руа қо­жа­лық­та­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жа­ра­қат­та­ну­шы­лық қа­уі­пі, жа­ну­ар­лар­дың қо­лай­сыз зо­оноз­дық ау­ру­ла­ры бой­ын­ша қыз­мет көр­сет­кен кез­де ау­ру­ды жұқ­ты­ру қа­у­пі
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім(ор­та буын ма­ма­ны), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе неме­се жо­ғар­ғы бі­лім
Са­нат­сыз – ең­бек тә­жі­ри­бе­сі та­лап етіл­мей­ді; II са­нат – са­нат­сыз ла­у­а­зым­да 1 жыл­дан кем емес; I са­нат - II са­нат ла­у­а­зы­мын­да 1 жыл­дан кем емес
6
Жо­ғар­ғы бі­лім (ба­ка­лаври­ат), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Са­нат­сыз – ең­бек тә­жі­ри­бе­сі та­лап етіл­мей­ді; II са­нат – са­нат­сыз ла­у­а­зым­да 1 жыл­дан кем емес; I са­нат - II са­нат ла­у­а­зы­мын­да 1 жыл­дан кем емес
7
Жо­ғар­ғы бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе. Жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
5 жыл­дан кем емес
3-кесте. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын
КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның әр түр­лі тұқым­ды жа­ну­ар­ла­рын өнім өн­ді­рі­сін жақ­сар­ту үшін дай­ын­дау. Ба­стап­қы зоо­тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны жүр­гі­зе­ді, тір­кел­ген қыз­мет көр­се­ту ай­ма­ғын­да мал өсі­ре­ді. Мал ша­ру­а­шы­лы­ғын да­мы­ту, та­бын­ның ұдайы өсу­ін жақ­сар­ту, мал­дың өнім бер­гіш­ті­гін арт­ты­ру, төл са­нын кө­бей­ту­ге ба­ғыт­тал­ған ша­ра­лар­ды әзір­лей­ді, жү­зе­ге асы­ра­ды.
2
Ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­тар­лық ере­же­лер мен нор­ма­ла­ры­на сәй­кес жа­ну­ар­лар­дың (фи­зио­ло­ги­я­лық жағ­дай­ы­на қа­рай) жы­ны­стық жа­стық топ­тар­ға ауы­суын жү­зе­ге асы­ра­ды, азық­тан­ды­ра­ды, кү­те­ді. Азық­тық шы­ғын­дар кі­та­бын жүр­гі­зе­ді. Жа­ну­ар­лар­ды азық­тан­ды­ру тәр­ті­бін құ­ра­с­тыр­ды
3
Азық­ты, жай­ы­лым­ды және бас­қа ма­ла­зық­тық жер-су­ды ти­ім­ді пай­да­ла­ну, ұстау, та­мақ­тан­ды­ру және мал ба­сын кү­ту­дің ең жа­ңа әді­сте­рін фер­ма­лар­да ен­гі­зе­ді. Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау, ең­бек­ті қор­ғау нор­ма­ла­ры мен ере­же­ле­рі, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі бой­ын­ша заң­на­ма сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­ді
4
Мол өнім­ді мал өсі­ру бой­ын­ша се­лек­ци­я­лық-тұқым жұ­мыста­рын, ана­лық мал ба­сы­ның қы­сыр­лы­ғын тө­мен­де­ту бой­ын­ша жұ­мыстар­ды бас­қа­ра­ды. Сүт­тің май­лы­лы­ғы, қо­юлы­ғы, қыш­қыл­ды­ғы және та­за­лы­ғы бой­ын­ша ана­л­из­дер­ді ұй­ым­да­сты­ра­ды. Мал ша­о­уа­шы­лы­ғы­на қа­жет жаб­дық­тар­ды, қо­сал­қа бөл­шек­тер­ді, жөн­деу ма­те­ри­ал­да­рын және т.б. ма­те­ри­ал­ды құ­рал­дар­ды са­тып алу бой­ын­ша өті­нім­дер­ді құ­ра­с­ты­ру­ға қа­ты­са­ды.
5
Ай­лық, тоқ­сан­дық және жыл­дық жос­пар­лар­ды әзір­ле­у­ге, жыл­дық есеп­тер­ді жа­са­у­ға қа­ты­са­ды. Өн­ді­рі­сті қар­қын­да­ту, негіз­гі құ­рал­дар­ды, ең­бек және ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стар­ды ти­ім­ді қол­да­ну бой­ын­ша ша­ра­лар­ды әзір­ле­у­ге және олар­дың жү­зе­ге асуы­на, ғы­лым же­ті­стікте­рі мен озық тә­жі­ри­бе­лер­дің ен­гі­зу­іне қа­ты­са­ды.
4-кесте. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі орындайтын КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер (ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Жа­ну­ар­лар
Нор­ма­тив­тік құ­жат­тар
1-1) Жұ­мысы:өнім өн­ді­ру үшін әр түр­лі тұқым­ды ауы­л­ша­ру­а­шы­лық жа­ну­ар­ла­рын дай­ын­дау
1-2) Ал­ғаш­қы зоо­тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны жүр­гі­зе­ді және қыз­мет көр­се­ту­дің бе­кі­ті­л­ген ай­ма­ғын­да жа­ну­ар­лар­ды өсі­ре­ді.
2
Жа­ну­ар­лар
Нор­ма­тив­тік құ­жат­тар
2-1) Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын кө­бей­ту және өсі­ру
2-2) Азық­тық шы­ғын­дар кі­та­бын жүр­гі­зе­ді. Жа­ну­ар­лар­ды азық­тан­ды­ру кө­ле­мін құ­ра­с­ты­ра­ды.
3
Жа­ну­ар­лар
Нор­ма­тив­тік құ­жат­тар
3-1) Азық­ты, жай­ы­лым­ды және бас­қа ма­ла­зық­тық жер-су­ды ти­ім­ді пай­да­ла­ну­ды ұй­ым­да­сты­ру
5-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Нақ­ты учас­ке­сін­де олар­дың әре­кет­тер нәти­же­сіне жа­у­ап­кер­ші­лік алу­мен қыз­мет­кер­лер то­бы­на бас­шы­лық ету
Ше­шім­дер­дің алу­ан түр­лі­лі­гін қам­ти­тін прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу
Өнім өн­ді­ру үшін әр түр­лі тұқым­ды ауыл ша­ру­а­шы­лық жа­ну­ар­ла­рын дай­ын­да­уда­ғы кә­сі­би, тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім мен тә­жі­ри­бе
1-2)
Жұ­мыс ба­ры­сын ба­қы­лай оты­рып, ада­ми ре­сур­стар­ды бө­лу, нақ­ты және нәти­же­лі нұс­қа­улық­тар бе­ру
Бел­гі­лен­ген қыз­мет көр­се­ту ау­ма­ғын­да жа­ну­ар­лар­ды өсі­ру және құ­жат­та­уда­ғы прак­ти­ка­лық және та­ным­дық дағ­ды­лар­ды қол­да­ну
Бел­гі­лен­ген қыз­мет көр­се­ту ау­ма­ғын­да жа­ну­ар­лар­ды өсі­ру және ба­стап­қы зоо­тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны тол­ты­ру са­ла­сын­да­ғы жан-жақ­ты бі­лім
2-1)
Ал­дын ала құ­ра­с­ты­ры­л­ған жос­пар­лар­ға, са­па нор­ма­ла­ры­на, жұ­мысты орын­дау кесте­сіне және қар­жы жос­пар­ла­ма­сы­на сәй­кест­і­гін са­лы­сты­рып, жұ­мыс ба­ры­сын бас­қа­ра­ды
Кә­сі­би қыз­мет ая­сын­да есеп­ке алу­ды жүр­гі­зе бі­лу
Ауыл ша­ру­а­шы­лық жа­ну­ар­ла­рын өсі­ру және кө­бей­ту бой­ын­ша мә­се­ле­лер­ді ше­шу үшін қа­жет­ті ақ­па­рат­ты өзді­гі­нен із­деу
2-2)
Ал­дын ала бел­гі­лен­ген кри­те­рий мен нор­ма­лар­ға сәй­кес кә­сі­би қыз­мет­тің тәр­ті­бін құ­жат­тай­ды және нәти­же­лер­ді ба­ға­лай­ды
Шы­ғар­ма­шы­лық тә­сіл­де­ме, азық­тық шы­ғын­дар­ды есеп­теу және жа­ну­ар­лар­ды азық­тан­ды­ру кө­ле­мін дер­бес әзір­леу дағдысы.
Азық­тық шы­ғын­дар кі­та­бын жүр­гі­зу және жа­ну­ар­лар­ды азық­тан­ды­ру кө­ле­мін құ­ра­с­ты­ру ке­зін­де негіз­гі үде­рі­стер­ді ес­ке­ре­ді және мін­дет­тер­ді анық­тай­ды
6-кесте. СБШ біліктіліктің 6-деңгейлі бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет: мін­дет­тер­ді анық­тау және қой­ы­л­ған мақ­сат­ты есеп­ке алу­мен қыз­мет­ті жос­пар­лау.
Жа­ңа ілім­ді да­мы­ту және әр түр­лі са­ла­лар­да­ғы бі­лім­дер­ді қол­да­ны­сқа ен­гі­зу бой­ын­ша ғы­лы­ми-зерт­теу және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру, өз ой­ла­рын жа­з­ба­ша және ауыз­ша дұ­рыс және қи­сын­ды біл­ді­ру
Зо­о­ин­же­нер­лік іс­те­гі кә­сі­би, ғы­лым бі­лім­де­рі мен тә­жі­ри­бе­ле­рін жи­нақ­тау. Өнім­ді өн­ді­ру үшін ауы­л­ша­ру­а­шы­лық жа­ну­ар­лы­рын дай­ын­да­уда стар­те­ги­я­лық әді­сте­ме­лер қол­да­ну­мен мін­дет­тер мен мә­се­ле­лер­ді ше­шу тә­сіл­де­рін анық­тау
1-2)
Стра­те­ги­я­лық жос­пар­ла­удың нәти­же­ле­ріне же­ту­ді ес­ке­ре оты­рып, бө­лім­ше дең­гей­ін­де нәти­же­лер­ге жа­у­ап­кер­ші­лік­ті ала оты­рып, қыз­мет­ші­лер­дің жұ­мысын бас­қа­ру
Кә­сі­би қыз­ме­т­ін­де кең бі­лім­де­рін, тех­ни­ка­лық және құқық­тық ұста­ным­да­рын және бас­қа­ру әді­сте­рі мен ұста­ным­да­ры қа­та­рын қол­да­на­ды.
Ба­стап­қы зоо­тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма бой­ын­ша тар шең­бер­де­гі кә­сі­би қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру
2-1)
Бө­лім­ше неме­се ұй­ым қыз­ме­ті­нің стар­те­ги­я­сын, үде­рі­стер­ді мен қыз­мет­ті бас­қа­ру ұста­ным­да­рын анық­тау
Ауыл ша­ру­а­шы­лық жа­ну­ар­ла­рын өсі­ру және кө­бей­ту ке­зін­де тео­ри­я­лық бі­лім­ді прак­ти­ка­да қол­да­ну дағдысы
Ауыл ша­ру­а­шы­лық жа­ну­ар­ла­рын өсі­ру және кө­бей­ту қа­ғи­да­ла­ры
2-2)
Пер­со­нал­дың кә­сіп­қой­лы­ғы мен бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша ше­шім қа­был­дай­ды. Соң­ғы нәти­же­ге ба­ғыт­тал­ған жа­ңа әдіс-тә­сіл­дер­ді мең­ге­ре­ді
Кә­сі­би қыз­ме­т­ін­де кең бі­лім­де­рін, тех­ни­ка­лық және құқық ұста­ным­да­рын және бас­қа­ру әді­сте­рі мен ұста­ным­да­ры қа­та­рын қол­да­на­ды.
Қыз­мет­тің осы тү­ріне си­патты тәу­е­кел­дер­ді тү­сі­не­ді, олар­ды бас­қа­ра және ми­ни­мал­ды дең­гей­ге кел­ті­ре ала­ды
7-кесте. СБШ біліктіліктің 7- деңгейлі бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Нақ­ты учас­ке­сін­де олар­дың әре­кет­тер нәти­же­сіне жа­у­ап­кер­ші­лік алу­мен қыз­мет­кер­лер то­бы­на бас­шы­лық ету
Ше­шім­дер­дің алу­ан түр­лі­лі­гін қам­ти­тін прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу
Атой­нақ­та бір асыл тұқым­ды жыл­қы неме­се тұқым­дар топ­та­рын ұстау, азық­тан­ды­ру, жат­тық­ты­ру мен сы­на­уда кә­сі­би бі­лім­дер мен прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
1-2)
Қыз­мет­кер­лер­дің тех­ни­ка­лық да­яр­лы­ғы­на, ден­са­улы­ғы­на және қа­уіп­сіз­ді­гіне, олар­мен бел­гі­лі мін­дет­тер орын­дал­ған кез­де қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы, ги­ги­е­на­лық және қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау нор­ма­ла­ры сақ­та­луы­на то­лық жа­у­ап­ты
Шы­ғар­ма­шы­лық тә­сіл­де­ме, жыл­дық есеп­тер­ді әзір­ле­уде әр түр­лі тә­сіл­дер­ді, оның ішін­де ба­ла­ма­лы тә­сіл­дер­ді, дер­бес әзір­леу және ұсы­ныс жа­сау
Жыл­қы­лар­ды сы­на­удың ай­лық, тоқ­сан­дық және жыл­дық жос­пар­ла­рын әзір­леу, жыл­дық есеп­ті құ­ру бі­лі­мі
1-3)
Ал­дын ала әзір­лен­ген жос­пар­лар­ды, са­па нор­ма­ла­рын, жұ­мыстар­ды орын­дау кесте­сін және қар­жы сме­та­сын есеп­ке ала тұ­рып, жұ­мыс ба­ры­сын ба­қы­лай­ды
Стра­те­ги­я­лық жос­пар­ла­уда, жұ­мысты ба­ға­ла­уда, жағ­дай­ды тал­да­уда прак­ти­ка­лық және та­ным­дық ма­шық­та­рын қол­да­на­ды
Мін­дет­тер­ді анық­тай­ды, жос­пар­ла­удың негіз­гі үде­рі­сте­рін және жос­пар­лар­ды жұ­мыс үде­рі­сте­ріне өт­кі­зу­ді есеп­ке ала­ды
1-4)
Бас­қа бө­лім­ше­лер­ге тап­сы­ры­ла­тын неме­се дай­ын­да­у­шы неме­се қай­та өң­де­у­ші кә­сі­по­ры­н­мен са­ты­ла­тын мал ша­ру­а­шы­лық өні­мі­нің са­ны­ны және са­па­сы­на есеп алу­ды ұй­ым­да­сты­ра­ды
Стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді орын­дау бі­лі­гі, дер­бес жос­пар­лау, ең­бек үр­ді­сі мен оның нәти­же­сін ба­ға­лау дағдысы
Жүй­е­лік тал­дау мен кә­сі­би жағ­дай­лар­ды жос­пар­лау әді­сте­ме­сі ту­ра­лы жан­жақ­ты бі­лім­ге ие бо­ла­ды

5 Келісу парағы

Зооинженерлік қызметтегі
кәсіби стандартының
5–қосымшасы
Келісу парағы
Ұй­ым­ның ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС тіркелді_____________________________________________________
Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу № ___________________
Хат (хаттама) № ____________________ Күні____________________________

Қолданыстағы