Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О погашении товарного кредита в республиканский бюджет за оборудование по производству детского питания

Өзге акт · № б/н · қабылданған 19.01.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8347/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О погашении товарного кредита в республиканский бюджет за оборудование по производству детского питания Күшін жойған 19.01.2001 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О погашении товарного кредита в республиканский бюджет за оборудование по производству детского питания

Күшін жойған Өзге акт № б/н 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О погашении товарного кредита в республиканский бюджет за оборудование по производству детского питания
Атауы (қаз.)
Балалар тағамдарын шығару жөнiндегi қондырғы үшiн республикалық бюджетке тауар кредитiн өтеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
б/н
Қабылданған күні
19.01.2001
Көрсетілген редакция
19.01.2001 8347_278704.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V01R000292_
ЭКБ идентификаторы
8347
Редакция идентификаторы
8347_278704
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:02
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Балалар тағамдарын шығару жөнiндегi қондырғы үшiн республикалық бюджетке тауар кредитiн өтеу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXXV сессиясының 08.07.2011 № 456 шешімімен.
"Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Балалар тағамдарын шығаруға арналған қондырғыларды Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы" 2000 жылғы 4 тамыздағы № 1190 Қаулысына, Алматы қаласы Әкiмiнiң "Бөбек" балалар тағамдарын шығару жөнiндегi зауыты" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын құру туралы" 2000 жылғы 16 қарашадағы № 1071 шешiмiне сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алматы қаласының Әкiмiне 18640250 (он сегiз миллион алты жүз қырық мың екi жүз елу) АҚШ доллары (теңге бағамы бойынша) көлемiнде тауар кредитi нысанында (балалар тағамдарын шығаруға арналған қондырғы) Республикалық бюджеттен қаражат тартуға рұқсат етiлсiн.

2. 2004-2010 жылдардағы Алматы қаласының бюджетiнде 18640250 (он сегiз миллион алты жүз қырық мың екi жүз елу) АҚШ доллары (теңге бағамы бойынша) сомасындағы займды қайтару және оған қызмет көрсету бойынша мiндеттеменi өтеу кестесiне, Алматы қаласының Әкiмi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi арасындағы қаражат тарту туралы кредиттiк келiсiмде қарастырылған шарттарға және тәртiптерге сәйкес қаражат қарастырсын, қоса беріліп отыр.

3. Алматы қаласының Әкiмi қондырғыны және "Бөбек" балалар тағамдарын шығару жөніндегі зауыты" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы тауар кредитті үшін толық есеп айырысқанға дейін коммуналдық меншікте сақтау бойынша қажеттi шаралар қабылдасын.

4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.И. Шелипанов) және Алматы қаласының Әкiмiнiң бiрiншi орынбасарына Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.

5 II-сайланған Алматы қалалық

Мәслихаты VIII-шi сессиясының
2001 жылы 19 қаңтардағы
қосымша
Балалар тағамдарын шығару жөнiндегi қондырғы
үшiн республикалық бюджетке 18640250
АҚШ доллары көлемiндегi
тауар кредитiн өтеу кестесi
жылдары
Млн. АҚШ доллары көлемiндегi кредиттi өтеудiң жылдық сомасы
өтеу көздері
2001-
2003
Пайдалануға беру, жобалық қуаттылыққа шығу
"Бөбек" балалар тағамдарын шығару жөнiндегi зауыт", коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорыны
2004
1,6
2005
2,0
2006
2,7
2007
3,0
2008
3,0
2009
3,0
2010
3,340250
Жиыны:
18,640250