Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления профилактического контроля за лицами, состоящими на профилактическом учете в органах внутренних дел

Бұйрық · № 432 · қабылданған 15.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83059/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления профилактического контроля за лицами, состоящими на профилактическом учете в органах внутренних дел Күшін жойған 05.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил осуществления профилактического контроля за лицами, состоящими на профилактическом учете в органах внутренних дел

Күшін жойған Бұйрық № 432 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления профилактического контроля за лицами, состоящими на профилактическом учете в органах внутренних дел
Атауы (қаз.)
Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
432
Қабылданған күні
15.07.2014
Көрсетілген редакция
05.03.2026 83059_814327.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14C0009695
ЭКБ идентификаторы
83059
Редакция идентификаторы
83059_814327
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:07
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 308) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағида (бұдан әрі – Қағида) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. "Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 6481 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 249 жарияланған) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 16 тамыздағы № 356 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері, дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және оның талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

6. Қолданысқа 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап енетін қоса беріліп отырған Қағиданың 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 15 шіл­де­де­гі
№ 432 бұй­ры­ғы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 308) тармақшасына сәйкес, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Профилактикалық бақылауға:

1) қорғау нұсқамасы шығарылған адамдар;

2) бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар қою туралы шешім қабылданған адамдар;

3) қылмыстық жауапкершілікке тартуға жататын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар;

4) қамауға алумен байланысты емес жазалау шарасы таңдалғанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталушы немесе күдікті кәмелетке толмағандар;

5) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған кәмелетке толмағандар;

6) арнайы білім беру және ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарының түлектері;

7) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері жатады.

3. Қорғау нұсқамасы шығарылған адамға қатысты профилактикалық бақылау оған қорғау нұсқамасы ұсынылған сәттен бастап және әрекет ету мерзімі өткенге дейін жүзеге асырылады.

4. Бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған адамдар үшін профилактикалық бақылау сот айқындайтын құқық бұзушының мінез-құлқына қойылған шектеулер мен ерекше талаптардың әрекет ету мерзімі өткенге дейін соттың шешімі (қаулысы) шыққан сәттен бастап жүзеге асырылады.

5. Арнайы білім беру ұйымдарынан және ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарынан келген қылмыстық жауапкершілікке тартуға жататын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар үшін профилактикалық бақылау 12 ай ішінде, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.

6. Қамауға алумен байланысты емес жазалау шарасы таңдалғанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталушы немесе күдікті кәмелетке толмағандар үшін профилактикалық бақылау қылмыстық істі тергеу кезеңі ішінде, бірақ кәмелетке толғанға дейін жүзеге асырылады;

7. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған кәмелетке толмағандар үшін профилактикалық бақылау соттылығы өтелгенге немесе алынып тасталғанға дейін, бірақ кәмелетке толғанға дейін жүзеге асырылады.

8. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдеріне профилактикалық бақылау тоқсанда бір реттен кем емес жүзеге асырылады.

Ішкі істер органы бастығының не оның орынбасарының шешімімен профилактикалық есепке қою мерзімі бір жылға ұзартылған жағдайда профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезеңі тиісінше көрсетілген
мерзімге ұзартылады.

9. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты профилактикалық бақылауды жүзеге асыру туралы шешімді ішкі істер органдарының бастығы немесе оның орынбасары учаскелік полиция инспекторының (кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор) дәлелді баянаты негізінде қабылдайды.

10. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді сақтауы және жүктелген міндеттемелерді орындауы үшін жүйелі бақылаумен қорытындыланады.

2-тарау. Профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі

11. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша профилактикалық іс жүргізіледі.

12. Аумақтық полиция органының, ішкі істер органы қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарады.
Бұл ретте, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында көзделген шектеулер оның пікірін ескере отырып, белгіленеді.

13. Қорғау нұсқамасын осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны шығару сәтінде ақыл-есі дұрыс, он алты жасқа толған адамға қатысты толтырады.

Бұл ретте жәбірленушіге оның құқықтары және құқық бұзушы қорғау нұсқамасын бұзған жағдайда құқықтық салдары түсіндіріледі.

14. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам қорғау нұсқамасының түпнұсқасына қол қою арқылы танысады (қорғау нұсқамасының түпнұсқасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, ол туралы жазылады). Содан кейін түпнұсқадан үш көшірме түсіріледі. Көшірменің бірінші және екінші данасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға және жәбірленушіге тұпнұсқаға қол қою арқылы табыс етіледі. Көшірменің үшінші данасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға оны ұсынған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жолданады. Қорғау нұсқамасының түпнұсқасы профилактикалық іске тігіледі.

15. Ерекше талаптар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты қойылады.

16. Кәмелетке толмағанның бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар қою белгілі орындарға баруға, механикалық көлік құралдарын басқаруға байланысты белгілі бос уақыт нысандарын пайдалануға, тәуліктің белгілі бір уақытында тұрғын үй-жайдан тыс шығуға, арнайы мемлекеттік органдардың немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз өзге де орындарға шығуына тыйым салуды көздеуі мүмкін.
Кәмелетке толмағандарға білім беру ұйымдарына оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау не болмаса арнайы мемлекеттік органдар немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа орналасу талаптары қойылуы мүмкін.
Осы Қағиданың 2-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты профилактикалық бақылау Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке профилактикалық жұмыс жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.

17. Осы Қағиданың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарға қатысты профилактикалық бақылау Осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Жоспарлар профилактикалық есепке қойғаннан кейін үш күндік мерзімде жасалып, ішкі істер органдарының бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.

18. Профилактикалық есепте тұрған адамға белгіленген шектеулерді сақтауды және жүктелген міндеттерді орындауды бақылау мақсатында учаскелік полиция инспекторы не болмаса тұрғылықты, жұмыс және оқу орны бойынша тексеруді жүзеге асырады.

19. Қорғау нұсқамасы шығарылған, бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған адамдарды тексеру кезеңділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды.

20. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдар үшін профилактикалық бақылауды тоқтату үшін негіздер:

1) профилактикалық есепте болу мерзімінің өтуі;

2) психикалық, мінез-құлық ауытқулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жіберу;

3) қылмыстық жазаға сотталу;

4) адамның кәмелеттік жасқа толуы;

5) есепте тұратын адамның өлімі;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа мән-жайлардың туындауы болып табылады.

21. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі айқындаған тәртіппен Ақпараттық-аналитикалық орталықтың аумақтық бөліністеріне ұсынылады.

1 Іш­кі іс­тер ор­ган­да­рын­да

про­фи­лак­ти­ка­лық есеп­те
тұ­ра­тын адам­дар­ды
про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­уды
жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі қа­ғи­да­ға
1-қо­сым­ша
№ _______Профилактикалық іс
_______________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20____ жылғы "____" _________ басталды
20____ жылғы "____" ________ аяқталды
Жалпы жинақталған іс мұқабаның ішкі жағына басылады
Профилактикалық істе тұрған құжаттардың тізбесі

1. Істегі құжаттардың тізімдемесі.

2. Тексерушінің парағы.

3. Профилактикалық есепке қою туралы баянат.

4. Есепке қою негіздемесін растайтын материалдар (сот қаулысының, қорғау нұсқамасының көшірмелері).

5. Жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

6. Сипаттайтын материалдар.

7. Адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту, оларды денсаулық сақтау органдарының наркологиялық, психоневрологиялық мекемелеріне орналастыру туралы қаулылардың көшірмелері.

8. Біріктірілген деректер банкінің есебі мен "Информ сервис" АІЖ есептері бойынша сұрау салуларды шығару.

9. Есепте тұрған адамды бақылауды жүзеге асыру барысында жиналған анықтамалар, баянаттар және басқа материалдар.

Ескертпе: Осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты құжаттардың көрсетілген тізбесіне қосымша жеке профилактикалық жұмыс жоспары, шолу анықтама (осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда), байланыс сызбасы, есепке қою және профилактикалық есептен шығару туралы хабарламалар көшірмелері салынады.

2 Қорғау нұсқамасы

Іш­кі іс­тер ор­ган­да­рын­да
про­фи­лак­ти­ка­лық есеп­те
тұ­ра­тын адам­дар­ды
про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­уды
жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі қа­ғи­да­ға
2-қо­сым­ша
ны­сан
Қорғау нұсқамасы
___ сағат ____ минут 20___ жылғы "____"_____________
____________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, ауылдық округ)
"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 20-бабын басшылыққа ала отырып,
отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында азамат (ша)___________________
(жәбірленушінің Т.А.Ә.)
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азамат (ша)_______________________
(құқық бұзушының Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________
Туған жылы, күні, айы ________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________________
азамат(ша)____________________________ қатысты мынадай: жәбірленушінің
(жәбірленушінің Т.А.Ә.)
еркінен тыс кәмелетке толмағандарды және немесе оның әрекетке қабілетсіз
отбасы мүшелерін қоса алғанда іздестіруге,
қудалауға, баруға, ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және онымен
өзге де тәсілдер арқылы байланыс жасауға,
сондай-ақ қасақана құқыққа қарсы (әрекет немесе әрекетсіздік),
денсаулыққа зиян келтіретін немесе дене күшін және (немесе) психикалық залал
келтіретін әрекеттер жасауға тыйым салынады.
Азамат___________________________отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас
(құқық бұзушының Т.А.Ә.)
саласында құқық бұзушылық жасауы қорғау нұсқамасын енгізу үшін негіз болып табылады,
атап айтқанда: ________________________________________ _____________________________
(отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтың уақыты, орны, фабуласы)
____________________________________________________________________________________
Осы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінде көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Қорғау нұсқамасы 30 тәулік мерзімге шығарылады.
Қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзімі ол азамат ___________________
(құқық бұзушының Т.А.Ә.)
________________________________________ тапсырылған сәттен басталады.
(лаузымы, ІІО атауы)
М.О.______________________________
(атағы, қорғау нұсқамасын шығарған адамның Т.А.Ә. )
Қорғау нұсқамасымен таныстым: __________________________________
(құқық бұзушының қолы және Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
20___ жылғы "____"_______________
Алғаны туралы қолхат:
Қорғау нұсқамасының көшірмесін алдым, қорғау нұсқамасын бұзған жағдайдағы құқықтармен
және құқықтық салдарымен таныстым:__________________________________________________
(құқық бұзушының қолы және Т.А.Ә.)
20___ жылғы "____"_______________
____________________________________________________________________________________
(жәбірленушінің қолы және Т.А.Ә.)
20___ жылғы "____"_______________

3 Кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыстың үлгі жоспары

Іш­кі іс­тер ор­ган­да­рын­да
про­фи­лак­ти­ка­лық есеп­те
тұ­ра­тын адам­дар­ды
про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­уды
жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі қа­ғи­да­ға
3-қо­сым­ша
ны­сан
БЕКІТЕМІН
ҚАІІО бастығы (орынбасары)
Атығы _________________________
Тегі, аты, әкесінің аты ___________
Күні, айы, жылы "____" __________
Кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыстың үлгі жоспары
(Т.А.Ә., туған күні)
р/с №
Жос­пар­лан­ған іс-ша­ра­лар
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Аяқ­тау ны­са­ны
Мін­дет­ті про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар
1
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның және оның ата-ана­ла­ры­мен тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша про­фи­лак­ти­ка­лық әң­гі­ме жүр­гі­зе­ді.
Ай­ы­на бір рет­тен кем емес
Тү­сі­нік­те­ме
2
Тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар жи­най­ды (көр­ші­лер­ден сұ­рау)
Жар­ты жыл­да бір рет
Тү­сі­нік­те­ме (жа­з­ба­ша тү­сі­нік­те­ме бе­ру­ден бас тар­тқан жағ­дай­да ба­я­нат жа­са­ла­ды)
3
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар сұ­ра­та­ды
Жар­ты жыл­да бір рет
Мі­нез­де­ме
4
Мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен бір­ле­сіп, тұр­ғын үй-тұр­мыстық жағ­дай­лар­ды зерт­те­уді жү­зе­ге асы­ра­ды
Жар­ты жыл­да бір рет
Тұр­ғын үй-тұр­мыстық жағ­дай­лар­дың ак­ті­сі
5
Жа­ғым­ды және жа­ғым­сыз бай­ла­ны­стар­дың сыз­ба­сы жа­са­ла­ды
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­те
Бай­ла­ныс сыз­ба­сы
6
ІІМ-нің бі­рік­ті­рі­л­ген де­ректер ба­за­сы (бұ­дан әрі – БДБ) бой­ын­ша тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­ды
Тоқ­са­ны­на бір рет
БДБ анық­та­ма­сы
Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру, де­ма­лы­сты, бос уа­қыт­ты ұй­ым­да­сты­ру және жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру жө­нін­де­гі ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық іс-ша­ра­лар
7
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың іс­те­рі және олар­дың құқық­та­рын қор­ғау ко­мис­си­я­сы­на (бұ­дан әрі – КІжҚҚК) жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру бой­ын­ша кө­мек көр­се­ту ту­ра­лы өті­ніш жол­дай­ды.
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 4-тен 6 ай­ға дей­ін
Өті­ніш
8
Мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға және үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар­ға кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың де­ма­лы­сын, бос уа­қы­тын және ең­бек­пен қам­ты­луын ұй­ым­да­сты­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша өті­ніш жол­дай­ды.
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 4-тен 6 ай­ға дей­ін
Өті­ніш
Же­ке про­фи­лак­ти­ка­ның ал­дын алу (соң­ғы) ша­ра­ла­ры
9
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның мі­нез-құл­қын қа­рау үшін КІжҚҚК-ге өті­ніш жол­дай­ды
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 7-тен 11 ай­ға дей­ін
КІжҚҚК-нің ше­ші­мі
10
Ба­ла­лар­ды тәр­би­е­леу бой­ын­ша мін­дет­те­рін орын­да­ма­ға­ны үшін әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың ата-ана­ла­рын не заң­ды өкіл­де­рін тар­ту ту­ра­лы сот­қа ма­те­ри­ал­дар­ды жа­сай­ды және жол­дай­ды.
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 7-тен 11 ай­ға дей­ін
Сот­тың ше­ші­мі
11
КІжҚҚК-нің ал­дын­да кәме­лет­ке тол­ма­ған­ды ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на не ерекше ұстау ре­жи­мі­мен бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на жі­бе­ру ту­ра­лы өті­ніш жа­сай­ды.
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 7-тен 11 ай­ға дей­ін
КІжҚҚК-нің ше­ші­мі
12
Сот­қа кәме­лет­ке тол­ма­ған­ды ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на не ерекше ұстау ре­жи­мі­мен бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы ма­те­ри­ал­дар­ды жол­дай­ды.
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 7-тен 11 ай­ға дей­ін
Сот­тың ше­ші­мі
Же­ке про­фи­лак­ти­ка­лық жұ­мыстың қо­ры­тындыс­ын шы­ға­ру
13
Тү­зе­ту неме­се кәме­лет­ке тол­ма­ған­ға қа­ты­сты же­ке про­фи­лак­ти­ка ша­ра­ла­рын одан әрі жүр­гі­зу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы қо­ры­тынды­мен осы жос­пар­дың тар­мақ­та­рын орын­дау ту­ра­лы анық­та­ма жа­са­ла­ды.
Тоқ­сан сай­ын
Анық­та­ма
Ескертпе: Жоспарда көзделген іс-шаралармен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыруға жол беріледі.
КЕЛІСІЛДІ
ҚАІІб кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі бөлініс бастығы
Атағы ____________________
Тегі, аты, әкесінің аты _______
күні, айы, жылы "___" _____
ҚАІІб кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы
Атағы ____________________
Тегі, аты, әкесінің аты _______
күні, айы, жылы "___" _____

4 Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыстың үлгі жоспары

Іш­кі іс­тер ор­ган­да­рын­да
про­фи­лак­ти­ка­лық есеп­те
тұ­ра­тын адам­дар­ды
про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­уды
жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі қа­ғи­да­ға
4-қо­сым­ша
ны­сан
БЕКІТЕМІН
ҚАІІО бастығы (орынбасары)
Атығы _________________________
Тегі, аты, әкесінің аты ___________
Күні, айы, жылы "____" __________
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыстың үлгі жоспары
(Т.А.Ә., туған күні)
р/с №
Жос­пар­лан­ған іс-ша­ра­лар
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Аяқ­тау ны­са­ны
Мін­дет­ті про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­лар
1
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды тәр­би­е­леу, оқы­ту және (неме­се) ұстау бой­ын­ша өз мін­дет­те­рін орын­да­май­тын кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың, сон­дай-ақ олар­дың мі­нез-құл­қы­на те­ріс әсер ете­тін ата-ана­ла­ры неме­се бас­қа да заң­ды өкіл­де­рі­мен тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша про­фи­лак­ти­ка­лық әң­гі­ме жүр­гі­зе­ді.
Ай сай­ын
Тү­сі­нік­те­ме
2
Тұр­ғы­лық­ты же­рі (көр­ші­лер­ден сұ­рау) және жұ­мыс ор­ны бой­ын­ша си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар жи­най­ды
Жар­ты жыл­да бір рет
Тү­сі­нік­те­ме (жа­з­ба­ша тү­сі­нік­те­ме бе­ру­ден бас тар­тқан жағ­дай­да ба­я­нат жа­са­ла­ды)
3
Кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­ла­ры оқи­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар­ды сұ­ра­та­ды
Жар­ты жыл­да бір рет
Мі­нез­де­ме
4
Мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен бір­ле­сіп, тұр­ғын үй-тұр­мыстық жағ­дай­лар­ды зерт­те­уді жү­зе­ге асы­ра­ды
Жар­ты жыл­да бір рет
Тұр­ғын үй-тұр­мыстық жағ­дай­лар­дың ак­ті­сі
5
Жа­ғым­ды және жа­ғым­сыз бай­ла­ны­стар­дың сыз­ба­сы жа­са­ла­ды
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­те
Бай­ла­ныс сыз­ба­сы
6
ІІМ-нің бі­рік­ті­рі­л­ген де­ректер ба­за­сы (бұ­дан әрі – БДБ) бой­ын­ша тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­ды
Тоқ­са­ны­на бір рет
БДБ анық­та­ма­сы
Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру, де­ма­лы­сты, бос уа­қыт­ты ұй­ым­да­сты­ру және жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру жө­нін­де­гі ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық іс-ша­ра­лар
7
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың іс­те­рі және олар­дың құқық­та­рын қор­ғау ко­мис­си­я­сы­на (бұ­дан әрі – КІжҚҚК) ата-ана­лар­ды жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру бой­ын­ша кө­мек көр­се­ту ту­ра­лы өті­ніш жол­дай­ды.
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 4-тен 6 ай­ға дей­ін
Өті­ніш
8
Мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға және үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар­ға кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың де­ма­лы­сын, бос уа­қы­тын және ең­бек­пен қам­ты­луын ұй­ым­да­сты­ру мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша өті­ніш жол­дай­ды.
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 4-тен 6 ай­ға дей­ін
Өті­ніш
Же­ке про­фи­лак­ти­ка­ның ал­дын алу (соң­ғы) ша­ра­ла­ры
9
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның ата-ана­сы­ның не заң­ды өкіл­де­рі­нің мі­нез-құл­қын қа­рау үшін КІжҚҚК-ге өті­ніш жол­дай­ды
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 7-ден 9 ай­ға дей­ін
КІжҚҚК-нің ше­ші­мі
10
Ба­ла­лар­ды тәр­би­е­леу бой­ын­ша мін­дет­те­рін орын­да­ма­ға­ны үшін әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың ата-ана­ла­рын не заң­ды өкіл­де­рін тар­ту ту­ра­лы сот­қа ма­те­ри­ал­дар­ды жа­сай­ды және жол­дай­ды.
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 7-ден 9 ай­ға дей­ін
Сот­тың ше­ші­мі
11
КІжҚҚК ал­дын­да ата-ана­лар құқы­ғы­нан ай­ы­ру (шек­теу) ту­ра­лы өті­ніш жа­сай­ды.
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 7-ден 9 ай­ға дей­ін
КІжҚҚК-нің ше­ші­мі
12
Сот­қа ата-ана­лар­дың құқық­та­ры­нан ай­ы­ру (шек­теу) бой­ын­ша ма­те­ри­ал­дар­ды жол­дай­ды.
Есеп­ке қой­ы­л­ған сәт­тен ба­стап 10-нан 11 ай­ға дей­ін
Сот­тың ше­ші­мі
Же­ке про­фи­лак­ти­ка­лық жұ­мыстың қо­ры­тындыс­ын шы­ға­ру
13
Тү­зе­ту неме­се кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның ата-ана­сы­на не заң­ды өкіл­де­ріне қа­ты­сты же­ке про­фи­лак­ти­ка ша­ра­ла­рын одан әрі жүр­гі­зу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы қо­ры­тынды­мен осы жос­пар­дың тар­мақ­та­рын орын­дау ту­ра­лы анық­та­ма жа­са­ла­ды.
Тоқ­сан сай­ын
Анық­та­ма
Ескертпе: Жоспарда көзделген іс-шаралармен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыруға жол беріледі.