О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 230
- Қабылданған күні
- 08.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2016 82926_93970.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NN005059
- ЭКБ идентификаторы
- 82926
- Редакция идентификаторы
- 82926_93970
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:51
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2 2. Мыналар:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық-медициналық-педагогигалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;
4 4) әр кемтар балаға оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі деп белгіленсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ В. Панин
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ З. Кенжегарина