Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям"

Қаулы · № 102-1251 · қабылданған 05.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83084/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям" Күшін жойған Қаулы ·№ 102-1251 ·05.08.2014
22.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям"

Күшін жойған Қаулы ·№ 102-1251 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям"
Атауы (қаз.)
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
102-1251
Қабылданған күні
05.08.2014
Көрсетілген редакция
22.08.2016 AI83084_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14A0000840
ЭКБ идентификаторы
83084
Редакция идентификаторы
AI83084_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:54

0 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 134 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми және мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 102-1251 қаулысымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін Стандартының 9 тармағында көрсетілген тізіміндегі қосымшасындағы құжаттар (бұдан әрі - құжаттар) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді қабылдау бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауының негізі болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:

1-рәсім: қызмет беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күні, қызмет алушыға тіркеу нөмірін берумен және күнімен тіркеуді жүзеге асырады, бұдан кейін қызмет берушінің басшысына немесе орынбасарына беріледі. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілеген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;
2-рәсім: қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары қызмет алушының құжаттары түскен күні бөлім басшысына береді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;
3-рәсім: бөлім басшысы қызмет алушының құжаттары түскен күні бөлімнің жауапты маманына тапсырады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;
4-рәсім: бөлімнің жауапты маманы өтінішті бастапты тексеруді жүзеге асырады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – екі жұмыс күні;
5-рәсім: бөлімнің жауапты маманы біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы талдауды жүзеге асырады, осыдан кейін құжаттарды ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгізеді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – төрт жұмыс күні;
6-рәсім: ВАК ағымдағы жылдың 25 ақпанына дейінгі мерзімде ұсынылған өтінімдерді қарайды және тиісті хаттамаға қол қойды. Қорытынды су пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы тұтынушы кооперативтері (бұдан әрі – СПАШТК) бөлінісінде қызмет алушы тізілімін бекітуге қала әкіміне ұсынады және осыған қарай субсидия қаржысын қояды;
7-рәсім; қала әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді және ұсынады - ағымдағы жылдың 28 ақпанына дейін. Қорытынды – СПАШТК кесіндісінде суды пайдаланушылардың тізілімін ұсынады;
8-рәсім; қызмет алушы алынған суды пайдаланушылардың тізілімін қала бойынша жалпы субсидиялау көлемінің уәкілетті орган белгілеген суды пайдалану лимитіне сәйкестігін салыстырып тексереді, жылдық субсидия көлемін көрсете отырып, көрсетілетін қызмет алушылардың – су жеткізу құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алушылардың тізімдерін бекіту бойынша қала әкімі қабылдаған шешімдер туралы жазбаша түрде суды пайдаланушылар мен СПАШТК хабардар етеді – 7 күнтізбелік күн. Нәтижесі – жылдық субсидия көлемін көрсете отырып, көрсетілетін қызмет алушылардың – су жеткізу құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алушылардың бекітілген тізімі;
9-рәсім; СПАШТК ведомствоаралық комиссия (ВАК) қызмет берушінің су берушілердің су беру жөніндегі қызмет көрсету актісін, су беру жөнінде алған қызмет үшін су берушіге қаражат аударуды растайтын, төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады – әр айдың 20-сы күніне дейін. Қорытынды - су берушінің су беру жөніндегі қызмет көрсету актісі, төлем құжаттарының көшірмесі;
10-рәсім; қызмет беруші Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған құжаттарды тексереді – ағымдағы айдың 25-сі күніне дейін мерзімде. Қорытынды – суды пайдаланушылар бойынша жиынтық тізілім жолдау. Қорытынды – бюджеттік субсидия төлеуге тізімдеме және төлемге шоттар қалыптастыру;
11-рәсім; қызмет беруші ұсынылған құжаттардың сәйкестігін соңғы рет тексереді және күнтізбелік екі күн ішінде қазынашылықтың аймақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және және төлем шоттарын ұсынады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – екі жұмыс күн. Қорытынды – төлемге шоттар тізілімі және төлемге шоттар.
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі (рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесін және оның басқа құрылымдық бөлімшеге беру тәртібі көрсетілсін) қамтиды:

1 1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар қабылдайды, тіркейді бұдан кейін қызмет берушінің басшысына немесе орынбасарына беріледі;

2 2) қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары қызмет алушының құжаттары түскен күні бөлім басшысына береді;

3 3) бөлім басшысы қызмет алушының құжаттары түскен күні бөлімнің жауапты маманына тапсырады;

4 4) бөлімнің жауапты маманы құжаттарды бастапты тексеруді жүзеге асырады және құжаттарды ВАК қарауына енгізеді;

5

5) ВАК ұсынылған өтінімдерді қарайды, тиісті Хаттамаға қол қояды – ағымдағы жылдың 25 ақпанына дейін. СПАШТК кесіндісінде су беру жөніндегі қызметтің арзандатылған құны бойынша субсидия және олар бойынша мөлшерлемелер бойынша субсидия сомасын алуға көрсетілетін қызмет алушылардың тізімін қала әкіміне бекітуге ұсынады;

6 6) қала әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді және ұсынады - ағымдағы жылдың 28 ақпанына дейін. СПАШТК кесіндісінде суды пайдаланушылардың тізілімін ұсынады;

7

7) қызмет алушы алынған суды пайдаланушылардың тізілімін қала бойынша жалпы субсидиялау көлемінің уәкілетті орган белгілеген суды пайдалану лимитіне сәйкестігін салыстырып тексереді, жылдық субсидия көлемін көрсете отырып, көрсетілетін қызмет алушылардың – су жеткізу құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алушылардың тізімдерін бекіту бойынша қала әкімі қабылдаған шешімдер туралы жазбаша түрде суды пайдаланушылар мен СПАШТК хабардар етеді – 7 күнтізбелік күн;

8 8) САТК қызмет берушіге су берушілердің су беру жөніндегі қызмет көрсету актісін, су беру жөнінде алған қызмет үшін су берушіге қаражат аударуды растайтын, төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады – әр айдың 20-сы күніне дейін;

9

9) қызмет беруші ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген талаптарға сәйкестігін тексереді, бюджеттік субсидия төлеуге тізімдеме және төлемге шоттар қалыптастырады, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне екі данада төлемге шоттар тізілімін және төлемге шоттар ұсынады – 5 жұмыс күні;

10 10) Рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес блок-схемасымен сүйемелденеді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзықтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1 1) қызмет берушінің кеңсесі;

2 2) қызмет берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары;

3 3) бөлім басшысы;

4 4) бөлімнің жауапты маманы;

5 5) ВАК;

6 6) қала әкімі.

11 11. Әкімшілік іс-қимыл (тәртіптемелер) тармағын орындау мерзімін көрсетумен, әкімшілік іс-қимылының (тәртіптемелерінің) реттілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке қосымшада келтірілген.

1 Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге
су беру қызметтерінің құнын субсидиялау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі
Іс-қи­мыл №
1
2
3
4
5
6
7
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ата­уы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы (орын­ба­са­ры)
Бө­лім бас­шы­сы
Бө­лім­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
ВАК
Қа­ла әкі­мі
Бө­лім­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
Үде­рі­стің (іс-қи­мыл­дың) ата­уы
Өті­ніш­ті тір­кеу
Өті­ніш­ті қа­был­дау
Бө­лім бас­шы­сы­ның жа­у­ап­ты ма­нан­ды анық­тау
Ұсын­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын ба­стап­қы тек­се­ру
ВАК ағым­да­ғы жыл­дың 25 ақ­па­ны мер­зі­міне дей­ін ұсы­ны­л­ған өті­нім­дер­ді қа­рас­ты­ра­ды және ти­іс­ті хат­та­ма­ға қол қой­ып, қа­ла әкі­міне  СПАШТК бө­лі­сін­де қыз­мет алушы ті­зі­лі­міне бе­кі­ту үшін ұсы­на­ды
Бе­кі­ту үшін СПАШТК бө­лі­сін­де қыз­мет алушы ті­зі­лі­мін қа­рас­ты­ра­ды
Қыз­мет бе­ру­ші ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың Ере­же та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін соң­ғы рет тек­се­ре­ді және күн­тіз­бе­лік екі күн ішін­де қа­зы­на­шы­лық­тың ай­мақ­тық бө­лім­ше­сіне тө­лем шот­та­ры­ның ті­зі­лі­мін және және тө­лем шот­та­рын ұсы­ну
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­ші­мі)
Тір­кеу нө­мі­рі және кү­ні
Кей­ін­нен өті­ніш­ті бө­лім бас­шы­сы­на бе­ру­мен қыз­мет бе­ру­ші бас­шы­сы­ның (орын­ба­са­ры­ның) ре­зо­лю­ци­я­сы
Кей­ін­нен өті­нім­ді жа­у­ап­ты ма­ман­ға бе­ру­мен бө­лім бас­шы­сы­ның ре­зо­лю­ци­я­сы
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды ал­ғаш­қы тек­се­ру, өті­ніш ма­те­ри­ал­да­рын ба­қы­лау па­ра­ғы­на жа­зу. То­лық бол­мауы және бі­лік­ті­лік та­лап­тар­ға сәй­кес бол­мау фак­ті­ле­рі анық­тал­ған жағ­дай­да одан әрі қа­ра­удан бас тар­ту ту­ра­лы дәй­ек­тел­ген жа­з­ба­ша жа­у­ап
ВАК хат­та­ма­сы­на қол қою және қыз­мет алушы­ның өті­нім­де­рін қа­рас­ты­ру
СПАШТК ара­сын­да қыз­мет алушы ті­зі­лі­мін бе­кі­те­ді
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның банк шот­та­ры­на ти­е­сі­лі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­ны ауда­ру үшін аумақ­тық қа­зы­на­шы­лық бө­лім­ше­ге тө­лем шот­та­ры­ның ті­зі­лі­мін ұсы­ну неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден тар­ту ту­ра­лы дәй­ек­тел­ген жа­з­ба­ша жа­у­ап
Орын­дау мер­зі­мі
30 (отыз) ми­нут­тан ас­пай­ды
30 (отыз) ми­нут­тан ас­пай­ды
30 (отыз) ми­нут­тан ас­пай­ды
2 (екі) күн­тіз­бе­лік күн
4 (төрт) күн­тіз­бе­лік күн
4 (төрт) күн тіз­бе­лік күн
2 (екі) күн тіз­бе­лік күн

Қолданыстағы