Об установлении ограничительных мероприятий в населенных пунктах Талды, Акбай-Кызылбай, Сарыобалы, зимовках "Уштобе", "Озен", "Карамолла" сельского округа К. Аманжолов, и в населенном пункте Ынталы, Ынталинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в населенных пунктах Талды, Акбай-Кызылбай, Сарыобалы, зимовках "Уштобе", "Озен", "Карамолла" сельского округа К. Аманжолов, и в населенном пункте Ынталы, Ынталинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Кызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 238
- Қабылданған күні
- 03.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2015 83223_58451.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KM002753
- ЭКБ идентификаторы
- 83223
- Редакция идентификаторы
- 83223_58451
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:40
0 Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Кызылбай,Сарыобалы елді мекендеріне, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы
ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ірі қара және ұсақ малдың және иттердің арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Қ. Аманжолов ауылдық округіндегі Талды, Акбай-Кызылбай, Сарыобалы елді мекендері, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округіндегі Ынталы елді-мекені аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс- шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Токмурзинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қарқаралы
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.Ж. Көпжасаров
2014 жыл 03 қыркүйек