Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Голубовка Иртышского района

Ереже · № 150-31-5 · қабылданған 31.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82739/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Голубовка Иртышского района Күшін жойған 27.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Голубовка Иртышского района

Күшін жойған Ереже № 150-31-5 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Голубовка Иртышского района
Атауы (қаз.)
Ертіс ауданы Голубовка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
150-31-5
Қабылданған күні
31.07.2014
Көрсетілген редакция
27.12.2022 82739_613331.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PG003959
ЭКБ идентификаторы
82739
Редакция идентификаторы
82739_613331
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:56
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ертіс ауданы Голубовка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ертіс ауданы Голубовка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ертіс ауданы Голубовка ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 5% мөлшерде бекітілсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және ұлтаралық қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 Ертіс ауданы Голубовка ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

Ертіс аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 шілдедегі
XХXI сессиясының
№ 150-31-5 шешімімен
бекітілген
Ертіс ауданы Голубовка ауылы аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ертіс ауданы Голубовка ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Ертіс ауданы Голубовка ауылы аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Ертіс ауданы Голубовка ауылы аумағында тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3. Бөлек жиынды Голубовка ауылының әкімі шақырады.

Ертіс ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Голубовка ауылының әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Ертіс ауданы Голубовка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ертіс ауданы Голубовка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ертіс аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Голубовка ауылы әкімінің аппаратына береді.