Об определении Перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении Перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 270
- Қабылданған күні
- 21.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2016 83262_155269.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SF002938
- ЭКБ идентификаторы
- 83262
- Редакция идентификаторы
- 83262_155269
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:46
0 Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес анықталсын.
2
2. «Аудандық бюджет қаражаты есебiнен қалалық жағдайда қызметтiң осы түрiмен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзiмiн белгiлеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № 186 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 2 қыркүйекте № 13-6-124 тiркелдi, 2009 жылғы 18 қыркүйекте № 38 (170) «Есіл таңы», 2009 жылғы 18 қыркүйекте № 39 (8447) «Ишим» газеттерiнде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Есіл ауданы әкiмiнiң орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
Төлеген Күпашұлы Мұқашев
2014 жылғы 21 тамыз
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 21 тамыздағы
№ 270 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі
1 1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
1 1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
2 2) барлық мамандықтардың орташа медициналық ұжымы, оның ішінде:
медициналық бике;
емдәм бике;
мамандандырылған медбике;
әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
медициналық зертханашы;
акушер;
тіс дәрігері;
тіс технигі;
рентген зертханашы;
зертханашы;
фармацевт;
фельдшер;
фельдшер(-зертханашы).