Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по созданию условий для отправления религиозных обрядов осужденными к лишению свободы

Бұйрық · № 503 · қабылданған 08.08.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83073/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по созданию условий для отправления религиозных обрядов осужденными к лишению свободы Қолданыста Бұйрық ·№ 503 ·08.08.2014
21.05.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по созданию условий для отправления религиозных обрядов осужденными к лишению свободы

Қолданыста Бұйрық ·№ 503 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по созданию условий для отправления религиозных обрядов осужденными к лишению свободы
Атауы (қаз.)
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
503
Қабылданған күні
08.08.2014
Көрсетілген редакция
21.05.2019 83073_408180.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14C0009722
ЭКБ идентификаторы
83073
Редакция идентификаторы
83073_408180
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:50

0 Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.

0 Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулық

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 8 та­мы­зда­ғы
№ 503 бұй­ры­ғы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулық

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (бұдан әрі – мекемелер) діни жораларды орындауға арналған жағдайларды нақтылайды және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 13-бабына, 16-бабы 1-бөлігінің 10) тармақшасына, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар

2 2. Мекемелерде ұсталатын адамдарға олардың немесе олардың туысқандарының өтініші бойынша салт жораларының қажеттілігі жағдайында әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктердің діни қызметшілері (бұдан әрі – діни қызметші) шақырылады.

3

3. Мекеме әкiмшiлiгi дiни бiрлестiктердің ұсыныстарын ескере отырып, осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысаны бойынша алдағы күнтізбелік жылға дiни бiрлестiктері өкiлдерiнiң мекемелерге бару кестесiн бекітеді, онда діни бірлестіктің атауы, бару күні мен уақыты, дәріс (жоралар) тақырыбы көрсетіледі. Осы кесте тиісті діни бірлестіктің басшысымен келісіледі және бір жыл ішінде қолданыста болады. Сотталғандарға мәлімет үшін осы кестенің көшірмесі мекеменің әрбір жасағында (камерада) орналастырылады.

4 4. Дiни қызметшілердің сотталғандар арасындағы жұмысын мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары ұйымдастырады және бақылайды.

5 5. Діни қызметшілердің мекемелерге баруы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі – ҚАК) 98-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Мекеме әкiмшiлiгi олардың назарына мекемеге бару тәртiбiн жеткiзедi және олардың қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етедi.

6 6. Діни қызметшімен кездесуге ниет білдірген сотталған мекеме әкімшілігіне ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.

7 7. Мекеме әкімшілігі сотталғаннан өтініш алғаннан кейін, кестеде көрсетілген мерзімде оның діни қызметшімен кездесуін қамтамасыз етеді. Салт жораларды орындау кезінде мекеме әкімшілігінің өкілдері қатысады.

8 8. Сотталғандар діни қызметшілермен кездесу үшін мекеме әкімшілігі үй-жай бөледі. Бұл үй-жай дінге қатысы жоқ қажетті құрал-жабдықтармен (үстел, орындықтар және басқа) жабдықталады. Діни тақырыпты материалдарды тыңдау және көру қажет болған жағдайда, үй-жайда аудио және бейнеаппаратура орнатылады.

9 9. Мекеме әкімшілігі діни қызметшілермен кездесуге ниет білдірген сотталғандарды (оның ішінде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзған үшін тәртіптік изоляторға немесе жалғыз адамдық камераға ауыстырылғандарды) кездесу үшін бөлінген үй-жайға апарады.

10 10. Діни қызметшілерімен кездесу алдында және кездескеннен кейін сотталғандар ҚАК-нің 98-бабына сәйкес тексеріледі немесе тінтіледі.

11 11. Сотталғандарға салт жораларды мекеменің күн тәртібімен көзделген жеке уақытта өзінің ұйықтайтын орнының жанында жеке орындауға рұқсат етіледі. Бұл мақсатқа үй-жай бөлінбейді.

12

12. Діни әдебиет және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес діни сараптамадан өткеннен және оның қорытындысын алғаннан кейін ғана мекеме аумағына кіргізіледі. Бұл ретте, мекемедегі адамдардың өмірі мен денсаулығына қауiп төндіретін діни мақсаттағы заттарды кіргізуге жол берілмейді.

13 13. Камералық және қатаң жағдайда жазаны өтеудегі сотталғандарға діни әдебиет және діни мазмұндағы өзге материалдар мекеменің күн тәртібімен көзделген жеке уақытта ұсынылады.

14 14. ҚАК-нің 97-бабына сәйкес сотталғандардың діни жораларды орындауы мекеме қызметіне кедергі келтірмеуі, ішкі тәртіпті бұзбауы, сондай-ақ жазаларын өтеп жатқан басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектемеуі тиіс.

0 20 ___ жылға арналған дiни бiрлестiктер өкiлдерiнiң мекемелерге бару КЕСТЕСІ

Бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру­ға
сот­тал­ған­дар­дың ді­ни жо­ра­лар­ды
орын­да­уы үшін жағ­дай­лар жа­сау
жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­қа қо­сым­ша
Нысан
БЕКІТЕМІН
______________________ облысы бойынша
ҚАЖД _____________мекемесінің бастығы
_____________________________________
(атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)- бұдан әрі Т.А.Ә.)
20 ___ жылға арналған дiни бiрлестiктер өкiлдерiнiң мекемелерге бару КЕСТЕСІ

Ді­ни бір­ле­стіктің ата­уы
Ді­ни бір­ле­стік өкі­лі­нің Т.А.Ә.
ба­ру кү­ні және уа­қы­ты
дә­ріс (жо­ра­ның) та­қы­ры­бы
ес­керт­пе
"КЕЛІСІЛДІ"
____________________________________
(діни бірлестік жетекшісінің Т.А.Ә.)
20 ___ жылғы "____" ________________

Қолданыстағы