Об определении мест размещения агитационных печатных материалов по городу Атырау для кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест размещения агитационных печатных материалов по городу Атырау для кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1005
- Қабылданған күні
- 04.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2014 83091_371917.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14TA002988
- ЭКБ идентификаторы
- 83091
- Редакция идентификаторы
- 83091_371917
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:40
0 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының басшысы П. Хасановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
Комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша) А. Абдулов
4 қыркүйек 2014 ж.
4 Қалалық әкiмдіктің
2014 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 1005 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№
Орналасқан жері
1
Махамбет-Абай көшелерінің қиылысындағы стенд
2
"Тұрғын үй қалашығы" шағын ауданындағы соңғы аялдама маңындағы стенд
3
"Авангард-2" шағын ауданындағы соңғы аялдама маңындағы стенд
4
Қаныш Сәтпаев көшесіндегі № 14 үй мен Абай аялдамасы арасындағы стенд
5
Бейбітшілік даңғылы бойындағы Халықтар достығы саябағы аллеясындағы стенд