Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по агрономии и агрохимии

Бұйрық · № 20/56 · қабылданған 21.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-82984/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по агрономии и агрохимии Күшін жойған Бұйрық ·№ 20/56 ·21.01.2014
20.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по агрономии и агрохимии

Күшін жойған Бұйрық ·№ 20/56 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта в деятельности по агрономии и агрохимии
Атауы (қаз.)
Агрономия және агрохимия бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/56
Қабылданған күні
21.01.2014
Көрсетілген редакция
20.12.2020 82984_502686.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009437
ЭКБ идентификаторы
82984
Редакция идентификаторы
82984_502686
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:05

0 Агрономия және агрохимия бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Агрономия және агрохимия бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.

2 2. Егіншілік департаменті (А.А. Буць) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.

3 3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова ___________
2014 жылғы 7 сәуір

0 Агрономия және агрохимия бойынша қызметтегі кәсіби стандарт

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20/56 бұйрығымен
бекітілген
Агрономия және агрохимия бойынша қызметтегі кәсіби стандарт

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Агрономия және агрохимия бойынша қызметтегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):

1 1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

2 2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;

3 3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;

4 4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

5 5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;

6 6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

7 7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;

2 2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3 3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.

4 4. Осы КС-да келесі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;

2 2) біліктілік деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

3 3) еңбек пәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

7 7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

9 9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

10 10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

11 11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;

12 12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

13 13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14 14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15 15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметі түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші 03-2007: 74.90 Басқа санаттарға енгізілмеген басқа кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (агрономия қатысындағы консультациялық қызмет).

6

6. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: өсімдіктерді өңдеу, топырақтың жемістілігін, өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану және топырақтағы, өсімдіктердегі химиялық үдерістер, өсімдіктердің минералды қоректенуі, тыңайтқыштарды қолдану және топырақты химиялық суландыру туралы ғылымдарды зерделеу және дамыту.
КС басқа санаттарға енгізілмеген басқа кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (агрономия қатысындағы консультациялық қызмет) кәсіби қызметі саласында еңбек заттарына, сапасына, жағдайына, қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

7 7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.

Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:
топырақ зерттеуші;
агроном.

3 3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы

1 1-параграф. Топырақ зерттеуші

8 8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі - 4-6.

9 9. Лауазымның мүмкін атаулары: топырақ зерттеуші.

10 10. «Топырақ зерттеуші» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: топырақ зерттеу саласындағы жұмыс.

11 11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

12 12. Топырақ зерттеушінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

13 13. Еңбек функцияларын айқындайтын, топырақ зерттеуші орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

14 14. Топырақ зерттеушінің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

15 15. Топырақ зерттеушінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5, 6, 7-кестелерінде көрсетілген.

2 2-параграф. Агроном

16 16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі - 4-7.

17 17. Лауазымның мүмкін атаулары: агроном, агрохимик, бас агроном, бас агроном-агрохимик.

18 18. «Агроном» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: агрономия саласындағы жұмыс.

19 19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

20 20. Агрономның еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

21 21. Еңбек функцияларын айқындайтын, агроном орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

22 22. Агрономның орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек функцияларын әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

23 23. Агрономның құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5, 6, 7, 8-кестелерінде көрсетілген.

4 4. КС әзірлеушілері

24 24. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

25 25. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.

1 Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Агрономия және агрохимия
бойынша қызметтегі
кәсіби стандарттың
1-қосымшасы
Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
№ р/с
Қыз­мет тү­рі ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы тен­ден­ци­я­ла­рын есеп­ке ал­ған­да­ғы кә­сіп ата­уы
01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші­сіне сәй­кес кә­сіп­тер ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі
1.
Аг­ро­но­мия және аг­ро­хи­мия
То­пы­рақ зерт­те­у­ші
То­пы­рақ зерт­те­у­ші
4-6
2.
Аг­ро­но­мия және аг­ро­хи­мия
Аг­ро­ном
Аг­ро­ном
4-7

2 Агрономия және агрохимия

бойынша қызметтегі
кәсіби стандарттың
2-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
3212 То­пы­рақ зерт­те­у­ші (ор­та бі­лік­ті)
2213 То­пы­рақ зерт­те­у­ші
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сы­ның бас­шы­ла­ры және ма­ман­да­ры ла­у­а­зым­да­ры­ның үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2013 жы­л­ғы 1 шіл­де­де­гі № 17/308 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гін­де 2013 жы­лы 8 та­мы­зда № 8614 тір­кел­ді)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Са­нат­тар
4
То­пы­рақ зерт­те­у­ші (ор­та бі­лік­ті) - дә­ре­же­сіз, ІІ, І
5
То­пы­рақ зерт­те­у­ші (жо­ға­ры бі­лім­ді) - дә­ре­же­сіз, ІІ, І
6
То­пы­рақ зерт­те­у­ші (ЖОО-дан кей­ін­гі бі­лім) - дә­ре­же­сіз, ІІ, І
2-кесте. Топырақ зерттеушінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Кез кел­ген ұй­ым­дық-құқық­тық ны­сан­ды же­ке ауы­л­ша­ру­а­шы­лық ком­па­ни­я­лар, фер­ма­лық, кол­лек­тив­ті ша­ру­а­лық­тар, ауы­л­ша­ру­а­шы­лық ба­ғыт­та­ғы фир­ма­лар, өн­ді­ру­ші ко­опе­ра­тив­те­рі
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Жоқ
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
4
Жо­ға­ры дең­гей­лі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Дә­ре­же­сіз-жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі та­лап етіл­мей­ді; ІІ дә­ре­же­лі - дә­ре­же­сіз жұ­мыста 1 жыл­дан кем емес;
І дә­ре­же­лі - ІІ дә­ре­же­лі жұ­мыста жыл­дан кем емес
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би (ор­та буын ма­ма­ны), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, неме­се жо­ға­ры бі­лім
Дә­ре­же­сіз- жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі та­лап етіл­мей­ді;
ІІ дә­ре­же­лі- І дә­ре­же­лі жұ­мыста жыл­дан кем емес; І дә­ре­же­лі-ІІ дә­ре­же­лі жұ­мыста жыл­дан кем емес
6
Жо­ға­ры бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
Дә­ре­же­сіз- жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі та­лап етіл­мей­ді;
ІІ дә­ре­же­лі- І дә­ре­же­лі жұ­мыста жыл­дан кем емес; І дә­ре­же­лі-ІІ дә­ре­же­лі жұ­мыста жыл­дан кем емес
3-кесте. Топырақ зерттеуші орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын,
КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Ай­м­ақ­қа то­пы­рақ­тық зерт­теу жа­сау бой­ын­ша жұ­мыс. То­пы­рақ кон­тур­ла­ры­ның ше­ка­ра­сын және то­пы­рақ­тың негіз­гі си­патта­ма­сы мен ерекше­лік­те­рін анық­тау
2
Бей­ін­ді үл­гі­лер­ді, қыш­қыл­ды­ғы мен тұз­ды­лы­ғын тек­се­ру үшін үл­гі­лер­ді ірік­теу. Жос­пар­лы - кар­то­гра­фи­я­лық ке­шен­ді ма­те­ри­ал­да­рын, то­пы­рақ очерк­те­рін, са­рап­та­ма­лық жос­пар­ла­рын жа­сау
3
Жер­ді түп­кі­лік­ті жақ­сар­ту, то­пы­рақ­тың әле­ует­ті құ­нар­лы­ғы­на және ты­ңайт­қы­штар­ды қол­да­ну­ға сәй­кес ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­ры­ның өнім­ді­лі­гін арт­ты­ру үшін ұсы­ны­стар­ды жа­сау
4-кесте. Топырақ зерттеуші орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
То­пы­рақ, тұқым­дар
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­рал-жаб­дық­та­ры, өл­ше­уіш ас­пап­та­ры, тұ­мыл­ды­рық­тар, қор­ға­ныш ко­стюм­де­рі, ком­пью­тер, прин­тер, то­пы­рақ­тың қа­си­ет­те­рін анық­та­у­ға ар­нал­ған қо­лай­лы ас­пап, үл­кейт­кіш шы­ны
1-1) То­пы­рақ­тың шы­ғу те­гін зерт­теу, то­пы­рақ­тар­да­ғы та­би­ғи жү­ре­тін және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғын­да пай­да­ла­ны­ла­тын үде­рі­стер сер­пі­нін зерт­теу
1-2) Ай­м­ақ­қа то­пы­рақ­тық зерт­теу жа­сау бой­ын­ша жұ­мыстар­ды орын­дау
1-3) Құ­нар­лық­ты арт­ты­ру
2
То­пы­рақ, қа­ра­ші­рік (жа­пы­рақ­тар, өсім­дік­тер қал­дық­та­ры­ның ор­га­ни­ка­лық ыды­рай­тын қал­дық­та­ры, бас­қа­лар)
То­пы­рақ құ­нар­лы­ғын анық­та­у­ға ар­нал­ған то­пы­рақ бұр­ғы­сы, фо­то­ап­па­рат, пар­та, кар­та, өл­ше­уіш лен­та­сы, шөп ма­ши­на­сы, ша­шы­рат­қыш
2-1) Да­ла, то­пы­рақ­ты және жер­ді өң­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу
2-2) То­пы­рақ­тар­да­ғы та­би­ғи жү­ре­тін және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғын­да пай­да­ла­ны­ла­тын үде­рі­стер сер­пі­нін зерт­те­уде кө­мек­те­су
3
Ор­га­ни­ка­лық, ми­не­рал­дық эле­мент­тер, аг­ро­ланд­шафт кар­та­ла­ры
Өл­ше­уіш ас­пап­та­ры, ба­за­лық ми­не­рал­ды ты­ңайт­қы­штар, өсу күн­де­лі­гі
3-1) То­прақ са­па­сын анық­тау және оны бай­ы­ту жол­да­рын анық­тау
3-2) Өн­ді­рі­стік бағ­дар­ла­ма­лар­ды жа­сау, аг­ро­хи­ми­я­лық кар­то­грам­ма­лар­ды жа­сау
5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі топырақ зерттеушінің
құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет: ал­ды­ға қой­ы­л­ған мақ­сат­ты ес­ке­ру­мен, мін­дет­тер­ді бел­гі­леу және то­пы­рақ­та­ну қыз­ме­тін жос­пар­лау
Ша­ру­а­шы­лық ету­ші субъ­ек­ті­лер­дің то­пы­ра­ғын аг­ро­хи­ми­я­лық тер­геу және то­пы­р­ақ­қа, өсім­дік­тер­ге хи­ми­я­лық тал­дау жүр­гі­зу
Кә­сі­би бі­лім үде­рі­сін­де алын­ған то­пы­рақ­та­ну са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс бой­ын­ша прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе негі­зін­де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған бі­лім
2-1)
Өнім­ді­лік­ті арт­ты­ру­дың ал­дын ала бел­гі­лен­ген өл­шем­де­ріне сәй­кес жұ­мыс үде­рі­сте­рі­нің нәти­же­ле­рін ба­ға­лау
То­пы­рақ кар­та­сын және аг­ро­хи­ми­я­лық кар­то­грам­ма жа­сау
То­пы­рақ­пен жұ­мыс іс­те­удің негіз­гі құ­рал­да­ры мен жаб­дық­та­рын бі­лу
6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі топырақ зерттеушінің
құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет: ал­ды­ға қой­ы­л­ған мақ­сат­ты ес­ке­ру­мен, мін­дет­тер­ді бел­гі­леу және то­пы­рақ­та­ну қыз­ме­тін жос­пар­лау. То­пы­рақ­ты бай­ы­ту жұ­мыста­рын орын­дау ке­зін­де мін­дет­тер­ді өзін­дік анық­та­уды қа­рас­ты­ра­ды
Өзін­дік тал­да­уды қа­жет ете­тін то­пы­рақ­пен жұ­мыстың прак­ти­ка­лық мін­дет­те­рін ше­шу
Кә­сі­би бі­лім және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе (неме­се то­пы­рақ­та­ну­да тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім­нің кең ауқы­мы). Аг­ро­но­мия және аг­ро­хи­мия са­ла­сын­да­ғы бі­лі­гі, жо­ғар­ғы бі­лім
2-1)
Іш­кі тәр­тіп ере­же­сін және эко­ло­ги­я­лық нор­ма­лар мен аг­ро­тех­но­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ды сақ­тау
То­пы­рақ кар­та­сын және аг­ро­хи­ми­я­лық кар­то­грам­ма жа­сау, кә­сі­би то­пы­рақ­та­ну қыз­ме­ті шең­бе­рін­де құ­жат­тай­ды және есеп жүр­гі­зе­ді
То­пы­рақ­та­ну са­ла­сын­да кә­сі­би мін­дет­тер­ді ше­шу­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­ты дер­бес із­деу
2-2)
Ұй­ым­ның стра­те­ги­я­сы, са­я­са­ты мен мақ­сат­та­ры шең­бе­рін­де­гі қыз­мет үде­рі­сін ба­қы­ла­у­ға қа­бі­лет­ті­лік
Әр түр­лі ше­шім тә­сіл­де­рі мен тал­ғауды біл­ді­ре­тін прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу­ге қа­бі­лет­ті­лік
Өнім шы­ға­ру­дың тех­но­ло­ги­я­лық дай­ын­да­удың бі­рың­ғай жүй­е­сін, стан­дарт­тар, тех­ни­ка­лық жағ­дай­лар және өзге де нор­ма­тив­ті және тех­но­ло­ги­я­лық құ­жат­та­ма­ны жо­ба­лау, әзір­леу мен рә­сім­деу жө­нін­де­гі бас­қа­ру­шы ма­те­ри­ал­дар­ды бі­лу
7-кесте. СБШ біліктіліктің 6-деңгейлі топырақ зерттеушінің
құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
3-1)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғын энер­ги­я­мен қам­та­ма­сыз ету­де бе­кі­ті­л­ген нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу үшін тү­сі­ні­стік пен жа­у­ап­кер­ші­лік
Тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лі­мін қол­да­на оты­рып, кә­сі­би мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің ба­ла­ма­лы түр­ле­рін же­ке өзі шы­ға­рып, ұсы­ну
То­пы­рақ зерт­теу са­ла­сын­да­ғы бі­лім
3-2)
Ұй­ым­ның стра­те­ги­я­сы, са­я­са­ты мен мақ­сат­та­ры шең­бе­рін­де­гі қыз­мет­ті ба­қы­ла­у­ға қа­бі­лет­ті­лік
Әр түр­лі ше­шім тә­сіл­де­рі мен тал­ғауды біл­ді­ре­тін прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу­ге қа­бі­лет­ті­лік
Өнім шы­ға­ру­дың тех­но­ло­ги­я­лық дай­ын­да­удың бі­рың­ғай жүй­е­сін, стан­дарт­тар, тех­ни­ка­лық жағ­дай­лар­ды бі­лу
3-3)
Топ­та­ғы жұ­мыстың оң­тай­лы ике­мі
Әр түр­лі ше­шім­дер тә­сіл­де­рі­нің алу­ан­түр­лі­лі­гін біл­ді­ре­тін тех­но­ло­ги­я­лық және әді­сте­ме­лік си­патта­ғы мә­се­ле­лер­ді ше­ше бі­лу
Кә­сі­би бі­лім мен прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе (неме­се то­пы­рақ зерт­теу са­ла­сын­да­ғы тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім­нің кең ауқы­мы). Аг­ро­но­мия мен аг­ро­хи­мия са­ла­сын­да бі­лім, жо­ға­ры бі­лім
4-1)
Тап­сы­ры­л­ған учас­ке­де­гі жұ­мысты бас­қа учас­ке­лер қыз­ме­ті­мен ке­лі­сті­ру
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­рі­стің құ­ры­лым­да­рын жа­сау, іс­ке қо­су, ба­қы­лау, ба­ға­лау және тү­зеу
То­пы­рақ­ты зерт­теу са­ла­сын­да­ғы кә­сі­би тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­ты же­ке өзі із­деу
4-2)
Кә­сі­би қыз­мет­те, бас­қа­ру­ға ын­та біл­ді­ру­де шы­ғар­ма­шы­лық­қа қа­бі­лет­ті­лік, кә­сі­би бі­лі­мі мен кә­сі­би қыз­ме­тіне жа­у­ап­кер­ші­лік­ті алу
Әр түр­лі са­ла­лар­да­ғы жа­ңа бі­лім мен ин­те­гра­ция рә­сі­мін да­мы­ту бой­ын­ша ғы­лы­ми-зерт­теу және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет жүр­гі­зу, өз ой­ын жа­з­ба­ша және ауыз­ша түр­де дұ­рыс жет­кі­зу, тео­ри­я­лық бі­лі­мін нақ­ты са­ла­да прак­ти­ка­да қол­да­ну
Негіз­гі құ­рал­дар мен то­пы­рақ­та жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған жаб­дық­тар­ды бі­лу
5-1)
Ұй­ым­ның стра­те­ги­я­сы, са­я­са­ты мен мақ­са­ты шең­бе­рін­де ең­бек және оқу үде­рі­сін же­ке өзі бас­қа­рып, ба­қы­ла­у­ға қа­бі­лет­ті­лік, мә­се­ле­лер­ді тал­қы­лау, қо­ры­тын­ды­лар­ды дәй­ек­теу және ақ­па­рат­пен са­у­ат­ты жұ­мыс жа­сай бі­лу
Жұ­мыс жағ­дай­ы­ның шар­тта­ры­на сай өз әре­кет­те­рін тү­зей бі­лу
Кә­сі­би бі­лім алу үде­рі­сін­де алын­ған то­пы­рақ зерт­теу са­ла­сын­да­ғы прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі негі­зін­де қыз­мет ат­қа­ру үшін бі­лім
5-2)
Же­ке ба­сы­ның және бас­қа адам­дар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гі үшін жа­у­ап­ты
Стан­дарт­ты мә­се­ле­лер­ді ше­ше бі­лу
Нор­ма­тив­ті және бас­қа­ру­шы ма­те­ри­ал­дар­ды бі­луі

3 Агрономия және агрохимия

бойынша қызметтегі
кәсіби стандарттың
3-қосымшасы
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттар мен байланысы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші (МКЖ)
Ба­за­лық топ
3212 Аг­ро­ном, аг­ро­хи­мик (ор­та бі­лік­ті)
2213 Аг­ро­ном, аг­ро­хи­мик
1221 Бас аг­ро­ном, бас аг­ро­ном-аг­ро­хи­мик
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сы­ның бас­шы­ла­ры және ма­ман­да­ры ла­у­а­зым­да­ры­ның үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2013 жы­л­ғы 1 шіл­де­де­гі № 17/308 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гін­де 2013 жы­лы 8 та­мы­зда № 8614 тір­кел­ді)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Са­нат­тар
4
Аг­ро­ном, аг­ро­хи­мик (ор­та бі­лік­ті)- дә­ре­же­сіз, ІІ, І
5
Аг­ро­ном, аг­ро­хи­мик (жо­ға­ры бі­лім­ді)- дә­ре­же­сіз, ІІ, І
6
Аг­ро­ном, аг­ро­хи­мик (ЖОО*дан кей­ін­гі бі­лім)- дә­ре­же­сіз, ІІ, І
7
Бас аг­ро­ном, бас аг­ро­ном-аг­ро­хи­мик
2-кесте. Агрономның еңбек шарттарына, біліміне және
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын, ұй­ым)
Кез кел­ген ұй­ым­дық-құқық­тық ны­сан­ды же­ке ауы­л­ша­ру­а­шы­лық ком­па­ни­я­лар, фер­ма­лық, кол­лек­тив­ті ша­ру­а­лық­тар, ауы­л­ша­ру­а­шы­лық ба­ғыт­та­ғы фир­ма­лар, өн­ді­ру­ші ко­опе­ра­тив­те­рі
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Зи­ян заттар­да­ғы рұқ­сат еті­ле­тін шек­ті кон­цен­тра­ци­я­сын асу мүм­кін­ді­гі
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру және оқы­ту дең­гейі
Қа­жет­ті ең­бек тә­жі­ри­бе­сі
4
Жо­ға­ры дең­гей­лі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Дә­ре­же­сіз-жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі та­лап етіл­мей­ді; ІІ дә­ре­же­лі- дә­ре­же­сіз жұ­мыста 1 жыл­дан кем емес;
І дә­ре­же­лі-ІІ дә­ре­же­лі жұ­мыста жыл­дан кем емес
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би (ор­та буын ма­ма­ны), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, неме­се жо­ға­ры бі­лім
Дә­ре­же­сіз-жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі та­лап етіл­мей­ді; ІІ дә­ре­же­лі- дә­ре­же­сіз жұ­мыста 1 жыл­дан кем емес;
І дә­ре­же­лі-ІІ дә­ре­же­лі жұ­мыста жыл­дан кем емес
6
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би (ор­та буын ма­ма­ны), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, неме­се жо­ға­ры бі­лім
Дә­ре­же­сіз-жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі та­лап етіл­мей­ді; ІІ дә­ре­же­лі- дә­ре­же­сіз жұ­мыста 1 жыл­дан кем емес;
І дә­ре­же­лі-ІІ дә­ре­же­лі жұ­мыста жыл­дан кем емес
7
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би (ор­та буын ма­ма­ны), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе, неме­се жо­ға­ры бі­лім
Кә­сі­би қыз­ме­т­ін­де 5 жыл­дан кем емес жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
3-кесте. Агроном орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын,
КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Ауыл ша­ру­а­шы­лық ал­қап­тар өнім­ді­лі­гін, то­пы­рақ­тың құ­нар­лы­ғын арт­ты­ру бой­ын­ша ша­ра­лар орын­да­луын, жұ­мыс кү­шін, тех­ни­ка­лар­ды ти­ім­ді пай­да­ла­ну, ор­га­ни­ка­лық және ми­не­рал­ды ты­ңайт­қы­штар­ды, пе­сти­цид­тер­ді, өсі­ру рет­те­гі­шін дұ­рыс қол­да­ну ұй­ым­да­сты­ру
2
Қар­қын­ды тех­но­ло­гия және ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­да­рын өң­деу мен жи­нау озық тә­жі­ри­бе­сі, және жем­шөп­тің дай­ын­да­ма­сы мен сақ­та­луы
3
Егі­стік ал­қап­та­ры­ның ауы­спа­лы егі­сті­гін және ти­ім­ді құ­ры­лы­мын иге­ру­ді қам­та­ма­сыз ету
4-кесте. Агроном орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның шиф­ры
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек іс-әре­кет­те­рі)
1
То­пы­рақ, тұқым­дар, өсім­дік­тер, ты­ңайт­қы­штар, гер­би­цид­тер
Ауыл ша­ру­а­шы­лық ма­ши­на­лар, құ­рал-жаб­дық­тар
1-1) Ауыл ша­ру­а­шы­лық да­қыл­дар­ды өсі­ру үшін және олар­ды ти­ім­ді пай­да­ла­ну үшін аг­ро­ланд­шафт­тар­дың жа­рам­ды­лы­ғын ба­ға­лау
1-2) Тұқым ма­те­ри­ал­да­ры мен сұ­рып­та­рын ірік­теу
1-3) Ауыл ша­ру­а­шы­лық да­қыл­дар­ды мен өсім­дік­тер­ді өсі­ру­де­гі за­ма­нуи аг­ро­тех­ни­ка­лық тә­сіл­дер­ді ұй­ым­да­сты­ру, өт­кі­зу және ен­гі­зу, тех­но­ло­ги­я­лық тәр­тіп­тің сақ­та­луын қа­да­ға­лау
2
Егін, би­дай
Ауыл ша­ру­а­шы­лық ма­ши­на­лар, би­дай­ды таң­дау сай­ман­да­ры, ком­пью­тер, бағ­дар­ла­ма­лар
2-1) Өсім­дік өсі­ру өнім­де­рі­нің са­па­сын ба­ға­лау және оны пай­да­ла­ну тә­сіл­де­рін анық­тау
2-2) Өн­ді­рі­стік кол­лек­тив­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру мен олар­ды бас­қа­ру
2-3) Өсім­дік өсі­ру өнім­де­рін өн­ді­ру­дің энер­ге­ти­ка­лық және эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лі­гін анық­тау және бә­се­ке­лі­стікті арт­ты­ру үшін тех­но­ло­ги­я­лық ше­шім қа­был­дау
5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі агрономның құзыретіне
қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Бас­шы­лық­қа өн­ді­ру мә­лі­мет­те­рін ұсы­на оты­рып құ­жат­тан­ды­рып, ал­дын ала бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сай жұ­мыс ба­ры­сы­ның нәти­же­сін ба­ға­лау
Жұ­мыс жағ­дайы мен оның бо­лжам­ды өзге­рі­сте­рін өзін­дік тал­да­уды та­лап ете­тін әр түр­лі үл­гі­лік прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді орын­дау
Кә­сі­би бі­лім алу ба­ры­сын­да және өзді­гі­нен алын­ған жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сіне негіз­де­ліп қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті бі­лім
2-1)
Ең­бек қыз­ме­ті­нің бел­гі­лі са­ла дә­ре­же­сін­де негіз­гі бас­шы­лы­ғы­мен анық­тау мен ке­лі­су, шар­ттар та­лап ет­кен­дей ал­тер­на­тив­ті әре­кет жа­сау және бас­қа жұ­мыс­шы­лар­мен қа­рым қа­ты­нас
Өзді­гі­нен жос­пар­ла­уда кең ауқым­ды прак­ти­ка­лық және та­ным­дық бі­лік­ті­лік­ті қол­да­ну, жұ­мыс жа­сау мен жұ­мыс про­цес­сте­рін және ауы­л­ша­ру­а­шы­лық са­ла­сын­да бас­шы­лық­тың қол астын­да жұ­мыс нәти­же­сін ба­ға­лау
Жұ­мыс про­це­сте­рі бой­ын­ша, рә­сім­дер­ді, са­па­ны қа­да­ға­ла­уда, құ­жат­тан­ды­ру мен есеп­те кең ауқым­ды бі­лім­нің бо­луы
6 кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі агрономның құзыретіне
қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­рі­стің учас­ке­сін­де қыз­мет­кер­лер­дің қыз­ме­т­ін­де­гі нәти­же­ге жа­у­ап­кер­ші­лік қа­был­да­у­мен олар­ды бас­қа­ру
Ше­шу жол­да­ры­ның әр­кел­кі­лі­гін және олар­ды таң­да­уды қа­жет ете­тін прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді орын­дау
Кә­сі­би бі­лім және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе неме­се кә­сі­би са­ла­да кең ауқым­ды тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім. Аг­ро­но­мия және аг­ро­хи­мия са­ла­сын­да­ғы бі­лі­гі, жо­ғар­ғы бі­лім
2-1)
Жұ­мыс кү­шін үле­сті­ре­ді, жұ­мыс ба­ры­сы­на қа­рап нақ­ты және нәти­же­лі нұс­қа­у­лар бе­ре­ді
Құ­жат­тан­ды­ра­ды және есеп­ті кә­сі­би қыз­ме­ті шең­бе­рін­де жүр­гі­зе­ді
Жүй­е­лі тал­дау ме­то­до­ло­ги­я­сы жай­ын­да және кә­сі­би жағ­дай­лар­ды про­ек­ци­я­лау жай­ын­да жан-жақ­ты бі­лі­мі бар
7 кесте. СБШ біліктіліктің 6-деңгейлі агрономның
құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­рі­стің учас­ке­сін­де қыз­мет­кер­лер­дің қыз­ме­т­ін­де­гі нәти­же­ге жа­у­ап­кер­ші­лік қа­был­да­у­мен олар­ды бас­қа­ру
Ше­шу жол­да­ры­ның әр­кел­кі­лі­гін және олар­ды таң­да­уды қа­жет ете­тін прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді орын­дау
Кә­сі­би бі­лім және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе неме­се кә­сі­би са­ла­да кең ауқым­ды тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім. Аг­ро­но­мия және аг­ро­хи­мия са­ла­сын­да­ғы бі­лі­гі, жо­ғар­ғы бі­лім
2-1)
Жұ­мыс кү­шін үле­сті­ре­ді, жұ­мыс ба­ры­сы­на қа­рап нақ­ты және нәти­же­лі нұс­қа­у­лар бе­ре­ді
Құ­жат­тан­ды­ра­ды және есеп­ті кә­сі­би қыз­ме­ті шең­бе­рін­де жүр­гі­зе­ді
Жүй­е­лі тал­дау ме­то­до­ло­ги­я­сы жай­ын­да және кә­сі­би жағ­дай­лар­ды про­ек­ци­я­лау жай­ын­да жан-жақ­ты бі­лі­мі бар
2-2)
Тап­сы­ры­л­ған учас­ке­де­гі жұ­мысты бас­қа учас­ке­лер қыз­ме­ті­мен ке­лі­сті­ру
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­рі­стің құ­ры­лым­да­рын жа­сау, іс­ке қо­су, ба­қы­лау, ба­ға­лау және тү­зеу
То­пы­рақ­ты зерт­теу са­ла­сын­да­ғы кә­сі­би тап­сыр­ма­лар­ды ше­шу­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­ты же­ке өзі із­деу
2-3)
Кә­сі­би қыз­мет­те, бас­қа­ру­ға ын­та біл­ді­ру­де шы­ғар­ма­шы­лық­қа қа­бі­лет­ті­лік, кә­сі­би бі­лі­мі мен кә­сі­би қыз­ме­тіне жа­у­ап­кер­ші­лік­ті алу
Әр түр­лі са­ла­лар­да­ғы жа­ңа бі­лім мен ин­те­гра­ция рә­сі­мін да­мы­ту бой­ын­ша ғы­лы­ми-зерт­теу және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет жүр­гі­зу, өз ой­ын жа­з­ба­ша және ауыз­ша түр­де дұ­рыс жет­кі­зу, тео­ри­я­лық бі­лі­мін нақ­ты са­ла­да прак­ти­ка­да қол­да­ну
Негіз­гі құ­рал­дар мен то­пы­рақ­та жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған жаб­дық­тар­ды бі­лу
8 кесте. СБШ біліктіліктің 7-деңгейлі агрономның
құзыретіне қойылатын талаптар
Мін­дет­тер шиф­ры
Тұ­лға­лық және кә­сіп­тік құ­зы­рет­ті­лік­тер
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар
Бі­лім­дер
1-1)
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­рі­стің учас­ке­сін­де қыз­мет­кер­лер­дің қыз­ме­т­ін­де­гі нәти­же­ге жа­у­ап­кер­ші­лік қа­был­да­у­мен олар­ды бас­қа­ру
Ше­шу жол­да­ры­ның әр­кел­кі­лі­гін және олар­ды таң­да­уды қа­жет ете­тін прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді орын­дау
Кә­сі­би бі­лім және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе неме­се кә­сі­би са­ла­да кең ауқым­ды тео­ри­я­лық және прак­ти­ка­лық бі­лім. Аг­ро­но­мия және аг­ро­хи­мия са­ла­сын­да­ғы бі­лі­гі, жо­ғар­ғы бі­лім
2-1)
Жұ­мыс кү­шін үле­сті­ре­ді, жұ­мыс ба­ры­сы­на қа­рап нақ­ты және нәти­же­лі нұс­қа­у­лар бе­ре­ді
Құ­жат­тан­ды­ра­ды және есеп­ті кә­сі­би қыз­ме­ті шең­бе­рін­де жүр­гі­зе­ді
Жүй­е­лі тал­дау ме­то­до­ло­ги­я­сы жай­ын­да және кә­сі­би жағ­дай­лар­ды про­ек­ци­я­лау жай­ын­да жан-жақ­ты бі­лі­мі бар
2-2)
Кә­сі­би қыз­мет­те, бас­қа­ру­ға ын­та біл­ді­ру­де шы­ғар­ма­шы­лық­қа қа­бі­лет­ті­лік, кә­сі­би бі­лі­мі мен кә­сі­би қыз­ме­тіне жа­у­ап­кер­ші­лік­ті алу
Әр түр­лі са­ла­лар­да­ғы жа­ңа бі­лім мен ин­те­гра­ция рә­сі­мін да­мы­ту бой­ын­ша ғы­лы­ми-зерт­теу және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет жүр­гі­зу, өз ой­ын жа­з­ба­ша және ауыз­ша түр­де дұ­рыс жет­кі­зу, тео­ри­я­лық бі­лі­мін нақ­ты са­ла­да прак­ти­ка­да қол­да­ну
Негіз­гі құ­рал­дар мен то­пы­рақ­та жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған жаб­дық­тар­ды бі­лу
3-1)
Ұй­ым­ның стра­те­ги­я­сы, са­я­са­ты мен мақ­са­ты шең­бе­рін­де ең­бек және оқу үде­рі­сін же­ке өзі бас­қа­рып, ба­қы­ла­у­ға қа­бі­лет­ті­лік, мә­се­ле­лер­ді тал­қы­лау, қо­ры­тын­ды­лар­ды дәй­ек­теу және ақ­па­рат­пен са­у­ат­ты жұ­мыс жа­сай бі­лу
Жұ­мыс жағ­дай­ы­ның шар­тта­ры­на сай өз әре­кет­те­рін тү­зей бі­лу
Кә­сі­би бі­лім алу үде­рі­сін­де алын­ған то­пы­рақ зерт­теу са­ла­сын­да­ғы прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі негі­зін­де қыз­мет ат­қа­ру үшін бі­лім
3-2)
Же­ке ба­сы­ның және бас­қа адам­дар­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гі үшін жа­у­ап­ты
Стан­дарт­ты мә­се­ле­лер­ді ше­ше бі­лу
Нор­ма­тив­ті және бас­қа­ру­шы ма­те­ри­ал­дар­ды бі­луі

4 Келісу парағы

Агрономия және агрохимия
бойынша қызметтегі
кәсіби стандарттың
4-қосымшасы
Келісу парағы
Ұй­ым­ның ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС тіркелді _____________________________________________________
Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу № ____________________
Хат (хаттама) № ____________________ Күні ___________________________

Қолданыстағы