Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Ульба и ее притока реки Бобровка в Глубоковском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Ульба и ее притока реки Бобровка в Глубоковском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Үлбі өзенінің және оның Глубокое ауданындағы Бобровка өзені саласының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылық пайдаланудың режимі белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 14.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2016 83171_165699.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003487
- ЭКБ идентификаторы
- 83171
- Редакция идентификаторы
- 83171_165699
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:48
0 Шығыс Қазақстан облысы Үлбі өзенінің және оның Глубокое ауданындағы Бобровка өзені саласының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы», орыс тіліндегі атауы өзгермейді
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125,145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Оң-Үлбі дөңбектас-құм-қиыршықтас қоспасы кен орнында Оңтүстік қапталдағы карьерге арналған жер учаскесінің тұсындағы Үлбі және Бобровка өзендерінің өзенаралығында су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
Мыналар белгіленсін:
1 1)
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үлбі өзенінің және оның Глубокое ауданындағы Бобровка өзені саласының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2 2)
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үлбі өзенінің және оның Глубокое ауданындағы Бобровка өзені саласының су қорғау аймақтарының аумағында арнайы шаруашылық пайдаланудың режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2 2.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Д.Ә. Тілеубаев) «Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Оң-Үлбі дөңбектас-құм-қиыршықтас қоспасы кен орнында Оңтүстік қапталдағы карьерге арналған жер учаскесінің тұсындағы Үлбі және Бобровка өзендерінің өзенаралығында су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Глубокое ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
4 4.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Су ресурстары жөніндегі
комитетінің су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясының басшысы
Р. Сүлейменов
2014 жылғы « 14 » тамыз
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
басшысы
Ғ. Сүлейменов
2014 жылғы « 14 » тамыз
7 Шығыс Қазақстан облысы Үлбі өзенінің және оның Глубокое ауданындағы Бобровка өзені саласының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 14 » тамыз
№ 214 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Үлбі өзенінің және оның
Глубокое ауданындағы Бобровка өзені саласының су қорғау аймағы
мен су қорғау белдеуі
Су объекті сі,
оның учаскесі
Қаралып отырған учаске,
(шақырым)
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
өзеннің
жағалау сызы ғының
шекара сының ұзын дығы, (км)
алаңы, (га)
орташа ені, (м)
шекара сының ұзын дығы, (км)
алаң, (га)
орташа ені, (м)
Үлбі өзені
0,74
0,74
жағалау сызығында ішкі шекарамен шектелген
өзен аралығы үшін ортақ
520 м негізімен үшбұрыш ты нысан
0,66
2,31
35
Бобровка өзені
0,56
0,56
0,54
1,89
35
Жиыны
1,3
1,3
1,3
1,86
0,0-520
1,2
4,2
35
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Оң-Үлбі дөңбектас-құм-қиыршықтас қоспасы кен орнында Оңтүстік қапталдағы карьерге арналған жер учаскесінің тұсындағы Үлбі және Бобровка өзендерінің өзенаралығында су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.