Об утверждении количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества и правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории сельского округа имени Мамаита Омарова города Аксу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества и правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории сельского округа имени Мамаита Омарова города Аксу
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 253/36
- Қабылданған күні
- 11.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2020 83037_496796.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PB004000
- ЭКБ идентификаторы
- 83037
- Редакция идентификаторы
- 83037_496796
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:50
0 Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің ауыл тұрғындары жиындарының хаттамалары негізінде Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
2 2. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ақсу қалалық мәслихатының 2014
жылғы 11 тамыздағы № 253/36
шешіміне қосымша
Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы
селолық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ р/н
Елді мекен атауы
Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1.
Дөнентаев ауылы
2
2.
Еңбек ауылы
2
3.
Көктерек ауылы
1
4.
Кұркөл ауылы
9
5.
Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл
9
6.
Путь Ильича ауылы
14
7.
Сырлы қала ауылы
2
6 Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Ақсу қалалық мәслихатының 2014
жылғы 11 тамыздағы № 253/36
шешімімен бекітілді
Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы
селолық округі аумағында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленген.
2 2. Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды селолық округтің әкімі шақырады.
Қала әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халықы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Бөлек жиынды өткізуді селолық округтің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды селолық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Селолық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын қала мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.