Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями для кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями для кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 06-1499
- Қабылданған күні
- 08.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2020 83086_475175.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14A0000841
- ЭКБ идентификаторы
- 83086
- Редакция идентификаторы
- 83086_475175
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:39
0 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орынжайлар шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес берілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Астана қаласы Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
________________ М. Әубәкіров
2014 жылғы «___» ________
1 Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 06-1499 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына
кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға
арналған орындар
Р/с
№
Үгіт-насихат баспа материалын орналастыру орны
«Алматы» ауданы бойынша
1.
Қажымұқан көшесі, № 6, «Орбита» сауда үйінің ауданы
«Есіл» ауданы бойынша
2.
Сулы-жасыл желекжол, Ақмешіт көшесіне дейін жаяу жүргіншілер өтпе жолының ауданы («Бәйтерек» монументі алаңы)
«Сарыарқа» ауданы бойынша
3.
Кенесары көшесі, № 32, «Астана» концерт залының ауданы
2 Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 06-1499 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін берілетін орынжайлар
Р/с
№
Орынжайдың орналасқан жері
«Алматы» ауданы бойынша
1.
Күйші Дина көшесі, № 6, Астана қаласы әкімдігінің «Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
«Есіл» ауданы бойынша
2.
Т. Рысқұлов көшесі, № 6, Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының акт залы
«Сарыарқа» ауданы бойынша
3.
Сарыарқа даңғылы, № 33, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының акт залы