Об определении Порядка реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении Порядка реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 31.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2014 82899_125055.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003471
- ЭКБ идентификаторы
- 82899
- Редакция идентификаторы
- 82899_125055
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:56
0 Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі ШЕШТІ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібі белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібі
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2014 жылғы « 31 » шілдедегі
№ 3 шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық
мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда
шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын орындау үшін,«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 39-бабымен және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 9-1-бабымен белгіленген спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларын өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын сақтау мақсатында ұйымдастырушылар спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға жол бермеуді қамтамасыз етуі қажет деп белгіленсін.