Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по производству молока и традиционных напитков

Бұйрық · № 20/57 · қабылданған 21.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82982/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по производству молока и традиционных напитков Күшін жойған Бұйрық ·№ 20/57 ·21.01.2014
20.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по производству молока и традиционных напитков

Күшін жойған Бұйрық ·№ 20/57 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по производству молока и традиционных напитков
Атауы (қаз.)
Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/57
Қабылданған күні
21.01.2014
Көрсетілген редакция
20.12.2020 82982_502714.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009438
ЭКБ идентификаторы
82982
Редакция идентификаторы
82982_502714
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:06

0 Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.

2 2. Мал шаруашылығы департаменті (Е.Қ. Ахметов), қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті (А.Б. Құсайынова) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.

3 3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова ___________
2014 жылғы 7 сәуір

0 Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру қызметіндегі кәсіби стандарт

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20/57 бұйрығымен бекітілген
Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру қызметіндегі кәсіби стандарт

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру қызметіндегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

1 1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

2 2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеру бағдарламаларын әзірлеу талаптарын белгілеуге;

3 3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарын белгілеуге;

4 4) кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

5 5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;

6 6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

7 7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;

2 2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3 3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.

4 4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;

2 2) біліктілік деңгейі\білікті деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

3 3) еңбек заты - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үрдісімен анықталатын және еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

7 7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

9 9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

10 10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен куәландырылатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

11 11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдануеға деген қаблеті;

12 12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

13 13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14 14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15 15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет облысы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-200710.51 Сүтті жасап шығару және ірімшік өндірісі

6

6. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: өндірістік тәуелсіздік, бұл ретте өндірістік тауарлардың нақты қолжетімділігі отандық өндіріс есебінен жүргізіледі және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін экономикалық жағдай жасау.
КС тағам өнімдерін өндіру кәсіби қызмет саласында еңбек мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

7 7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.

Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:
сауыншы;
машинамен сауу операторы;
қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы).

3 3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы

1 1-параграф. Сауыншы

8 8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3.

9 9. Лауазымның мүмкін атаулары: сауыншы.

10 10. «Сауыншы» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: сүт және дәстүрлі сусындар өндірісі.

11 11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

12 12. Сауыншының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

13 13. Еңбек функцияларын айқындайтын, сауыншы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

14 14. Сауыншының орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

15 15. Сауыншының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптары осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

2 2-параграф. Машинамен сауу операторы

16 16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4.

17 17. Лауазымның мүмкін атаулары: машинамен сауу операторы.

18 18. «Машинамен сауу операторы» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: сүт және дәстүрлі сусындар өндірісі.

19 19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

20 20. Машинамен сауу операторының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

21 21. Еңбек функцияларын айқындайтын, машинамен сауу операторы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

22 22. Машинамен сауу операторының орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

23 23. Машинамен сауу операторының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

3 3-параграф. Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы)

24 24. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3.

25 25. Лауазымның мүмкін атаулары: қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы).

26 26. «Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы)» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: сүт және дәстүрлі сусындар өндірісі.

27 27. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

28 28. Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы) еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

29 29. Еңбек функцияларын айқындайтын, қымыз дайындаушының (шұбат дайындаушының) орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 4-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

30 30. Қымыз дайындаушының (шұбат дайындаушының) орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 4-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

31 31. Қымыз дайындаушының (шұбат дайындаушы) құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген

4

4 4. КС әзірлеушілері

32 32. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

33 33. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.

1 Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру
қызметіндегі кәсіби стандартының
1-қосымшасы
Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
№ р/с
Қыз­мет тү­рі ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы үр­ді­сте­рін есеп­ке ал­ған­да­ғы кә­сіп ата­уы
01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші­сіне сәй­кес кә­сіп­тер ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі
1.
Сүт және дәс­түр­лі су­сын­дар өн­ді­рі­сі
Са­уын­шы
Са­уын­шы
3-4
2.
Сүт және дәс­түр­лі су­сын­дар өн­ді­рі­сі
Ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры
Ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры
3-4
3.
Сүт және дәс­түр­лі су­сын­дар өн­ді­рі­сі
Қы­мыз дай­ын­да­у­шы (Шұ­бат дай­ын­да­у­шы)
Қы­мыз дай­ын­да­у­шы (Шұ­бат дай­ын­да­у­шы)
3

2 Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру

қызметіндегі кәсіби стандартының
2-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
6121 Са­уын­шы
Жұ­мыс­шы­лар кә­сіп­те­рі мен жұ­мыста­ры­ның бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ғы­шы (БТ­БА)
Шы­ға­ры­лым, БТ­БА та­ра­уы
64-шы­ға­ры­лым, та­рау: Мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы жұ­мыс және жұ­мыс­шы­лар­дың кә­сіп­те­рі
БТ­БА бой­ын­ша кә­сі­бі
Са­уын­шы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
3
4-5
4
6
2-кесте. Сауыншының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­рі­сін­де­гі, цех­та­ғы, за­уыт­та­ғы жұ­мыс
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жоқ
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз негіз­гі ор­та бі­лім ба­за­сын­да жал­пы ор­та бі­лі­мі неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лі­мі болған жағ­дай­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се кә­сі­би дай­ын­дық (бір жы­л­ға дей­ін кә­сі­би дай­ын­дық­ты ұй­ым­да­сты­ру ба­за­сын­да­ғы кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту).
Кә­сі­би дай­ын­дық­тың бар болған жағ­дай­ын­да та­лап етіл­мей­ді неме­се 1 жыл­дан кем емес тә­жі­ри­бе қа­жет
4
Жо­ға­ры дең­гей­лі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
3-дең­гей­де 3жыл­дан кем емес
3-кесте. Сауыншы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Жа­ну­ар­лар­ды қол­мен са­у­у­ды жү­зе­ге асы­ра­ды
2
Жа­ну­ар­лар­ды кү­тіп-ұста­уды жақ­сар­ту, жа­ну­ар­лар­дың сүт өнім­ді­лі­гін арт­ты­ру, са­па­сы жо­ға­ры сүт алу мақ­са­тын­да қо­рек­ті жем-шөп­пен қо­рек­тен­ді­ру, жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар орын­дай­ды
3
Жа­ну­ар­лар­дың ден­са­улы­ғын қа­да­ға­лай­ды. Жа­ну­ар­лар­дың сүт өнім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға және бұ­за­ула­рын кө­бей­ту­іне ба­ғыт­тал­ған іс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ра­ды
4-кесте. Сауыншы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер (ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Сүт, жа­ну­ар­лар
Ше­лек, қол­ғап, ха­лат, кал­пақ, етік, жем, та­за­лау үшін қы­л­шақ
1-1) Жа­ну­ар­лар­ды қол­мен са­уу
1-2) Жа­ну­ар­лар­ды кү­ту
5-кесте. СБШ біліктілігінтің 3-деңгейлі сауыншының құзыретіне қоятын талаптары
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Жа­ну­ар­лар­ды са­уу ке­зін­де өзі­нің ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, сон­дай-ақ қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау­ға жа­у­ап­кер­ші­лік ала­ды
Са­уу мін­де­тін орын­да­удың тә­сі­лін, ең­бек за­ты мен құ­ра­лын, ба­ға­лау қа­ғи­да­ла­рын, са­у­у­ды өл­шеу тә­сіл­де­рін дер­бес анық­тай­ды
Жа­на­у­ар­лар­ды ұстау қа­ғи­да­ла­ры мен та­лап­та­ры. Затты түр­лен­ді­ру тех­но­ло­ги­я­сын, са­уын­шы­ның жұ­мысын жос­пар­лау мен ұй­ым­да­сты­ру­ды бі­ле­ді
2-1)
Жұ­мыс үде­рі­сін жос­пар­ла­уды қо­са ал­ған­да са­у­у­дың ат­қа­ру­шы­лық қыз­ме­тін тү­сі­ну
Са­уын­шы бі­лі­мі және прак­ти­ка­лық са­уу тә­жі­ри­бе­сі негі­зін­де бел­гі­лі жұ­мыс тә­сіл­де­рін таң­дау, сон­дай-ақ алын­ған нәти­же­лер­ді ес­ке­ру­мен әре­ке­тін тү­зе­ту
Жа­ну­ар­лар­дың же­лі­нін кү­ту және же­лін­нің жиі кез­де­се­тін ау­ру­ла­рын бі­лу және ауыр­ған жа­ну­ар­лар­ға ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­ту
6-кесте. СБШ біліктілігінтің 4-деңгейлі сауыншының құзыретіне қоятын талаптары
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Жа­ну­ар­лар­ды са­уу ке­зін­де өзі­нің ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, сон­дай-ақ қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау­ға жа­у­ап­кер­ші­лік ала­ды
Са­уу мін­де­тін орын­да­удың тә­сі­лін, ең­бек за­ты мен құ­ра­лын, ба­ға­лау қа­ғи­да­ла­рын, са­у­у­ды өл­шеу тә­сіл­де­рін дер­бес анық­тай­ды
Жа­на­у­ар­лар­ды ұстау қа­ғи­да­ла­ры мен та­лап­та­ры. Затты түр­лен­ді­ру тех­но­ло­ги­я­сын, са­уын­шы­ның жұ­мысын жос­пар­лау мен ұй­ым­да­сты­ру­ды бі­ле­ді
2-1)
Жұ­мыс үде­рі­сін жос­пар­ла­уды қо­са ал­ған­да са­у­у­дың ат­қа­ру­шы­лық қыз­ме­тін тү­сі­ну
Са­уын­шы бі­лі­мі және прак­ти­ка­лық са­уу тә­жі­ри­бе­сі негі­зін­де жұ­мыс тә­сіл­де­рін таң­дау, сон­дай-ақ алын­ған нәти­же­лер­ді ес­ке­ру­мен әре­ке­тін тү­зе­ту
Жа­ну­ар­лар­дың же­лі­нін кү­ту және же­лін­нің жиі кез­де­се­тін ау­ру­ла­рын бі­лу және ауыр­ған жа­ну­ар­лар­ға ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­ту
3-1)
Бас­шы­лық­қа са­уу жө­нін­де есеп­тік де­ректер ұсы­на­ды
Стан­дарт­ты прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­ше бі­лу, са­у­у­ды дер­бес жос­пар­лау, орын­дау және ба­ға­лау кон­текст­ін­де са­уу дағ­ды­ла­ры
Сүт­тің са­па­сын ба­қы­лау және са­уу жө­нін­де­гі құ­жат­та­ма жүр­гі­зу тәр­тіп­те­ме­сін бі­лу

3 Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру

қызметіндегі кәсіби стандартының
3-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
6121 Ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры
Жұ­мыс­шы­лар кә­сіп­те­рі мен жұ­мыста­ры­ның бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ғы­шы (БТ­БА)
Шы­ға­ры­лым, БТ­БА та­ра­уы
64-шы­ға­ры­лым, та­рау: Мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы жұ­мыс және жұ­мыс­шы­лар­дың кә­сіп­те­рі
БТ­БА бой­ын­ша кә­сі­бі
Ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
3
4-5
4
6
2-кесте. Машинамен сауу операторының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­рі­сін­де­гі, цех­та­ғы, за­уыт­та­ғы жұ­мыс
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жоқ
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз негіз­гі ор­та бі­лім ба­за­сын­да жал­пы ор­та бі­лі­мі неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лі­мі болған жағ­дай­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се кә­сі­би дай­ын­дық (бір жы­л­ға дей­ін кә­сі­би дай­ын­дық­ты ұй­ым­да­сты­ру ба­за­сын­да­ғы кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту).
Кә­сі­би дай­ын­дық­тың бар болған жағ­дай­ын­да та­лап етіл­мей­ді неме­се 1 жыл­дан кем емес тә­жі­ри­бе қа­жет
4
Жо­ға­ры дең­гей­лі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
3-дең­гей­де 3жыл­дан кем емес
3-кесте. Машинамен сауу операторы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Са­уын сиыр­ға топ бой­ын­ша өнім­ді­лі­гі ор­та­ша екі ап­па­рат­пен сиыр­лар­ды ма­ши­на­мен са­у­у­ды жүр­гі­зе­ді
2
Мал­дың же­лі­нін ма­стит­ке тек­се­ру және кү­ту мен ма­стит­пен ауы­ру­дың ал­дын алу жө­нін­де­гі са­ни­тар­лық-ве­те­ри­нар­лық жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу
3
Ап­па­рат­тар­ды іс­ке қо­са­ды және сөн­ді­ре­ді, олар­дың жұ­мыс жи­і­лі­гін тек­се­ре­ді және жұ­мысын ба­қы­лай­ды
4-кесте. Машинамен сауу операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Жа­ну­ар­лар, Са­уу ап­па­рат­та­ры
Мақ­та­дан жа­сал­ған ха­лат, ме­талл кон­тей­нер­лер, ма­ши­на­мен са­у­у­ға ар­нал­ған жаб­дық
1-1) Сиыр­лар­ды ма­ши­на­мен са­у­у­ды орын­дай­ды
1-2) Тұм­са сиыр­лар­ды ма­ши­на­мен са­у­у­ға үй­ре­ту және олар­дың са­уын сү­тін арт­ты­ра­ды
1-3) Са­уу то­лық­тығ­ын тек­се­ру
2
Сүт
Сүт өнім­де­рі
Ре­зең­ке етік, кө­кі­рек­ше, қол­ғап, қал­пақ
2-1) Ма­стит­ке тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­ды
2-2) Мал­дың же­лі­нін за­лал­сыздан­ды­ру­шы пре­па­рат­та­ры­мен өң­дей­ді
2-3) Са­уу ап­па­рат­та­рын аша­ды, қай­та жи­най­ды, жу­а­ды және за­лал­сыздан­ды­ра­ды.
5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі машинамен сауу операторының құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры­ның мін­де­тін орын­дау ке­зін­де өзі­нің ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, сон­дай-ақ қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау­ға жа­у­ап­кер­ші­лік ала­ды
Ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры­ның мін­де­тін орын­да­удың тә­сі­лін, ең­бек за­ты мен са­у­у­ды өл­ше­уді ба­ға­лау мен әді­сін дер­бес анық­тай­ды
Са­уу ап­па­рат­та­рын пай­да­ла­ну ере­же­сін және құ­ры­л­ғы­сын бі­ле­ді
2-1)
Жұ­мыс үде­рі­сін жос­пар­ла­уды қо­са ал­ған­да ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры­ның ат­қа­ру­шы­лық қыз­ме­тін тү­сі­не­ді
Ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры бі­лі­мі және прак­ти­ка­лық са­уу тә­жі­ри­бе­сі негі­зін­де бел­гі­лі жұ­мыс тә­сіл­де­рін таң­дау, сон­дай-ақ алын­ған нәти­же­лер­ді ес­ке­ру­мен қыз­ме­тін тү­зе­ту
Са­уу ап­па­ра­тын жи­нақ­тау, сақ­тау қа­ғи­да­ла­ры
6-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі машинамен сауу операторының құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры­ның мін­де­тін орын­дау ке­зін­де өзі­нің ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, сон­дай-ақ қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау­ға жа­у­ап­кер­ші­лік ала­ды
Ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры­ның мін­де­тін орын­да­удың тә­сі­лін, ең­бек за­ты мен са­у­у­ды өл­ше­уді ба­ға­лау мен әді­сін дер­бес анық­тай­ды
Са­уу ап­па­рат­та­рын пай­да­ла­ну ере­же­сін және құ­ры­л­ғы­сын бі­ле­ді
2-1)
Жұ­мыс үде­рі­сін жос­пар­ла­уды қо­са ал­ған­да ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры­ның ат­қа­ру­шы­лық қыз­ме­тін тү­сі­ну
Ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры бі­лі­мі және прак­ти­ка­лық са­уу тә­жі­ри­бе­сі негі­зін­де бел­гі­лі жұ­мыс тә­сіл­де­рін таң­дау, сон­дай-ақ алын­ған нәти­же­лер­ді ес­ке­ру­мен қыз­ме­тін тү­зе­ту
Са­уу ап­па­ра­тын жи­нақ­тау, сақ­тау қа­ғи­да­ла­ры
3-1)
Бас­шы­лық­қа са­уу жө­нін­де есеп­тік де­ректер ұсы­на­ды
Стан­дарт­ты және қа­ра­пай­ым бір­тек­тес прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­ше бі­лу, дер­бес жос­пар­лау, орын­дау және ба­ға­лау кон­текст­ін­де ма­ши­на­мен са­уу опе­ра­то­ры­ның дағ­ды­ла­ры
Са­па­сы жо­ға­ры сүт алу­ды қам­та­ма­сыз ете­тін іс-ша­ра­лар ке­ше­нін және оны сал­қын­да­ту тех­ни­ка­сын бі­ле­ді

4 Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру

қызметіндегі кәсіби стандартының
4-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
6121 Қы­мыз дай­ын­да­у­шы (шұ­бат дай­ын­да­у­шы)
Рес­пуб­ли­ка­сы жұ­мыс­шы­лар кә­сіп­те­рі мен жұ­мыста­ры­ның бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ғы­шы (БТ­БА)
Шы­ға­ры­лым, БТ­БА та­ра­уы
64-шы­ға­ры­лым, та­рау: Мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы жұ­мыс және жұ­мыс­шы­лар­дың кә­сіп­те­рі
БТ­БА бой­ын­ша кә­сі­бі
Қы­мыз дай­ын­да­у­шы (шұ­бат дай­ын­да­у­шы)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­тар
3
3-4
2-кесте. Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы) еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­рі­сін­де­гі, цех­та­ғы, за­уыт­та­ғы жұ­мыс
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жоқ
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз негіз­гі ор­та бі­лім ба­за­сын­да жал­пы ор­та бі­лі­мі неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лі­мі болған жағ­дай­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се кә­сі­би дай­ын­дық (бір жы­л­ға дей­ін кә­сі­би дай­ын­дық­ты ұй­ым­да­сты­ру ба­за­сын­да­ғы кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту)
Кә­сі­би дай­ын­дық­тың бар болған жағ­дай­ын­да та­лап етіл­мей­ді неме­се 1 жыл­дан кем емес тә­жі­ри­бе қа­жет
3-кесте. Қымыз дайындаушының (шұбат дайындаушы) орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Жыл­қы­лар­ға, түй­е­лер­ге кү­тім жа­сау, жем бе­ру және са­уу
2
Сүт­ті ашы­ту­ды жү­зе­ге асы­ру
3
Сүт­тің жа­рам­сызды­ғын анық­тай­ды, оның ал­дын алу ша­ра­ла­рын және жою тә­сіл­де­рін анық­тай­ды
4-кесте. Қымыз дайындаушы (шұбат дайындаушы) орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек пә
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
Жыл­қы­лар
Жем, та­за­ла­у­ға ар­нал­ған қы­л­шақ, мақ­та­дан жа­сал­ған ха­лат, қал­пақ, ре­зең­ке етік, кө­кі­рек­ше
1-1) Жыл­қы­лар­ға кү­тім жа­сау
1-2) Бай­тал­дар­ды са­уу
1-3) Қы­мыз дай­ын­дау жө­нін­де­гі дай­ын­дық жұ­мысын жүр­гі­зу
2
Сүт
Қол­ғап­тар, ше­лек, сүт­ті ашы­ту­ға ар­нал­ған жаб­дық
2-1) Сүт­ті ал­ғаш­қы өң­деу, ай­ра­нын ара­ла­сты­ру, қы­мыз құю
2-2) Сүт­ті ал­ғаш­қы өң­де­у­ге қол­да­ны­л­ған ыдыс пен жаб­дық­ты жуу және за­лал­сыздан­ды­ру
5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі қымыз дайындаушының (шұбат дайындаушының) құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Қы­мыз дай­ын­да­у­шы (шұ­бат дай­ын­да­у­шы) мін­де­тін орын­дау ке­зін­де өзі­нің ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, бас­қа­лар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне, сон­дай-ақ қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау­ға жа­у­ап­кер­ші­лік ала­ды
Қы­мыз дай­ын­да­у­шы (шұ­бат дай­ын­да­у­шы) мін­дет­те­рін орын­дау үшін жұ­мыс тә­сіл­де­рін дер­бес анық­тау
Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы мен ең­бек қор­ғауды, сон­дай-ақ сүт зерт­ха­на­сы­ның құ­ры­л­ғы­ла­ры мен жаб­дық­та­рын, МЕМСТ сүт са­па­сы­на қо­я­тын та­лап­та­рын бі­лу
2-1)
Жұ­мыс үде­рі­сін жос­пар­ла­уды қо­са ал­ған­да, қы­мыз дай­ын­да­у­шы (шұ­бат дай­ын­да­у­шы) ат­қа­ру­шы­лық қыз­ме­тін тү­сі­ну
Қы­мыз жа­сау (шұ­бат жа­сау) бі­лім­де­рі негіз­де­рі­нен және оны дай­ын­дау тә­жі­ри­бе­ле­рі­нен шы­ға­тын әре­кет­тік тә­сіл­дер­ді таң­дау және алын­ған нәти­же­лер негі­зін­де әре­кет­те­рін тү­зе­ту
Қы­мыз (шұ­бат) дай­ын­дау тех­но­ло­ги­я­сын, жа­ну­ар­лар­ды жем­деу тәр­тіп­те­рі мен нор­ма­ла­рын, жа­ну­ар­лар­ға кү­тім жа­сау зоо­тех­ни­ка­лық және мал дә­рі­гер­лік ере­же­ле­рін бі­лу
3-1)
Қы­мы­зды (шұ­бат­ты) дай­ын­дау бой­ын­ша де­ректік есеп­тер­ді бас­шы­лық­қа ұсы­на­ды
Стан­дарт­ты және қа­ра­пай­ым бір­тек­тес прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­ше бі­лу, дер­бес жос­пар­лау, орын­дау және ба­ға­лау кон­текст­ін­де қы­мыз (шұ­бат) дай­ын­да­у­шы­ның дағ­ды­ла­ры­на ие бо­лу
Мик­ро­био­ло­гия негіз­де­рін, қы­мыз дай­ын­дау тех­но­ло­ги­я­сын, сүт­тің бұ­зы­л­ғанды­ғын, оны бұ­зы­лу­дан қор­ғау тә­сіл­де­рін және сақ­тық ша­ра­ла­рын жа­сай бі­лу

5 Келісу парағы

Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру
қызметіндегі кәсіби стандартының
5-қосымшасы
Келісу парағы
Ұй­ым­ның ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС тіркелді____________________________________________________
Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу № __________________
Хат (хаттама) № ___________________Күні____________________________

Қолданыстағы