О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно
- Атауы (қаз.)
- Амбулаторлық емдеу барысында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі- дәрмектерді қосымша тегін ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18/276
- Қабылданған күні
- 30.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2020 82962_479391.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14M0002489
- ЭКБ идентификаторы
- 82962
- Редакция идентификаторы
- 82962_479391
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:58
0 Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.
2 2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының денсаулық
сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р.Ф. Бектубаев
30 шілде 2014 жыл
«Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Ұ. Ұланова
30 шілде 2014 жыл
3 Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін дәрілік заттар
Маңғыстау
облыстық мәслихатының
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 18/276 шешіміне қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін дәрілік заттар
№
Аурулардың түрлері
Дәрі-дәрмектердің атаулары
1
Мультифокалдық, краниалдық дистония
Ботулотоксин, 500 ӘТБ
2
Иммундық тромбоцитопения
Элтромбопаг, 50 мг
4
Іштен туа біткен жүрек ақауы, жоғары өкпе гипертензиясы
Силденафил, 100 мг
Силденафил, 25 мг
5
Қосалқы гипогонадизм
Гонадотропин хорионикалық, 100 ХБ
6
Психикалық ауру
Миртазапин, 30 мг таблетка
7
Ювенилдік артрит
Тоцилизумаб, 80 мг/4 мл
8
Глюкоза мен галактозаға төзе алмаушылықтың панкреатиттік формасы
Панкреатин, шағын микросферадан тұратын ішекте еритін қабықтағы капсула 150 мг
9
Өкпе артериялық ипертензиясы
Бозентан, 125 мг таблетка
10
Тромбофилия
Эноксапраин натрий, 0,3 ХБ құты-шприц
Надропарин кальций, 0,4 ХБ құты-шприц
11
Көптеген миелома
Леналидомид, 25 мг капсула
12
Идиопатиялық миелофиброз
Руксолитиниб, 15 мг таблетка
13
Жүйелі қызыл жегі
Ритуксимаб, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді 500 мг
14
Іш қуысы нейробластомасы
Изотретиноин (13-цисретин қышқылы),
20 мг таблетка
16
Онкологиялық аурулар
Палбоциклиб, капсула
17
Буллезды эпидермолиз
Таңғыш 10 см*20 см; майлық 10 см *20 см; бекіткіш, созылғыш таңғыштар 4 м*4 см; 4 м*10 см; 4 м*12 см; өздігінен бекітілетін таңғыш 8 см*20 м; созылғыш түтік тәрізді таңғыш 25 м; мақталы, ерекше жұмсақ, стерильді емес таңғыш 3 м*10 см; ылғалды гигиеналық майлықтар 200 мм*300 мм; мырыш қосылған қорғаныш кремі; қорғағыш спрей-майы; қорғаныш әсері бар көбік (протектор); жуынатын лосьон; тазартқыш көбік; ваннаға арналған көбік; жұмсақ силиконды жабынмен жараға жабуға арналған Safetac пластырь 10 см*18 см; икемді сіңіргіш жұқа төсеме 15 см*15 см; 20 см*50 см; жұмсақ силиконды жабынды пластырь 4 см*1,5 м; бетіне жақпамай «Левомеколь» жағылған тазартылған таңғыш 10 см*10 см; арнайы тамақтану; октенидол, зарарсыздандыратын ерітінді; стерильді жақпамайлы таңғыш 10 см*20 см; жақпамайлы фармацевтикалық препараттар қосылмаған таңғыш 10 см*20 см; октенидин дигидрохлориді, зарарсыздандыратын ерітінді; құрамында цинк оксиді бар гипоаллергенді крем; құрамында күміс сульфотиазолы бар крем; декспантенол 5% крем; декспантенол 5% жақпамай; қышуды азайтатын, денеге арналған, липид қосылған бальзам.
Ескерту:
аббревиатураларды ажыратып жазу:
ӘТБ – әсер ету бірлігі;
ХБ – халықаралық бірлік;
мг – миллиграмм;
мл – миллилитр.