Об утверждении Правил присвоения статусов "специализированная" спортивным школам, "специализированное" отделениям спортивных школ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил присвоения статусов "специализированная" спортивным школам, "специализированное" отделениям спортивных школ
- Атауы (қаз.)
- Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 293
- Қабылданған күні
- 28.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2015 AI82780_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009676
- ЭКБ идентификаторы
- 82780
- Редакция идентификаторы
- AI82780_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:00
0 Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру қағидалары бекітілсін.
2 2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 293 бұйрығымен
бекітілген
Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) мәртебелер беру тәртібін анықтайды.
2
2. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелері аталған спорттық мектептердің және спорт түрлерінен бөлімшелердің қызметкерлерін материалдық ынталандыру, сонымен қатар олардың жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға және Қазақстан Республикасы құрама командаларының резервін дайындауға мүддесін арттыру мақсатында беріледі.
3 3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру туралы шешім қабылдайтын орган болып табылады.
4 4. Осы Қағидада мынадай ұғым қолданылады:
1 1) спорттық жетілдіру топтары - мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
2 2) спорттың ойын түрлерінен (футбол, шағын футбол, жағажай футболы, волейбол, жағажай волейболы, баскетбол, қол добы, су добы, шайбалы хоккей, допты хоккей, көгалдағы хоккей), көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңіл атлетикадан - 1-спорттық разряд;
3 3) спорттың басқа түрлерінен - «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер».
2 2. Мәртебелерді беру тәртібі
5 5. Спорт мектептеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру үшін мынадай шарттар сақталады:
1 1) өз меншігінде немесе жалға алынған спорттық объектінің (үй-жайдың) болуы;
2 2) спорт мектептерінің барлығындағы спорт түрінен бөлімшелерде кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушы құрамының болуы;
3 3) «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар спортшылардың, республикалық және халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің болуы;
4 4) кемінде 2/3 бөлігінде спорт түрінен мамандандырылған бөлімшелердің болуы.
6 6. Спорт мектептерінің спорт түрлері бойынша бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру үшін мына шарттар сақталады:
1 1) спорт түрлері бойынша бөлімшелер өз қызметін жүзеге асыратын спорт мектептерінің өз меншігінде немесе жалға алынған спорттық объектінің (үй-жайдың) болуы;
2 2) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушы құрамының болуы;
3 3) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде «Қазақстан Республикасы спорт шеберіне үміткер», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар спортшылардың, республикалық және халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің болуы;
4 4) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде кемінде екі спорттық жетілдіру тобының болуы (бір спорттық жетілдіру тобында шұғылданушылар саны дамытылған спорт түріне қарай 3 адамнан бастап 6 адамды құрайды).
7 7. Спорт мектептерінің және спорт мектептері бөлімшелерінің «мамандандырылған» мәртебесі оны уәкілетті орган берген күннен бастап төрт жыл бойына қолданыста болады.
8 8. Спорт мектептеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру үшін қажетті құжаттар:
1 1) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органнан (бұдан әрі - жергілікті орган) еркін нысанда жазылған қолдаухат, онда спорт мектебінің штат саны, спорт мектебіндегі спортшылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың құрамы туралы ақпарат болады;
2 2) спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері немесе спорт мектебінің оқушылары спортпен шұғылданатын спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;
3 3) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері мен спорт мектебінің арасында жасалған қолданыстағы шарттың көшірмесі.
9 9. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебесін беру үшін қажетті құжаттар:
1 1) жергілікті атқарушы органның еркін нысанда жазылған қолдаухаты, онда спорт түрлерінен бөлімшелерінің штат саны, спорт түрлерінен бөлімшелердегі спортшылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың құрамы туралы ақпарат болады;
2 2) көшірмелері:
спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттарының және спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасалған спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;