Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Жамбылского сельского округа Лебяжинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Жамбылского сельского округа Лебяжинского района
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5/36
- Қабылданған күні
- 24.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2020 83479_476632.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PI004048
- ЭКБ идентификаторы
- 83479
- Редакция идентификаторы
- 83479_476632
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:29
0 Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2 2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерде бекітілсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
Лебяжі аудандық мәслихатының
(V сайланған ХXXVI (кезектен тыс)
сессиясы) 2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 5/36 шешімімен
Бекітілген
Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Жамбыл ауылдық округінің әкімі шақырады.
Лебяжі ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Жамбыл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лебяжі ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.