Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам установления требований к документации по кредитованию

Қаулы · № 145 · қабылданған 16.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83391/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам установления требований к документации по кредитованию Күшін жойған Қаулы ·№ 145 ·16.07.2014
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам установления требований к документации по кредитованию

Күшін жойған Қаулы ·№ 145 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам установления требований к документации по кредитованию
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кредиттеу жөніндегі құжаттамаға талаптарды белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
145
Қабылданған күні
16.07.2014
Көрсетілген редакция
01.01.2020 83391_441013.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14Y0009719
ЭКБ идентификаторы
83391
Редакция идентификаторы
83391_441013
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:07

0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кредиттеу жөніндегі құжаттамаға талаптарды белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакциясы:
«11) негізгі борышы уақтылы өтелмеген және сыйақы төленбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және оның мөлшері. Жеке тұлғаға қарыз беру кезінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) шекті мөлшері, сондай-ақ Банктер туралы заңда көзделген есептеу тәртібі көрсетіледі;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Шартпен бірге тараптардың қолдары қойылған қарызды өтеу кестесі беріледі, онда:
шарттың нөмірі мен жасалған күні;
қарыз сомасы мен валютасы;
өтеу күндері және негізгі борышты, сыйақыны өтеу сомасы және олардың жиынтық мәні көрсетілген кезекті төлемдердің мөлшерлері;
келесі өтеу күніндегі негізгі борыштың қалдықтары;
төленуі тиіс негізгі борыш пен сыйақының жалпы жиынтық сомасы және олардың жиынтық мәні;
қарызды өтеу кестесі жасалған күн көрсетіледі.
Сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі шарт бойынша қарызды өтеу кестесі оның берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және шартта белгіленген тәртіпте қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) жіберіледі.
Қарыздың кезекті бөлігін беру қарыз алушының өтініші және қарызды өтеудің қол қойылған кестесі негізінде жүзеге асырылатын кредиттік желі ұсынылған кезде, қарызды өтеу кестесінде осы қаулының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мәліметтер болады.
Егер қарыз алушы (тең қарыз алушы) жеке тұлға болып табылса, қарызды беру күніне жасалған қарызды өтеу кестесінде сондай-ақ қарыз алушының (тең қарыз алушының) таңдаған әдісі туралы белгісі бар банк ұсынған өтеу әдістерінің тізбесі болады.
Қарызды өтеу кестесінен басқа қарыз алушы – жеке тұлғаның арасында жасалатын шартқа осы қаулының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған қол қойылған және банктің мөрімен басылған жадынама қоса беріледі.
Қарыз алушының ақша міндеттемесін сомасын өзгертуіне әкеп соғатын қарыз шартын және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгерткен кезде банк қарызды өтеу кестесі және жаңа талаптар ескере отырып банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлға үшін жадынама жасалады және беріледі.
8-тармақтың және осы тармақтың талаптары бір айдан аспайтын мерзімге қарыз беру туралы шартқа, кредиттік желі аясында төлем карточкасы бойынша берілген шартқа, овердрафт кредитіне, сондай-ақ оның аясында қарыз алу үшін қарыз беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттік желіні ашу туралы келісімге қолданылмайды.»;
10-тармақтың бесінші бөлігі алып тасталсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда қосымшамен толықтырылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынама1

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ұлт­тық Банк Бас­қар­ма­сы­ның
2014 жы­л­ғы 16 шіл­де­де­гі
№ 145 қа­улы­сы­на қо­сым­ша
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы
ұй­ым­да­рын рет­теу мен
қа­да­ға­лау агент­ті­гі
Бас­қар­ма­сы­ның «Банк­тік за­ем
шар­ты­ның мін­дет­ті
та­лап­та­ры­ның тіз­бе­сін бе­кі­ту
және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы
ұй­ым­да­рын рет­теу мен
қа­да­ға­лау агент­ті­гі
Бас­қар­ма­сы­ның «Кре­дит­теу
жө­нін­де­гі құ­жат­та­ма­сын жүр­гі­зу
ере­же­сін бе­кі­ту ту­ра­лы»
2007 жы­л­ғы 23 ақ­пан­да­ғы № 49
қа­улы­сы­на то­лық­ты­ру­лар мен
өзге­рі­стер ен­гі­зу ту­ра­лы»
2011 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы
№ 18 қа­улы­сы­на қо­сым­ша»
Ны­сан
Банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынама1
_________ (күні, айы, жылы) жағдай бойынша
№ ___________ ____________(күні, айы, жылы)
1
Қары­здың жал­пы со­ма­сы және қарыз ва­лю­та­сы
2
Қарыз мер­зі­мі
3
Тө­лем­дер­дің са­ны
4
Сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі­нің тү­рі (бел­гі­лен­ген неме­се құ­был­ма­лы), жыл­дық пай­ы­з­бен сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі­нің мөл­ше­рі
5
Дәй­ек­ті, ти­ім­ді, са­лы­стыр­ма­лы есеп­те­уде­гі сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі­нің мөл­ше­рі
6
Өте­у­ге қа­ты­сты жал­пы со­ма
7
Жиын­тық­ты сый­а­қы со­ма (осы жады­на­ма­ның 6 және 1- тар­мақ­та­рын­да көр­се­ті­л­ген со­ма­лар­дың ай­ыр­ма­сы ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді)
8
Негіз­гі бо­ры­шты уақ­ты­лы өте­ме­ге­ні және сый­а­қы­ны тө­ле­ме­ге­ні үшін тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы (ай­ып­пұл, өсім­пұл) мөл­ше­рі
9
Сақ­тан­ды­ру шар­тта­рын ұзар­ту мер­зі­мі
10
Банк­тік қарыз шар­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ай­ып­пұл, өсім­пұл­дың өзге де түр­ле­рі (оның ішін­де қары­зды мақ­сат­қа сай бай­да­лан­бау, сақ­тан­ды­ру шар­тта­рын өз уа­қы­тын­да ре­сім­де­меу және та­ғы бас­қа)
а)__________________________
(ай­ып­пұл, өсім­пұл ата­уы олар­дың мөл­ше­рі)
б)__________________________
(ай­ып­пұл, өсім­пұл ата­уы олар­дың мөл­ше­рі)
в)__________________________
(ай­ып­пұл, өсім­пұл ата­уы олар­дың мөл­ше­рі)
11
Банк өкі­лі­нің те­гі, аты, бар бол­са әке­сі­нің аты, қо­лы, Банк­тің мө­рі
12
Банк­тік қарыз шар­ты­ның та­лап­та­ры­мен __________ (кү­ні, айы, жы­лы) № ___________қарыз алушы та­ны­сты
13
Те­гі, аты бар бол­са – әке­сі­нің аты, қарыз алушы­ның қо­лы
14
Кү­ні
_________________________________
1Осы Жадынаманың және банктік қарыз шартының арасындағы айырмашылықтар немесе қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда № _____ ____________ (күні, айы, жылы) шарт мәтініне басымдылық беріледі.

Қолданыстағы