Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Ямышевского сельского округа Лебяжинского района

Ереже · № 3/36 · қабылданған 24.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83474/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Ямышевского сельского округа Лебяжинского района Күшін жойған Ереже ·№ 3/36 ·24.09.2014
24.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Ямышевского сельского округа Лебяжинского района

Күшін жойған Ереже ·№ 3/36 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Ямышевского сельского округа Лебяжинского района
Атауы (қаз.)
Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/36
Қабылданған күні
24.09.2014
Көрсетілген редакция
24.07.2020 83474_477184.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PI004044
ЭКБ идентификаторы
83474
Редакция идентификаторы
83474_477184
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:30

0 Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2 2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 3 (үш) % мөлшерде бекітілсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

Лебяжі аудандық мәслихатының
(V сайланған ХXXVI (кезектен тыс)
сессиясы) 2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 3/36 шешімімен
Бекітілген
Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Ямышев ауылдық округінің әкімі шақырады.

Лебяжі ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Ямышев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лебяжі ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Ямышев ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы