Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил исчисления стажа спасателям профессиональных аварийно-спасательных служб и формирований для выплат процентных надбавок за выслугу лет

Қаулы · № 896 · қабылданған 05.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83076/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил исчисления стажа спасателям профессиональных аварийно-спасательных служб и формирований для выплат процентных надбавок за выслугу лет Күшін жойған Қаулы ·№ 896 ·05.08.2014
18.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил исчисления стажа спасателям профессиональных аварийно-спасательных служб и формирований для выплат процентных надбавок за выслугу лет

Күшін жойған Қаулы ·№ 896 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил исчисления стажа спасателям профессиональных аварийно-спасательных служб и формирований для выплат процентных надбавок за выслугу лет
Атауы (қаз.)
Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
896
Қабылданған күні
05.08.2014
Көрсетілген редакция
18.06.2015 AI83076_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000896
ЭКБ идентификаторы
83076
Редакция идентификаторы
AI83076_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:54

0 Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 35) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары бекітілсін.

2

2. «Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1185 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 405-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 896 қаулысымен
бекітілген
Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары

1

1. Осы Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақыларына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының (бұдан әрі – құтқарушы) өтілін есептеу тәртібін айқындайды.

2 2. Құтқарушының еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы алуға құқық беретін өтіліне:

1 1) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарындағы жұмыс істеген;

2 2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру;

3 3) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жолдамалары бойынша жұмыстан қол үзіп кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыған уақыты есептеледі.

3

3. Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдарға қызмет көрсететін, республикалық бюджет есебінен ұсталмайтын құтқарушыларға еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы алуға құқық беретін өтіліне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бөлімшелері мен қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істеген уақыты қосылады.

4 4. Өтілі, сондай-ақ осы Қағидалар сәйкес еңбек сіңірген жылдарына есептелетін уақыт күнтізбелік есептеумен ескеріледі.

5 5. Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы алуға құқық беретін өтіліне қосу үшін құтқарушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өзінің еңбек қызметін растайтын тиісті құжаттарды тапсырады.

Қолданыстағы