Құжат мәтініне өту

Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы

Қаулы · № 3/683 · қабылданған 18.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83162/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы Күшін жойған Қаулы ·№ 3/683 ·18.08.2014
27.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/683 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/683
Қабылданған күні
18.08.2014
Көрсетілген редакция
27.09.2016 83162_276830.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14R0001084
ЭКБ идентификаторы
83162
Редакция идентификаторы
83162_276830
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:47

0 Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарының 3 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі қоса беріліп отырған критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Алматы қаласы Қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны интернет - ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Алматы қаласы әкімдігінің

18 тамыздағы 2014 жылғы
№ 3/683 қаулысына қосымша
Коммуналдық мүлкін иелiктен шығару түрлерін
таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы
№ р\с
Критерий атауы
Меншіктен шығару түрі
1
Келесі критерийлер болғанда:
Нысанға бұдан әрі бақылау жасауға мемлекеттің қызығушылығының жоқтығы;
белгіленген заңнамалық мерзімде Нысанды сатудан бюджетке ақша қаражатын алудың қажеттілігі;
ең жоғарғы мүмкіндік бағасы және сауда–саттыққа қатысушыларды мол тарту бойынша Нысанды тарату қажеттілігі.
аукцион түрінде  сауда-саттық өткізу
2
Келесі критерийлер болғанда:
белгіленген заңнамалық мерзімде Нысанды сатудан бюджетке ақша қаражатын алудың қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт аралығында Нысанға мемлекеттік бақылауды сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау, несиегерлік берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар);
ең жоғарғы мүмкіндік бағасы бойынша Нысанды тарату қажеттілігі.
коммерциялық тендер түрінде  сауда-саттық өткізу
3
Келесі критерийлер болғанда:
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт аралығында Нысанға мемлекеттік бақылауды сақтау қажеттілігі (жаңаны құруға бағытталған инвестицияларды салу, қолданыстағы өндірістер мен басқа да шарттарды кеңейту немесе жаңарту);
тиімді инвестициялық бағдарламасы бар инвесторларды тарту қажеттілігі.
инвестициялық тендер түрінде  сауда-саттық өткізу
4
Келесі критерийлер болғанда:
Сенімді басқарушының, жалдаушының (жалға алушы) кейінгі жерде сатып алу құқығы бар сенімді басқару, мүлікті жалға алушының шарт талаптарын орындауына белгілі бір уақыт аралығында Нысанға мемлекеттік бақылауды сақтау қажеттілігі.
тура адрестік сату
5
Келесі критерийлер болғанда:
Бұдан әрі оларды бақылауға мемлекеттің қызығушылығы болмаған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды тарату;
белгіленген заңнамалық мерзімде Нысанды сатудан бюджетке ақша қаражатын алудың қажеттілігі.
қор биржасында  сауда-саттық өткізу

Қолданыстағы