Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по Кербулакскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по Кербулакскому району
- Атауы (қаз.)
- Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 272
- Қабылданған күні
- 06.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2019 83343_432020.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DM002848
- ЭКБ идентификаторы
- 83343
- Редакция идентификаторы
- 83343_432020
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:53
0 Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "06" тамыздағы
"Кербұлақ ауданы бойынша
мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы
төлеу мөлшерін бекіту туралы"
№ 272 қаулысына қосымша
Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Аудан атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)
Кербұлақ ауданы
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар
Мектеп жанындағы толық күн
қатыспайтын шағын орталықтар
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар
Мектеп жанындағы толық күн қатыспайтын шағын орталықтар
422-422
200-475
40-115
16631-18297
8783-9010
3199-2723
кестенің жалғасы
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың бір айға төлемақы мөлшері (теңге)
Бір тірбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар
Мектеп жанындағы толық күн қатыспайтын шағын орталықтар
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар
Мектеп жанындағы толық күн қатыспайтын шағын орталықтар
6700-6760
7000-6000
0-0
12850-19764
7984-8752
0-0