О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 257
- Қабылданған күні
- 22.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2015 AI83123_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009710
- ЭКБ идентификаторы
- 83123
- Редакция идентификаторы
- AI83123_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:45
0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:
1
1) «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2012 жылғы № 1):
нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер Заңның 3-бабына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен ұсынылады»;
2
2) «Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 245 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7100 тіркелген, 2012 жылғы 15 мамырдағы № 236-241(27315) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
мемлекеттік нотариустардың қызметін тексеру парағының нысанында:
4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын мемлекеттiк нотариустардың сақтауы
»;
жеке практикамен айналысатын нотариустардың (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парағының нысанында:
5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5
«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын жекеше нотариустардың сақтауы
»;
нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесінің өлшемдерінде:
6-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылғаны үшiн «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшiн - 5 балл, "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшiн - 5 балл, «Жекеше нотариустарды азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң келiсiм-шарты болмағандығы анықталғанда - 10 балл;».