Құжат мәтініне өту

Об утверждении количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества и правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Алгабасского сельского округа города Аксу

Ереже · № 248/36 · қабылданған 11.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83031/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества и правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Алгабасского сельского округа города Аксу Күшін жойған Ереже ·№ 248/36 ·11.08.2014
28.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества и правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Алгабасского сельского округа города Аксу

Күшін жойған Ереже ·№ 248/36 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества и правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Алгабасского сельского округа города Аксу
Атауы (қаз.)
Ақсу қаласы Алғабас селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
248/36
Қабылданған күні
11.08.2014
Көрсетілген редакция
28.10.2020 83031_490462.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PB003996
ЭКБ идентификаторы
83031
Редакция идентификаторы
83031_490462
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:50

0 Ақсу қаласы Алғабас селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Алғабас селолық округінің ауыл тұрғындары жиындарының хаттамалары негізінде Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес Ақсу қаласы Алғабас селолық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласы Алғабас селолық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Ақсу қаласы Алғабас селолық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Ақсу қалалық мәслихатының
2014 жылғы 11 тамыздағы
№ 248/36 шешіміне қосымша
Ақсу қаласы Алғабас селолық округінің жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы
№ р/н
Елді мекен атауы
Алғабас селолық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1.
Айнакөл ауылы
15
2.
Алғабас ауылы
25
3.
Жолқұдық ауылы
30
4.
Қарабай ауылы
4
5.
Қаракөл ауылы
3
6.
Көктас ауылы
5
7.
Ребровка ауылы
4
8.
Сынтас ауылы
5

6 Ақсу қаласы Алғабас селолық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

Ақсу қалалық мәслихатының
2014 жылғы 11 тамыздағы
№ 248/36 шешімімен бекітілді
Ақсу қаласы Алғабас селолық округі аумағында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленген.

2 2. Алғабас селолық округі аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды селолық округтің әкімі шақырады.

Қала әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халықы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Бөлек жиынды өткізуді селолық округтің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды селолық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Селолық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын қала мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны селолық округ әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы