Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование элитных семян"

Қаулы · № 292/8 · қабылданған 28.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83421/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование элитных семян" Күшін жойған Қаулы ·№ 292/8 ·28.08.2014
27.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование элитных семян"

Күшін жойған Қаулы ·№ 292/8 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование элитных семян"
Атауы (қаз.)
"Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
292/8
Қабылданған күні
28.08.2014
Көрсетілген редакция
27.08.2015 83421_280538.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14P0004037
ЭКБ идентификаторы
83421
Редакция идентификаторы
83421_280538
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:43

0 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса беріліп отырған "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 тамыздағы
№ 292/8 қаулысымен
бекітілген
"Элиталық тұқымдарды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

4

4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш бергенде, белгіленген нысан бойынша өтініш және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 843 қаулысымен бекітілген "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін негіз болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді – 15 (он бес) минуттан аспайды;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және бұрыштама қояды – 2 (екі) сағаттан аспайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттарды ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) қарауына жібереді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

4 4) ВАК құжаттарды қарайды, бюджеттік субсидиялар алу үшін көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін құрастырады және көрсетілетін қызметті берушіге бекітуге жібереді - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін бекітеді және жауапты орындаушыға жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидиялар төлеу үшін ведомость және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4 4) ВАК.

8

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасының кестесінде, 2-қосымшасының блок-сызбасында келтірілген және 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік қызмет "Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы және "www.egov.kz" электрондық үкімет веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

29 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 тамыздағы
№ 292/8 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің
(іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер
(қызметшілер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер)
реттілігінің сипаттамасы

Іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №
1
2
3
4
5
6
1
Бірліктің атауы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
ВАК
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
2
Іс-әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады
Құжаттарды қарайды
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ре­ді
Құжаттарды қарайды, бюджеттік субсидиялар алу үшін көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін құрастырады
Көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін бекітеді
Суб­си­ди­я­лар тө­леу үшін ве­до­мость және тө­лем шот­та­рын құ­ра­с­ты­ра­ды
3
Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға кү­ні және уа­қы­ты, өті­нім­ді қа­был­да­ған ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның те­гі және аты-жө­ні көр­се­ті­л­ген та­лон бе­ре­ді
бұрыштама қояды
құ­жат­тар­ды ВАК қа­ра­уы­на жі­бе­ре­ді
көрсетілетін қызметті берушіге бекітуге жібереді
жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
аумақ­тық қа­зы­на­шы­лық бө­лім­ше­ге тө­лем шот­та­ры­ның ті­зі­лі­мін ұсы­на­ды
4
Орындалу мерзімі
15 (он бес) минуттан аспайды
2 (екі) сағаттан аспайды
3 (үш) жұмыс күні ішінде
3 (үш) жұмыс күні ішінде
1 (бір) жұмыс күні ішінде
8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні ішін­де

30 Мемлекеттік қызмет көрсетудің әрбір рәсімінің (іс-әрекетінің) ұзақтығын көрсетумен рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігін сипаттаудың блок-сызбасы

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 тамыздағы
№ 292/8 қаулысына
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің әрбір рәсімінің (іс-әрекетінің)
ұзақтығын көрсетумен рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігін
сипаттаудың блок-сызбасы

31 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 тамыздағы
№ 292/8 қаулысына
3-қосымша
"Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер

Қолданыстағы