Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 279/8
- Қабылданған күні
- 29.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2016 83038_287435.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PI004001
- ЭКБ идентификаторы
- 83038
- Редакция идентификаторы
- 83038_287435
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:42
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-5), 5-6)-тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квоталары:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;
бас бостандығанан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;
интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. «Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру арқылы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.