Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Кенесского сельского округа Павлодарского района

Ереже · № 39/276 · қабылданған 24.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83501/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Кенесского сельского округа Павлодарского района Күшін жойған Ереже ·№ 39/276 ·24.09.2014
21.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Кенесского сельского округа Павлодарского района

Күшін жойған Ереже ·№ 39/276 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Кенесского сельского округа Павлодарского района
Атауы (қаз.)
Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39/276
Қабылданған күні
24.09.2014
Көрсетілген редакция
21.04.2021 83501_522729.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PK004060
ЭКБ идентификаторы
83501
Редакция идентификаторы
83501_522729
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:30

0 Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санының 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

Павлодар аудандық мәслихатының
(5 сайланған 39 кезекті сессиясының)
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 39/276 шешімімен
бекітілген
Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Кеңес ауылдық округі) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Кеңес ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Кеңес ауылдық округінің әкімі шақырады.

Павлодар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Кеңес ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Кеңес ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Кеңес ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Кеңес ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Кеңес ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Кеңес ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Кеңес ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы