О представлении социальной помощи на приобретение топлива
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О представлении социальной помощи на приобретение топлива
- Атауы (қаз.)
- Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 229
- Қабылданған күні
- 09.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2015 83345_136213.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14LG004764
- ЭКБ идентификаторы
- 83345
- Редакция идентификаторы
- 83345_136213
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:39
0 Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.
2 2.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.