Об утверждении порядка расчета ставки арендной платы при передаче в имущественный наем (аренду) Казыгуртского районного коммунального имущества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении порядка расчета ставки арендной платы при передаче в имущественный наем (аренду) Казыгуртского районного коммунального имущества
- Атауы (қаз.)
- Қазығұрт ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 313
- Қабылданған күні
- 01.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2015 82830_222617.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UF002794
- ЭКБ идентификаторы
- 82830
- Редакция идентификаторы
- 82830_222617
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:56
0 Қазығұрт ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексiнің (Ерекше бөлімі) 29–тарауының 1–параграфына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31–бабы 1–тармағының 2) тармақшасына, «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы, «Мемлекеттiк мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі «Мемлекеттiк мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 49-ө өкіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» № 88 қаулысының 50 тармағына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазығұрт ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) Қазақстан Республикасы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3 3) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.А.Төлеповке жүктелсін.
8 Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 1 тамыздағы
№ 313 қаулысымен бекiтiлген
Қазығұрт ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1 1. Жалдау ақысы коммуналдық мүлiктiң жалға беру шарттары бойынша тиісті жергілікті бюджетке аударылады.
2 2. Жылжымалы мүлiкке (құрал-жабдықтар) жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi жалға берушiмен мына төмендегi формула бойынша есептеледi:
Жа - мүлiктi жалдағаны үшiн айлық жалдау ақысының мөлшерлемесi, (теңге);
Бқ - бекiтiлген активтердiң (мүлiктердiң) бастапқы құны, теңге;
Өм - Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес (жалға берушi мүлiктiк жалдауға тапсырылатын жабдықтардың жеделдетiлген өтелiмiне өтелiм мөлшерлемесiне түзету енгiзуге құқығы бар) анықталатын бекiтiлген активтер (мүлiктер) өтелiмiнiң шектi мөлшерi, пайыздар;
Ққ - бекiтiлген активтердiң (мүлiктердiң) қалдық құны, теңге;
Қж - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесi, пайыздар.
3 3. Коммуналдық қызметтер және мүлiктi ұстау төлемдерi жалдау ақысына қосылмайды. Егер мұндай төлемдердi орталықтандырылған төлеу үшiн шоғырландырса, жалдаушы оларды бөлек тiкелей қызметтердi жеткiзушiге немесе теңгерiм ұстаушының есеп айырысу шотына аударады.
4 4. Жалға берушi мен теңгерiм ұстаушыға жалдаушыдан жалдау ақысы және жалдағы мүлiктi ұстауға кететiн нақты шығындар төлемiнен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.
5 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесi көтерiлген жағдайда жалға берушi бiр жақты тәртiппен жалдау ақысын өзгертуi мүмкiн.
6 6. Қазығұрт ауданының коммуналдық меншiгi болып табылатын, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруге ұсынылған жылжымайтын мүлiкке жалдау ақысының мөлшерлемесi төмендегiлердi құрайды:
1 1) жарғылық капиталында мемлекет 100 % қатысатын заңды тұлғаларды және коммерциялық емес ұйымдарды орналастыру үшiн – айына бiр шаршы метр үшiн 100 (жүз) теңге;
2 2) мемлекеттiк заңды тұлғалар үшiн – бiр шаршы метр үшiн 0 (нөл) теңге;
басқа заңды және жеке тұлғалар үшiн:
3 3) Аудан аумақтарында орналасқан объектiлерге бiр шаршы метр үшiн айына 300 (үш жүз) теңге;
4 4) Бiлiм беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру үшiн бiр шаршы метрге айына - 100 (жүз) теңге;
5 5) Мәдениет сарайларында, кинотеатрларда және жастар орталықтарында курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, спорттық және басқа да iс-шаралар өткiзу үшiн бiр шаршы метр үшiн сағатына 20 (жиырма) теңге.
Қазығұрт ауданының коммуналдық жылжымайтын мүлiктiң аумақтық орналасқан жерiн ескеретiн жоғарылату коэффициентi
№
Объектiнiң орналасқан аумақтық жерi
жоғарылату коэффициенттерi
1
Қала, аудан орталықтарында және кенттерде
1,5
2
ауылдық жерлерде
1