Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование элитных семян"

Қаулы · № 50/01 · қабылданған 25.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83334/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование элитных семян" Күшін жойған Қаулы ·№ 50/01 ·25.09.2014
20.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование элитных семян"

Күшін жойған Қаулы ·№ 50/01 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование элитных семян"
Атауы (қаз.)
"Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50/01
Қабылданған күні
25.09.2014
Көрсетілген редакция
20.08.2015 83334_166295.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14K0002773
ЭКБ идентификаторы
83334
Редакция идентификаторы
83334_166295
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:28

0 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына, "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 843 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 Қарағанды облысы әкімдігінің

2014 жылғы 25 қыркүйек
№ 50/01 қаулысымен бекітілді
"Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" № 843 қаулысымен бекітілген "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушымен (не сенімхат бойынша оның өкілімен) ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушімен Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінімдерді және құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 15 (он бес) минуттан артық емес. Нәтижесі – құжаттарды толық көлемде қабылданған құжаттар туралы талонды беру;

2 2) ауданның ведомствоаралық комиссиямен (бұдан әрі - ВАК) көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын тексеруі – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – әрбір тұқым өсіру шаруашылығына (бұдан әрі – тұқымшар) және тұқым тұтынушыға алдын ала квоталарды қалыптастыру;

3 3) ауданның жергілікті атқарушы органы алдын ала квоталарды бекітеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – алдын ала бекітілген квоталар;

4 4) аудан ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызмет берушіге алдын ала бекітілген квоталарды, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгіленген құжаттарды ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушіге квоталарды ұсыну;

5

5) көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тексереді, әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды, және облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – бекітілген квоталар және облыс бойынша жиынтық акті;

6 6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – төлем есепшоттарының тізілімі.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші;

2 2) ВАК;

3 3) ауданның жергілікті атқарушы органы;

4 4) бөлім.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушімен Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінімдерді және құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 15 (он бес) минуттан артық емес;

2 2) ВАК-мен көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын тексеруі – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

3 3) ауданның жергілікті атқарушы органы алдын ала квоталарды бекітеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

4 4) бөлім көрсетілетін қызмет берушіге алдын ала бекітілген квоталарды, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгіленген құжаттарды ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

5 5) көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тексереді, әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды, және облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

6 6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

8 8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

10 10. Осы "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.

35 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау"

мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өту блок-схемасы

36 Шартты белгілер:

"Элиталық тұқымдарды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы