О Государственной молодежной премии "Дарын" Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Государственной молодежной премии "Дарын" Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 983
- Қабылданған күні
- 06.08.1996
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2015 AI82801_11.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P960000983_
- ЭКБ идентификаторы
- 82801
- Редакция идентификаторы
- AI82801_11
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:19
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2015 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссиясы туралы қоса берiлiп отырған ережелер бекiтiлсiн.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
2 2.
📌 Ескерту. 2-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкіметінiң 1998.10.27. N 1086 қаулысымен.
3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен сыйлық беретiн жылы мемлекеттiк бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесiн.
4 4. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
5 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 7 тамыздағы
N 983 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ
1 1. "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы (Бұдан әрi - сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн берiледi. Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
2 2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
3 3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берiлетiн жылы белгiлейдi.
4 4. Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.
Бiр кандидатураны сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бiр кандидатураны бiр саладан артық сыйлыққа ұсынуға болмайды.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
5 5. Конкурстық құжаттарды қабылдау, iрiктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешiмдер қабылдау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.
Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
6 6. Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.
Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады.
📌 Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
7 7. Сыйлық алуға кандидатураларды ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, шығармашылық және кәсiптiк одақтар, қоғамдық жастар бiрлестiктерi және қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де ұйымдар жүргiзедi.
Сыйлық алуға ұсынылған кандидатуралар туралы дұрыс емес ақпарат ұсынылған жағдайда аталған кандидатуралар конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
📌 Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2006.08.22. N 797 (алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8 8. Сыйлық алу конкурсына қатысушы кандидаттардың қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануы керек. Талқылау материалдары Комиссияға жiберiледi.
📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
9
9. Спектакльдердi, кино және телефильмдердi, бейнелеу өнерiнiң көрмелерiн қарауды, концерттiк бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауды ұйымдастыру, сыйлыққа ұсынылғандардың қызметімен таныстыру ұсынушы ұйымдармен бiрге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комиссиясына жүктеледi.
📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
10 10.
📌 Ескерту. 10-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
11 11. Сыйлық алған адамдарға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты" атағы берiлiп, диплом, омырауға тағатын белгi және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
12 12. Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.
📌 Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
13 13. Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, наградтау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады.
14 14. Лауреаттың омырауға тағатын белгiсi мен дипломның сипаттамасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi Комиссиясының төрағасы бекiтедi.
20 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 7 тамыздағы
N 983 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия туралы ЕРЕЖЕ
📌 Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi Комиссия (Бұдан әрi - Комиссия) сарапшы-кеңесшi орган болып табылады, ол өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде атқаратын мәдениеттiң, өнердiң, ғылымның беделдi қайраткерлерiнен, орталық атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерiнен құрылады.
Комиссия қызметінің ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 , 2004.08.26. N 897 , 2005.09.29. N 964 қаулыларымен.
2 2. Комиссияның жұмысын төраға бастаған төралқа басқарады.
Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi.
Хатшы жұмыс тобының мүшесi болып табылмайды.
Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.
Комиссияның сандық құрамы 28 адамнан аспауға тиiс.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 , 2004.08.26. N 897 , 2006.08.22. N 797 (алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
3 3. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерi бойынша:
сыйлыққа ұсынылған кандидатуралардың конкурстық құжаттарын қабылдап, алдын ала қарайды, оларды ұсыну тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
кандидатураларды iрiктеп алып, конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы ұсыныстар енгiзедi, конкурсқа жiберiлген жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, олардың тiзiмiн баспасөзде жариялайды;
конкурсқа жiберiлген кандидатуралардың қызметін кең және ашық талқылануын ұйымдастырады;
сыйлықтарды беру туралы шешiм қабылдайды;
сыйлық лауреатының дипломдары мен омырауға тағатын белгiсiн ресiмдейдi.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
4 4. Комиссия сыйлыққа ұсынылған кандидатураларды алдын ала қарау үшiн секциялар мен сараптау топтарын құрады.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 , 2005.09.29. N 964 қаулыларымен.
5 5. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншiсiнде Комиссия конкурсқа сыйлық алуға қатысу үшiн кандидатураларды iрiктейдi, екiншiсiнде сыйлық тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Комиссия отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.
📌 Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2006.08.22. N 797 (алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6 6. Егер де сыйлыққа Комиссия мүшесiнiң кандидатурасы ұсынылған болса, оның авторы Комиссияның секциялары мен мәжiлiстерiнiң жұмысына қатыспайды.
📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2002.09.20. N 1038 қаулысымен.
7
7. Мемлекеттiк сыйлықты беру туралы шешiмдi Комиссия дауыс беру нәтижелерi бойынша қабылдайды және ол Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткеннен кейiн күшiне кiредi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Мемлекеттiк сыйлықты беру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орай баспасөзде жарияланады.
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2006.08.22. N 797 (алғаш рет peсми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
28 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 7 тамыздағы
N 983 қаулысымен
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI